Инвестициялардың құрылымын және оның әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін болжамдау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Баймуратов, С. Ж. Инвестициялардың құрылымын және оның әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін болжамдау / С. Ж. Баймуратов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 5.1 (191.1). — С. 20-22. — URL: https://moluch.ru/archive/191/48235/ (дата обращения: 24.04.2024).



Инвестициялардың және басқа да экономикалық көрсеткіштердің өзгеру индекстерін салыстырудың басты мақсаты – күрделі жұмсалымдарды бөлуде, оларды пайдалану тиімділігі деңгейінде қалыптасқан аймақтың экономикасының жалпы даму үрдістерін анықтау.

Нақты мәліметтер жеткілікті болған жағдайда белгілі бір уақыт кезеңіндегі инвестициялардың жағдайын сипаттайтын алдыңғы экономикалық көрсеткіштерді әдістемелік тұрғыдан есептеу қиыншылық туғызбайды. Олардың деңгейін табу, салыстырмалы операциялар жүргізу, көрсеткіштердің өзгеруіне әкелетін факторларды сандық тұрғыдан анықтау – экономикалық талдаудың міндетті шарты болып табылады. Соңғы көрсеткіштердің сипаттамасы жоспарлауда, инвестициялардың жағдайының негізгі өлшеуіштерінің болжамдық бағаларын құруда қолданылуы мүмкін.

Саладағы орын алып отырған экономикалық процестерді үлгілеу ерекше теориялық қызығушылық пен тәжірибелік маңызға ие. Болып жатқан өзгерістерді нақты сипаттауға қабілетті үлгілер құру күрделі процес болып табылады. Себебі ол әртүрлі мақсаттар үшін тәжірибеде пайдаланатын көптеген талдау процестеріне тәуелді.

Үлгілеу экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштер мен оларға әсер ететін байланыстар арасындағы біржақты және көпжақты да себептік байланыстарды бейнелейді. Бұл байланыстар тікелей, жанама және кері, оң және теріс болуы мүмкін. Үлгілеуде, әсіресе эконометриялық үлгілеуде байланыстар статистикалық берілгендерді математикалық жолмен өңдеу арқылы алынады. Байланыстардың сипаты мен түрі эмпирикалық (тәжірибелік) және құрылымдық экономикалық теория негізінде алынады. Үлгілеу экономикалық көрсеткіштерге әсер ететін факторлар, олардың үздіксіз сондай ақ жоғары қарқынды өзгеруін ескертуге мүмкіндік береді. Ол берілген мақсаттарға жету үшін шаралар жасаумен байланысты белсенді және белсенді емес болжауға жарамды болады.

Үлгілеу айнымалылардың себептік түсіндірілуін әр түрлі дәрежесін және сәйкесінше нүктелік, стохастикалық, интервалдық бағасын бере алады. Үлгілеу енді басталып келе жатқан қалыптасып қоймаған процестерді болжауға мүмкіндік береді. Ол қысқа және орта сондай ақ ұзақ мерзімді болжауға да қолданылады.

Үлгілеу экономикалық құбылыстарды терең түсінуді, болжауды топпен жасауды, күрделі және кешенді күрделі және кешенді математикалық аппаратты қолдануды, көптеген құралдар мен техникаларды қолдануды талап етеді.

Үлгілеу әдісінің тағы бір артықшылығы онда математикалық аппарат кеңінен қолданылады. Экономикада математиканы қолдану – біріншідең, ең маңызды экономикалық айнымалылар мен объектілердін байланыстарын тауып ресімдеуге мүмкіндік береді, ал ол өз жағынан күрделі объектілерді зерттеуді жеңілдетеді.

Екіншіден, нақты құрастырылған алғашқы берілгендерден дедукция әдісімен зерттелетін объектіге адекватты қорытындылар алуға болады.

Үшіншіден, математика және статистика әдістері индуктивті жолмен объект туралы жаңа мәліметтерді алуға, атап айтқанда айнымалыларды алынған мәліметтерге айтарлықтай сәйкес келетін формалар мен параметрлерді бағалауға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, статистика және математика әдістерін қолдану - анықталған мерзімге экономикалық категорияларды болжау жасайтын үлгілерді алуға болады. Әдетте қандай да болсын үлгі абстракты және толық емес болады. Қарастырылып отырған объектінің өзгеру заңдылығы түсіндіретін негізгі факторлар ерекшеленеді. Аз әсер ететін бірақ жиынтығында жай ғана ауытқулар емес сондай ақ объект өзгерісін тудыратын ұсақ факторлардан абстракцияланады.

