Қазақстанда жаңа құрылымдық аймақтық экономикалық саясатын қалыптастыруды дамыту бағыттары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Дандаева, Б. М. Қазақстанда жаңа құрылымдық аймақтық экономикалық саясатын қалыптастыруды дамыту бағыттары / Б. М. Дандаева, А. Р. Калымбетова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 5.1 (191.1). — С. 22-25. — URL: https://moluch.ru/archive/191/48236/ (дата обращения: 25.04.2024).



Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу арқылы жоғары сапалы білім беру, ақпараттық және көлік қызметтерін ұсыну, бәсекелестікті арттыру, шетелдік инвесторлар үшін тартымды жағдай жасау есебінен адами капиталды дамытуды және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.

Қазақстанның әлемнің ең дамыған отыз мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі жоғарыда аталған бағыттарды іске асыру үшін елдің ұзақ мерзімді дамуының мынадай басты көрсеткіштері айқындалып отыр. Мұнда 2050 жылға қарай әлемдік экономика қалыпты өскен жағдайда Қазақстанда жан басына шаққанда ІЖӨ 12 мыңнан 60 мың АҚШ долларына дейін өседі. Бұл үшін 4,3% деңгейінде орташа жылдық өсу қарқынына қол жеткізу қажет[1].

Экономикадағы құрылымдық өзгерістер ІЖӨ құрылымындағы мұнай емес экспорттың үлесін 32%-дан 70%-ға дейін ұлғайту үшін жағдай жасайды, бұл экономиканың шикізат тауарлары бағасының құбылуына тәуелділігін төмендетуге және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Елдің экономикалық дамуында шағын және орта бизнес басты рөл атқаратын болады. Инфрақұрылымды жаңғырту және адами капиталға инвестицияларды ұлғайту, бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау ІЖӨ құрылымындағы ШОБ үлесін 50 %-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Әл-ауқаттың артуымен, саламатты өмір сүру салтын нығайтумен және медицинаны дамытумен халықтың болжалды өмір сүру ұзақтығы 2050 жылға қарай 84 жасқа дейін ұлғаяды.

2016 жылы Қазақстан ДСҰ секілді әлемдік алпауыт ұйымның жаңа мүшесі ретінде жаңа құқықтық-саудалық режимге көшеді. Жаһандық дағдарыстың жаңа жағдайларында экономикалық өсімді құлдыратпау үшін атқарушы биліктен бұрынғыдан да белсенділік талап етілетіні де анық.

Еліміздің дамуы үшін Мемлекет басшысы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында жаһандық дағдарыстың жаңа жағдайларында Қазақстан дамуының стратегиялық бағыттарын айқындап берген болатын. Елдің дамуына кедергілерді жойып, жаңа мүмкіндіктерді іздестіру жөнінде де нақты міндеттер қойылды. Соның аясында Қазақстан 2016 жылдан бастап нақты іске асатын реформалардың заңдық негізін қалады. 2016 жылдан бастап ұзақ мерзімді, орта мерзімді және таяу перспективаға арналған іс-қимыл жоспарының өзегі ретінде «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспары нақты көрініс ала бастады[2].

Doing Business Дүниежүзілік банкінің Индексінде Қазақстанның рейтингін одан әрі жақсарту үшін кәсіпкерлікке барынша қолайлы жағдай жасау үшін заңнамалық өзгерістердің екінші пакеті дайындалды. Экономиканы қаржыландыру үшін МЖК тетіктерін қолдану кеңейтілетін болады. Сондай-ақ, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жаңғырту үшін ЭЫДҰ мемлекеттік басқару саласындағы озық стандарттарын енгізу жоспарланған болатын[3].

Бүгіндегі жағдай ол әрбір аймақтың экономикалық-әлеуметтік мәселелерді шеше отырып, біркелкі экономикалық мәселелерді шешу, осы сфералардың қандай да бірінің жағдайының төмендеуі мен шиеленісуі, келесінің құлдырауына алып келеді. Аймақтың экономикалық жүйесі толығымен қызмет етуі, облыста экономикалық, әлеуметтік және экологиялық сфералардың жиынтығы арқылы халықты өмірде материалдық және материалдық емес өнімдермен қамтамасыз етуі қалыптастырады[4].

