Елбасы Жолдауы – ұлт темірқазығы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 23 ноября, печатный экземпляр отправим 27 ноября.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Тажикова, Ж. Ж. Елбасы Жолдауы – ұлт темірқазығы / Ж. Ж. Тажикова, К. А. Календарова, А. К. Калжанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 14.1 (200.1). — С. 19-20. — URL: https://moluch.ru/archive/200/49090/ (дата обращения: 09.11.2024).



Әрбір тарихи даму кезеңінде өзіндік идеясы болмайтын ұлт жоқ және де кең ауқымдар адамдар тобының санасы мен жүрегін жаулап алуда ешбір идея тиімділігі жағынан ұлттық идеямен теңдесе алмайты анық. Ұлттық идея-ұлттың сол тарихи кезінде өзін-өзі тануынан көрініс табатын ұлттық санада басымдаққа ие көзқарастар. Ал белгілі мақсат-мүдде, мұратсыз ұлт ұлт болып қалыптасуы да, сақталып қалуыда мүмкін емес.

Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мұраттарға қол жеткізді. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел, – деді Президент. Қазақстан Республикасының Конституциясында атап көрсетілгендей демократиялық, құқықтық мемлекетіміздің басты темірқазығы – Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауы деп айтуға толық негіз бар. Елбасы Н.Ә. Назарбаев әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатындағы Қазақстан халқына жариялаған «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында – «Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жахандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы, бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін [1]. Болашақта ұлттың табысты болуы үшін оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық сол арқылы тұтас ұлт XXI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек, оның компьютерлік сауаттылығы, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында», – деген болатын. XXI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болу мақсатында «Болашақ» университеті колледжінің оқытушылары арнайы пәндерге электронды оқулықтар дайындау үстінде, онда дәрістер, сұрақтар, зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар, технологиялық тірек сызбалар, карталар, презентациялар, көрнекілік материалдар, таспалар, тесттер болады. «Қазақстан-2050» Стратегиясында : біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс және білім беруді жаңа инновациялық жолмен дамыту болып отыр [2]. Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заныңда білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған оқу үдірісі, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, білім беруді одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [3].

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауда іргесі берік мемлекеттілігіміз бен тәуелсіздігімізді нығайту бағытындағы басты міндеттер жарияланған.

Қазақстан Республикасының Презинденті Н. Назарбаев «Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді», – дей келе, жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін атап көрсетті [4]. Басты 10 міндетті шешуге жұмылуға шақырды. Олар: Индустрияландыру, жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, «Ақылды технологиялар» -агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын «қайта жаңғырту», адами капитал-жаңғыру негізі, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі, «Ақылды қалалар», «ақылды ұлт» үшін делінген.

Еліміздің келешегінің кемел болуы, гүлденіп өркендеуі қазіргі жастарға, олардың білім деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты. Міне сондықтан да Елбасымыз қазақстандарға білім берудің жаңа сапасына көшуді тапсырған болатын. Елбасы атап көрсеткендей, жас мемлекетіміздің болашағы бүгінгі мектептегі жас буын өкілдерінен басталады. Оларға осындай талап қою арқылы дамыған алдыңғы қатарлы отыз елдің қатарына мықтап кіру. Ел болашағының дамуы нақты өз жастарымыздың қолында тұрғаны сөзсіз десек, сол жастарды тәрбиелейтін ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктеледі. Осы орайда Жолдаудан туындайтын жетінші міндет ретінде білім саласына, білім берудің жаңа сапасына баса мән берілген. Оның дәлелі – педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты интернетке қосу, «баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырыс барысында халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін жариялады [5]. Онда әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие көлемін көбейту, сондай-ақ елді газбен қамтамасыз ету ісін жалғастыру жөніндегі бастамалар қамтылған. Елбасы әлеуметтік жаңғыру жолында жаңа, ауқымды қадамдар арқылы елдің игілігіне арналған ұтымды оптимистік жобаға тоқтала отырып, мемлекетін қорғайтын, қолдайтын,елін жан жүрегімен сүйетін, патриоттық танытатын өздеріне сенімді адамдардың мекені – өркендеген Қазақстан үшін аянбай еңбек етуге шақырады.

Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз-ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйытқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті,жоғары мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбелейтінімізге нық сенімдімін. Ел мен жердің иесі ретінде ұлы жауапкершілікті сезініп, барша ұлыстардың ұйытқысы болып, өзгеге өнеге көрсете отырып, қасиетті Қазақстанымызды дамытуға тың міндеттерді тындырымды жұмысқа біріге отырып, балталасада бұзылмайтын ауызбіршілікте болып, табыстарға еселеп жете берейік.

Әдебиет:

  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. – Егемен Қазақстан. – 2012. – 14 желтоқсан.
  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы. – Алматы, 2010.
  3. Садуова Ж. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану // Білім. – 2006. – № 5.
  4. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру // Егемен Қазақстан. 2017. – 12 сәуір.
  5. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі // Сыр бойы. – 2018. – 6 наурыз.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Задать вопрос