Экономикалық үлгілерде нақты ескерілмеген факторлар қарастырылып отырған аспектіде объектіге аз әсер етеді деп алынады. Үлгідегі айнымалылардың барлық байланыстары сандық түрде анықталады, ол сенімді және сапалы болжам алуға мүмкіндік береді. Кез келген экономикалық субъект үшіні белгілі жағдайды болжау ең алдымен тиімсіздіктерді болдырмау немесе ең жақсы нәтижелерді алуды білдіреді.

Инвестициялау процесінің басымды көрсеткіштері арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды айқындауды мақсат тұтатын экономикалық-математикалық үлгілерді құруға ұмтылыстар нақты көрсеткіштердің жобаланған тапсырмалардан ауытқуымен байланысты қиыншылықтарға жиі тап болады.

Сондықтан да, қалыптасқан жағдайда экономикалық-математикалық үлгі келесі талаптарға жауап беретін мәліметтер топтамасына негізделуі шарт: біріншіден, зерттеу обьектісінің нақты мәліметтер динамикасын көрсететін болуы керек; ал екіншіден, инвечтициялардың тиімділігін арттыруға бағытталған кейбір шараларды жүзеге асыру барысында түзетуге болатын жұмысты тиімсіз ұйымдастыру нәтижесінде орын алатын нақты жоғалтулар мөлшерін көрсетуі тиіс.

Ұсынылған шешім үлгінің жекелеген құраушы элементтерін түзету жолымен жекелеген экономикалық көрсеткіштердің болжамды маңыздылығын құруды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар, нақты берілген шарттарды орындауда қол жеткізу мүмкіндігін аталмыш кезеңде негіздеуге арқау бола алады.

Болжамдаудың экономикалық, ғылыми-техникалық және басқа да бағыттары алынған нәтижелердің туралығымен және пайдалану көлемімен анықталатын күрделілік дәрежесі сипаттамасына, пайдалану тәсілдеріне негізделеді.

Отандық және шетелдік зерттеулердегі болжамдар құру тәжірибесі көрсетіп отырғандай, болжамдаудың дербес ғылыми пән ретінде дамуы кезеңінде қысқа, орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған зерттеу обьектілерінің қажетті мөлшерлемелерін әртүрлі дәлдікпен анықтауға мүмкіндік беретін 150-ден астам тәсілдер мен әдістер жасалынған. Кейбір авторлар тәсілдерді формализациялық деңгейі бойынша интуитивті және формализацияланған деп бөлуді ұсынады. Интуитивті болжамдауды болжамдау обьектісі өте қарапайым кезде немесе көптеген факторлардың әсерін іс жүзінде талдап, есепке алу мүмкін емес күрделі болғанда кезде пайдаланған дұрыс. Болжамдаудың интуитивті тәсілдері қатарына жекелеген немесе ұжымдық сараптамалық бағаларды жатқызуға болады.

Формализацияланған тәсілдер сыныбы жалпы қызмет атқару қағидаларына байланысты экстраполяциялық, жүйелік-құрылымдық, ассоциативті топтар мен алдын ала қол жеткізетін мәліметтер тәсілдерінен тұрады.

Болжамдау тәсілдерін жіктеуге қатысты басқа да көзқарастар жетерлік. Олардың негізінде болжам құру уақыты кезеңіне, математикалық аппараттың мазмұнына, жүргізу тәсілдеріне қатысты бір-бірінен оқшауланатын көптеген топтарды бөлу жатыр. Нақты жағдайларда пайдалану үшін ең оңтайлы болжамдау тәсілдерін таңдауда сараптамалық бағалау тәсілдерінде, нормативті тәсілдерде, экстраполяция және математикалық үлгілеу тәсілдерінде кездесетін мүмкіндіктердің барлығын талдау қажет.

Сараптамалық бағалау тәсілдеріне анкеталау, сұрақ-жауап, интервью, комиссия, талдаулық сараптамалық бағалармен қатар, обьектінің даму келешегі жайлы мамандардың жекелеген пікірлеріне негізделген басқа да тәсілдер жатады. Аталған тәсілдерді ұзақ мерзімге қарастырылған әртүрлі экономикалық, ғылыми-техникалық және обьектінің дамуы мен басқа да мәселелердің шешімі математикалық формализациялауға жатпайтын жағдайларда колданған жөн. Демек, жүйеден әрбір талданған көрсеткіштің сандық көрсеткішін міндетті түрде алу арқылы нақты шаруашылық міндеттерді шешу үшін сараптамалық бағаларды пайдалану барлық уақытта мүмкін бола бермейді. Бұл жағдай олардың аталған мақсаттарда қолданылуының мүмкін еместігінің айғағы.