Әлеуметтік экономикалық жағдайды талдау өндіріс қуатының жағдайы, экономика дамуының ішкі және сыртқы тенденциялары, мемлекеттік реттеушілер жүйесі жұмысының нәтижелігі мен әрекеттілігін, өндіргіш күштердің сапалылығы мен оның дамуы сонымен бірге осыларға әсер етуші процесттерді айқындап оның әлемдік экономиканың дамуымен салыстыра көрсету қажет. Әлеуметтік әкономикалық дамудың тұжырымдамасы әлеуметтік – әкономикалық саясаттың стратегиялық мақсаты мен міндеттерін, басым бағыттырын, сондай-ақ оларға жету жолындағы ұлттық бағдарламалар тізбесін анықтайды[5].

Макроэкономиканың негізгі көрсеткіштері арқылы экономикалық өсудің қарқыны, қоғамдық өндірістің құрлымы, халық шаруашылығының негізгі тепе теңдіктері, мемлекеттің, кәсіпорынның және халықтық қаржылығы бағаланып, болжанады.

Ұлттық бағдарламалар әлеуметтік – экономикалық стратегияны және оның дамуын жүзеге асыруды мемлекеттік реттеуді ұлттық мақсат пен міндеттерге сәйкес жүргізуге көмектеседі. Директивті және индикативті әдістің қосындысы ретінде ұлттық бағдарламалар кешенді шаралар жүргізетін жоспарлы құжат болып табылады. Онда ресурстар, орындаушылар және орындалу мерзімі, түрлі салалар мен қожалық етуші субъектілер меншіктің түріне қарай бір біріне сәйкестендіріліп байланыста қарастырылады. Ұлттық бағдарламалар әлеуметтік- экономикалық, ғылыми – техникалық, экологиялық және басқа да көкейтесті проблемаларды шешу арқылы тиімділігі жоғары ұлттық экономиканы қалыптастыруға бағытталады. Олар алға қойған мақсатқа толық жетуге қажетті мерзімді қамтиды[6].

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша экономиканың өсуін ынталандыру үшін 2014-2015 жылдарға арнап Ұлттық қордан 1 трлн.теңге бөлу негізгі қаржыландыру көздерінің біріне айналды. 2014 жылы 500 млрд. теңге бөлінді, оның 100 млрд.теңге сомасы шағын және орта бизнесті қолдау мен кредиттеуге, 250 млрд. теңге – банк секторын сауықтыруға, 150 млрд. теңге – Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға бағытталған болатын. Жұмыспен қамтудың 2020 жылға дейінгі жол картасы жұмыспен қамтудың өсуін ынталандыру мен қолдаудың маңызды құралы болып табылады, оны қаржыландыру 2016 жылға 97,7 млрд. теңге көлемінде бөлінді[7].

Бүгінде экономиканың қо­сым­ша өсу көзі көлеңкелі эко­номиканың көлемін төмендету болып табылады. Көлеңкелі экономикаға қар­сы күрес жөніндегі көкейкес­тілендірілген жоспар көлеңкелі экономиканың үлесі неғұрлым жоғары экономика салаларында оны азайтуға назар аудара отырып іске асырыла бастайды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жыл­дың 1 маусымына дейін қар­жы капиталын заңдастыру бойынша заңнама әзірленетін болады. Ағымдағы жылғы қыркүйекке дейін «қазіргі заманғы сауда нысаны» ұғымы анықтамасының нақты критерийлерін айқын­дайтын, 2018 жылдан бастап осы критерийлерге сәйкес келмейтін сауда объектілерін пайдалануға тыйым салуды енгізе отырып, заң жобасы әзірленетін болады. Сондықтан, Қазақстан аймақтарында белгіленген мерзімде мынадай міндеттерді шешу керек: денсаулық сақтауды дамыту, халықтың білім деңгейі мен кәсіби біліктілігін арттыру, минералды ресурстарды өндіруге инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігі мен оның тиімділігін арттыруға жағдай жасау, ауылдың өндіріс және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту деңгейін жақсарту, кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту.

Сондықтан, Үкімет пен Ұлттық банк 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын бекіткен болатын. Президент құптаған Дағдарысқа қарсы басты бағдарлама маңызды үш бағыттан тұрады, олар: Біріншіден – экономикалық өсім. Екіншіден – экономиканың, қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ететін реформалар. Үшіншіден – қоғамның барлық салаларын үздіксіз жаңғырту жолымен дамыту. Тұтастай алғанда ел экономикасын одан әрі дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруда Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша 2016-2018 жылдарға арналған Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары маңызды және шешуші қадам болып табылады. Дағдарысқа қарсы жоспар қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекені ынталандыру, инвестициялық және әлеуметтік саясат жөніндегі шараларды, сондай-ақ, 100 нақты қадам – Ұлт жоспары шеңберінде реформаларды тереңдету жөніндегі шараларды қамтып отыр[8].

Осыған байланысты Үкіметтің 2016 жылы экономиканы дамыту саясатының жүргізген бағыттарына жеке тоқталып өтетін болсам, біріншіден, қаржы секторын тұрақтандыру болатын. Мұнда Ұлттық Банк пен Үкіметтің орта мерзімді перспективадағы негізгі мақсаты инфляцияны 2016-2017 жылдары 6-8 пайызға дейін, 2018 жылы 5-7 пайызға дейін, 2019 жылы 4-6 пайызға дейін және 2020 жылы 3-4 пайызға дейін төмендету көзделген. Осыған байланысты, 2016 жылғы сәуірде базалық пайыздық мөлшерлемені икемді өзгерту тетігі енгізілді. Бұл баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге және инфляция деңгейін төмендетуге бағытталады. «Мұндай қадам ақша-кредит саясаты операцияларының тиімділігін арттыруға және оның ақша нарығының мөлшерлемелеріне ықпалын күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Үкімет жұмыс істемейтін кредиттер тұрғысынан банк секторының барлық субъектілеріне жүргізілген күйзеліс-тестілеудің нәтижелері бойынша қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 2016 жылғы қыркүйекке дейін оларды мойындау және есептен шығару жөніндегі шаралар қабылданды.

Екіншіден, бюджет саясатын оңтайландыру. Мұнда мемлекеттік шығыстарды қатаң үнемдеу, олардың тиімділігін арттыру және Ұлттық қордың қаражатын ұтымды пайдалану бюджет саясатының негізгі мақсаттарына айналады. Осыған байланысты, 2016 жылғы сәуірге дейін Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасының және Бюджет кодексінің жобалары жаңа редакцияда әзірленді. Сонымен қатар, 2016 жылғы наурызға дейін Бюджет кодексіне қолма-қол ақша тапшылығын жабу үшін жергілікті атқарушы органдардың үш жылға дейінгі мерзімге Үкіметтен қарыз алуын көздейтін толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар, Үкімет бюджеттен күрделі шығындарды қаржыландырудың сервистік моделін қолдану мүмкіндігі үшін 2016 жылғы наурызға дейін үлгілік сервистік келісімшартты әзірледі. Ал салық жүйесін түбегейлі реформалау мақсатында қосылған құн салығының орнына сатудан түсетін салықты енгізуді, салық режимдерін үш деңгейге дейін оңтайландыруды, тиімсіз салықтық жеңілдіктерді жоюды, сондай-ақ салық саласының ашықтығы мен салықтық әкімшілендіру тиімділігін арттыруды көздейтін біріктірілген Салық және Кеден кодексінің жобасы 2016 жылғы 1 қыркүйекке дейін Парламентке енгізілді.

Үшіншіден, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру. Үкімет 2015 жылы 22 желтоқсанда Yellow Pages Rules қағидаттарына сәйкес акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар жүзеге асыра алатын қызмет түрлерінің тізбесін бекіткен болатын. 2016-2017 жылдары табиғи монополиялардың базалық субъектілері шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмысқа көшірілді.

Демек, бүгінгідей әлемдік күрделі ахуал қалыптасқан заманда ішкі өсімді тұрақты ұстаумен қатар сыртқы факторларға да лайықты төтеп беру маңыздырақ. Жаңа экономикалық бағыттағы шаралар еліміздің көптеген аймақтарында экономикалық құрылымдық өзгерістеріне серпіліс беріп, экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Сондықтан, Үкімет бекіткен жоспармен қоса «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасы, «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру ең алдымен экономиканы одан әрі дамытуға және халқымызды әлеуметтік жағынан қолдауды сақтап қалуға бағытталып отыр.

Әдебиет:

  1. Дағдарыс тұсында да жағдайымыз қанағаттанарлық. Kazinform.kz АСТАНА. ҚазАқпарат
  2. Елбасы тапсырмаларының түпкі мақсаты – қарапайым адамның әл-ауқаты мен тұрмысының тұрақтылығы. Kazinform. 21 мамыр 2015, Қанат Мәметқазыұлы kz АСТАНА. ҚазАқпарат
  3. Қазақстанның бәсекеқабілеттілік деңгейін талдау. Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп. Астана, 2012ж.
  4. Реформирование экономики Казахстана: проблемы и их решение /Под ред. М.Б. Кенжегузина. Алматы-2002.
  5. Казахстанская модель рыночных преобразований: социально-экономические и правовые аспекты. Аубакиров Я.Ф., Байжумаев Б.Б., Жатканбаев Е.Б. и др. Алматы – 2001.
  6. Ашимбаева А.Т. Структура экономики: закономерности формирования, тенденции и приоритеты развития. Алматы, Дайк-Пресс, 2000.
  7. «Нұрлы Жол» бағдарламасы инфрақұрылымды дамыту арқылы экономикалық өсімді ынталандырады. Июля 2015, Қанат Мәметқазыұлы Kazinform.kz АСТАНА. ҚазАқпарат
  8. Үкімет пен ҚР Ұлттық банкі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары. 8 Желтоқсан 2015, Kazinform.kz АСТАНА. ҚазАқпарат
Основные термины (генерируются автоматически): мена, АСТАНА, Бюджет, пена.