Нормативті болжамдау тәсілі болжамдалатын обьектінің жекелеген сипаттамалары алдын ала құрылған нормативтер түрінде берілген жағдайларда пайдаланылады. Басқаша айтқанда, нормативті болжау ұстанған мақсаттарға оңтайлы қол жеткізуді қамтамасыз ететін өзара байланысты элементтер жиынтығын анықтау қажеттілігімен байланысты. Мақсаттарға қол жеткізудің құралы ретінде графтар теориясы қарастырылады. Олар графтар немесе мақсаттар ағаштары деп аталатын иерархиялық деңгейлерді құруға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда мақсаттар ағаштары шартты түрде келесідей кезекпен құрылады: зерттелетін жүйелер бойынша мақсаттар, идеялар, тұжырымдамалар тағайындалып, олардың жекелеген компоненттері мен функционалды тармақтарынан бүтін жүйе көлеміне дейін дамуының техникалық мүмкіндіктері мен талаптары анықталады; мақсат ағашының әрбір деңгейінде элементтерді бағалауға қажетті критерийлер қалыптасады; мақсат ағашының барлық деңгейінде әрбір элементтің салмақтық коэффициенттері анықталады.

Мақсат ағашын құруға қажетті шарттар ретінде ғылыми-техникалық дамудың болжамының болуын, қойылған міндеттерді шешуге қажетті сценарийлердің жасалынғандығын және элементтердің сандық бағаларын анықтауға қажетті келісілген критерийлердің болуын қарастыруға болады.

Перспективті болжамдау тәсілінің қолдану аясы кең. Оның көмегімен ғылыми-техникалық жетістіктерді ендірумен, жаңа аумақтарда өндіргіш күштерді дамытудың экономикалық тұстарын негіздеумен байланысты және экономиканың салаларының дамуымен, басқару жүйесін құрумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге болады.

Экстраполяция тәсілінің негізін болашақтағы жағдайын болжамдау үшін обьектінің өткен шақтардағы нақтыланған даму тенденцияларын пайдалану құрайды. Олардың қатарына корреляциялық және регрессивті үлгілер мен доғалдаушы қисықтар экстраполяциясы жатады. Экстраполяция болжамдаудың бір құралы ретінде қазіргі кезде кеңінен таралған және әртүрлі экономикалық міндеттерді жүзеге асыру мақсатында көптеген ғылыми-зерттеу ізденістерінде зор табыспен пайдаланылады. Экстраполяция жолымен қажетті параметрлерді нақты және дәлдікпен анықтау үшін оқиғалар жайлы мәлімет толық болуы шарт. Жалпы болжамдау мәселелерінде осы кезең барлық зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде ерекше таңба қалдырады. Осыған байланысты мүмкіндігі бар ғылыми-техникалық жылжулар жайлы мәліметтер толық болуы шарт және келесідей сұрақтарды қамтуы тиіс: өндіріске ендірілген, ендіріле бастаған және ендіруге даярланып жатқан өзгерістер мен т.с.с.

Экстраполяция негізіндегі болжамдау болжам кезеңінің базалық кезеңнен асып кетпеуін талап етеді. Атап өтер жайт, болжамдау кезеңі неғұрлым қысқа болса, күтілетін нәтижелер солғұрлым дәл болады. Демек, 5-10 жыл мерзімге болжамдауда бұл тәсілді негізгі тәсіл ретінде қабылдауға болады.

Экстраполяция жолымен экономикалық көрсеткіштерді болжамдау өткен кезеңнің тенденцияларын болашаққа ауыстыра салумен ғана шектелмеуі қажет. Бұл процесс барысында сала мен кәсіпорын экономикасына тән өсудегі немесе өшудегі қозғалыстарды есепке алған жөн. Бұған техникалық прогресс барысындағы анықталған сараптамалық түзетулерді есепке алу, талдау, корреляция тәсілдері мен басқа да математикалық статистика әдістері арқылы қол жеткізуге болады.

Жоғарыда аталғандарды негізге ала отырып, болжамдаудың аталмыш шешіміндерін қолданғанда нәтижелердің шыншылдығы, ең алдымен, зерттеушінің қолында бар мәліметтердің толықтығымен, оның шынайылығымен, тенденцияларды анықтаумен байланысты талдау жұмыстарының сапасымен, таңдалған базалық кезеңнің экономикалық негізделуімен байланысты деп тұжырым жасауға болады.

Доғалы қисық тәсілін пайдалануға негізделген зерттеулер келесі кезеңдерден тұрады:

- зерттеу обьектісі мен оның талданатын параметрлерін таңдау;

- қарастырылатын параметрлердің дамуының уақыт кезеңін анықтау;

- параметрлерді зерттеуді сипаттайтын қолда бар материалдар негізінде дамудың әртүрлі деңгейлері үшін нүктелік тәуелділіктер құру;

- нүктелердің толық жүйесін, графикалық суреттемелерін құру, параметрлерді болжамдау, матрица құру, обьектінің барлық сипаттамалары бойынша толық болжамға қол жеткізу.