Похожие статьи

Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін құру

Қаржылық есептілікті жасаған кезде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен...

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім. Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Рахымжанова Н.И., М.Баттал Р. Менің Қазақстаным. - Астана баспасы, 2001.

ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бюджетаралық...

Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджеттік процесс пен коммуналдық меншікті басқарудағы өкілеттіктерін кеңейту мәселесі

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі, Астана, 2008 ж.

ҚР Жұмыссыздық мәселелері және оны шешу жолдары

Қазақстан Республикасында есеп беру кезеңінің аяғында тіркелген жастар арасындағы жұмыссыздық, жұмыспен қамту органдарында тіркелген барлық жұмыссыздар санына шаққандағы үлесінің өзгеруі (Астана мен Алматы қалалары...

Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау

Басқа сипатты сәттерге облыстар ішіндегі стагнациялық периферияларды, кедейшілік пен

5. Республикалық маңызы бар Алматы және Астана қалалары — бұл тұтыну орталықтары.

Өңірдің инвестициялық тартымдылығы мен инвестициялық белсенділігін, сонымен бірге...

Факультативтік курс «Мен — азаматпын» | Статья в журнале...

Факультативтік курс «Мен — азаматпын». Автор: Мамельбаева Гульсара Сайлаубаевна. Рубрика: Социология.

Астана-бас қала. 1.

Ұлтаралық тұрақтылық, татулық және келісім-Қазақстанның...

Ұлттар мен ұлыстар арасындағы достықты, түсіністік пен келісімді, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға қызмет етеді. Құқықтық мемлекет құруға негіз қалап этникалық ерекшелікке қарамай, тұрмыстың ортақ жағдайы мен туысқандық ынтымақтастық...

Выбор пенообразователя и стабилизатора при получении...

В статье приводятся экспериментальные данные по влиянию пенообразователей и стабилизаторов на технологические свойства пены при получении материалов ячеистой структуры.

Похожие статьи

Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін құру

Қаржылық есептілікті жасаған кезде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен...

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім. Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Рахымжанова Н.И., М.Баттал Р. Менің Қазақстаным. - Астана баспасы, 2001.

ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бюджетаралық...

Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджеттік процесс пен коммуналдық меншікті басқарудағы өкілеттіктерін кеңейту мәселесі

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі, Астана, 2008 ж.

ҚР Жұмыссыздық мәселелері және оны шешу жолдары

Қазақстан Республикасында есеп беру кезеңінің аяғында тіркелген жастар арасындағы жұмыссыздық, жұмыспен қамту органдарында тіркелген барлық жұмыссыздар санына шаққандағы үлесінің өзгеруі (Астана мен Алматы қалалары...

Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау

Басқа сипатты сәттерге облыстар ішіндегі стагнациялық периферияларды, кедейшілік пен

5. Республикалық маңызы бар Алматы және Астана қалалары — бұл тұтыну орталықтары.

Өңірдің инвестициялық тартымдылығы мен инвестициялық белсенділігін, сонымен бірге...

Факультативтік курс «Мен — азаматпын» | Статья в журнале...

Факультативтік курс «Мен — азаматпын». Автор: Мамельбаева Гульсара Сайлаубаевна. Рубрика: Социология.

Астана-бас қала. 1.

Ұлтаралық тұрақтылық, татулық және келісім-Қазақстанның...

Ұлттар мен ұлыстар арасындағы достықты, түсіністік пен келісімді, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға қызмет етеді. Құқықтық мемлекет құруға негіз қалап этникалық ерекшелікке қарамай, тұрмыстың ортақ жағдайы мен туысқандық ынтымақтастық...

Выбор пенообразователя и стабилизатора при получении...

В статье приводятся экспериментальные данные по влиянию пенообразователей и стабилизаторов на технологические свойства пены при получении материалов ячеистой структуры.

Задать вопрос