Қарастырылған қадам зерттеу обьектісінің параметрлері мен техникалық-экономикалық көрсеткіштерді болжамдауға мүмкіндік береді. Атап айтар болсақ, еңбек өнімділігі, өнім өндіру көлемінің өсуі, жанар-жағармай тұтыну құрылымы, жағармайдың кейбір түрлерін басқа тиімді түрлерімен алмастыру мүмкіндігі және т.б. Дегенмен, бұл тәсіл негізінен обьектінің техникалық сипаттамаларымен байланысты болжамдау сұрақтарын зерттеуде кеңінен таралған.

Әдебиет:

  1. Жуков Е.В. Инвестиционные институты . –М.; Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998. -199 с.
  2. Санников А.Г. Совместное предпринимательство: Инвестирование капитала и технологий/ А.Г.Санников; Под ред. Конова Ю.П.. - М.: ВНИИПИ, 1994. - 227 с
  3. Абросимова И. Система действий по управлению инвестициями в регионе: на примере Ярославской области // Проблемы теории и практики управления. - М., 2004. - № 2. - C. 72-73.
  4. Непомнящий Е. Г. Инвестиционное проектирование: учебное пособие/ Е. Г. Непомнящий. - Таганрог: Изд-во ТРТУ, 2003. - 262 с
  5. Кажмухаметова А.А. Теоретические аспекты анализа инвестиционных проектов // Банки Казахстана. - 2004. - №7. - C. 33-36.
  6. Андреев С.А. Экономическое содержание инвестиционного процесса в рыночной экономике. - СПб.; Издательство СПб госуниверситета экономики и финансов. 2000.
  7. Агайдаров А. Системы эффективного управления рисками инвестиционных проектов // Рынок ценных бумаг Казахстана. - 2005. - № 9. - C. 11-13.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, немес, экстраполяция.


Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Лингводидактические основы обучения студентов...

мена, Кино, бар, дар, немес.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): немес, салат.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Международное научно-техническое сотрудничество...

Уровень технологического развития страны определяется качеством ее научно-исследовательской базы и степенью вовлеченности в международное научно-техническое...

Лингводидактические основы обучения студентов...

...(досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық іс-әрекетті

«Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Политическая теория либерализма и марксизма: исторические...

Для представителей либератаристского направления критерием счастья является свобода обмена, в то время как, с точки зрения утилитаристов, подобная...

Теория неравномерного развития Самира Амина: критическая...

В свете мир-системного подхода к анализу проблем глобализации выделяется, как одна из наиболее разработанных, теория неравного развития различных регионов нашей планеты...

Актуальные вопросы сотрудничества Российской Федерации...

Этот постоянный обмен сообщениями и уголовными сведениями (делами) возможен благодаря Бюро по связи в штаб-квартире Европола.

Критерии определения дискриминации иностранного инвестора

Авторами данной работы проведена экстраполяция выявленных критериев определения дискриминации иностранного инвестора на знаменитое в международном инвестиционном...

Особенности интернет-терминологии | Статья в журнале...

Данная статья посвящается изучению интернет-терминологии путем ее сопоставления на английском, русском и узбекском языках...

Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Лингводидактические основы обучения студентов...

мена, Кино, бар, дар, немес.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): немес, салат.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Международное научно-техническое сотрудничество...

Уровень технологического развития страны определяется качеством ее научно-исследовательской базы и степенью вовлеченности в международное научно-техническое...

Лингводидактические основы обучения студентов...

...(досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық іс-әрекетті

«Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Политическая теория либерализма и марксизма: исторические...

Для представителей либератаристского направления критерием счастья является свобода обмена, в то время как, с точки зрения утилитаристов, подобная...

Теория неравномерного развития Самира Амина: критическая...

В свете мир-системного подхода к анализу проблем глобализации выделяется, как одна из наиболее разработанных, теория неравного развития различных регионов нашей планеты...

Актуальные вопросы сотрудничества Российской Федерации...

Этот постоянный обмен сообщениями и уголовными сведениями (делами) возможен благодаря Бюро по связи в штаб-квартире Европола.

Критерии определения дискриминации иностранного инвестора

Авторами данной работы проведена экстраполяция выявленных критериев определения дискриминации иностранного инвестора на знаменитое в международном инвестиционном...

Особенности интернет-терминологии | Статья в журнале...

Данная статья посвящается изучению интернет-терминологии путем ее сопоставления на английском, русском и узбекском языках...

Задать вопрос