ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бюджетаралық қатынастарды жетілдіру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Альмухамбетова, Б. Ж. ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бюджетаралық қатынастарды жетілдіру / Б. Ж. Альмухамбетова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 5.1 (191.1). — С. 10-12. — URL: https://moluch.ru/archive/191/48227/ (дата обращения: 19.04.2024).



Экономикадағы нарықтық қайта құрулардың тереңдеуі мемлекеттің экономиканың және қоғам өмірінің жекелеген сфераларын тікелей басқару және реттеуден бас тарту қажеттілігін шарттайды. Бірақ, мемлекетке тән емес және бәсекелік секторға тиесілі жекелен фукнциялар әлі күнге дейін мемлекеттік органдармен жүзеге асырылып келеді.

Елдің қазіргі таңдағы даму жағдайында, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру қажетілігінің туындауына қарай биліктің барлық деңгейлері арасында қызмет ауқымын шектеу, реформаларды жүргізуді орталықтан мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейіне көшіру мәселесі маңызды болып отыр. Басқару нысандарының бірдей болуы, қызметтердің қиылысуы жалпы алғанда, жауапкершілік және есеп беруге міндеттілік мәселесінде су жұқпастыққа және ретке келтірілмегендікке, бюджет қаржыларының ұтымсыз шығындалуына, мемлекеттік қызметтің сапасының төмендеуіне алып келеді.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізуді тапсырылған болатын [1]. Өткен жылы «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының таныстырылды, бүгінгі күнде талқылануда. Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджеттік процесс пен коммуналдық меншікті басқарудағы өкілеттіктерін кеңейту мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару мәселесін регламенттейтін актілер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заң болып табылады. 2007 жылы Конституцияға жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды халық тiкелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асыратындығы айқындалған толықтырулар енгізілген болатын. Заңнамада әкім мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын да жүзеге асыратыны, ал жергілікті деңгейдегі мәселені талқылау үшін жергілікті бірлестіктердің тікелей ерікті жиналыстарын (жиындарын) өткізуге болатыны аталып көрсетілген [2].

Бүгінгі күні заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысандағы ауыл (село), кент, аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ қалалардағы аудандар әкімдерінің аппараттары қалыптастырылды. Бұл ретте олардың дербес бюджеті жоқ, бірақ бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылады. Аталмыш шығыстар аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында қарастырылған, оларды тиісті мәслихаттар бекітеді. Бұл шығыстар мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беруді жүзеге асыруға, мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсетуге, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға, шаруашылық есепке алуға және т.б. бағытталып отыр.

Ауыл (село), ауылдық (селолық) округ, кент әкімдеріне бірқатар міндеттер жүктелген, бірақ олар қаржымен қалдық қағидаты бойынша қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде бұл әкімдер жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде қабілетсіз болып қалады, осылайша халық тарапынан объективті наразылық туады [3].

Бұл мәселені шешу үшін бастапқы кезеңде «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешу үшін өңірлерді қаржылық қолдау тетігі іске асырылуда. Осы тетіктің маңызды факторы іс-шараларды іріктеу мен алынған қаражатты бөлу кезінде халықтың қатысуы болып табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде 2018 жылдан бастап халық саны 2000 адамнан астам әкімшілік аумақтық бірлікте мемлекеттік бюджеттің 4-деңгейі ретінде, яғни аудандағы 1 қалалық және 13 ауылдық округ толығымен енеді, ал 2020 жылдан бастап барлық жерлерде енгізіледі.

Қазіргі уақытта төменгі деңгейлердегі дербес бюджеттерді құру аудандық бюджеттердің көбі субвенциялы болғандықтан тоқтатылады. Төменгі басқару деңгейіндегі бюджет құрылған жағдайда, ол да субвенциялы болады (мысалы: Ақмола облысының барлық 17 ауданы облыстық бюджеттен субвенция алады, Қарағанды облысындағы 9 ауданның 8 ауданы субвенциялы) деп күтуге болады.
Сондықтан бұл деңгейлерге салықтық және салықтық емес түсімдерді бекіту олардың қаржылық өзін-өзі қамтамасыз етуіне мүмкіндік бермейді.

Қазіргі таңда бюджетаралық қатынастарды жетілдіру бюджет жүйесінің әртүрлі деңгейлері арасында табыс және шығыс бойынша өкілеттіліктерін айқын ажыратуды белгілеуге, ел аймақтарының бюджеттік қамтамасыз етілуі деңгейін теңестіруге, аймақтардағы экономикалық саясатты ынталандыруға, жергілікті атқарушы органдарға бірдей мемлекеттік қызметті ұсынуға бағытталған.

Қазақстан Республикасында бюджетаралық қатынастардың кооперативтік үлгісі қабылданған, яғни бұл бюджет жүйесінің әрбір деңгейі үшін жеке және реттелуші салықтардың бар болуымен, жергілікті бюджеттердің жағдайына орталықтың жауапкершілігінің жоғары болуы және сыртқы қарыздар мәселесінде жергілікті билік органдарының дербестігін ұйғарынды-орынды шектеу жасаумен сипатталады. Сонымен қатар трансферттер арқылы бюджет жүйесінің деңгейлері арасында қаржы ресурстарын қайта бөлістірудің дамыған механизмі қалыптасқан.

Қазақстанда бюджетаралық қатынастар келесідей қағидаларға негізделеді:

- облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің республикалық бюджетпен, аудандар (облыстық маңызы бар калалар) бюджеттерінің жоғарғы облыстық бюджетпен өзара қатынастарда теңдігі;

- ара жігін ажыратудың мынадай өлшемдерінің бір мезгілде сакталуын ескеретін түсімдерді тиімді бөлу: тұрақты сипаттағы, сыртқы факторлардың әсеріне тэуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер төменгі бюджеттерге бекітіледі; мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер ақысы болып табылатын салықтық және салықтық емес түсімдер аталған көрсетілетін қызметтер қаржыландырылатын бюджет кірісіне түседі; қайта бөліну сипатындағы, сондай-ак салық базасы әркелкі орналастырылған салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғарғы бюджеттер деңгейлеріне бекітіледі; салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді бюджетке бекіткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет деңгейіне артықшылық беріледі; нақты аумақтық байланыстылығы бар салық базасынан алынатын салықтар жергілікті бюджеттерге бекітіледі;

- Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бірліктерінің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру;

- жергілікті атқарушы орғандардың мемлекеттік қызметтердің бірдей деңгей ұсынуын қамтамасыз ету;

- мемлекеттік қызметтерді ұсынудың тиімділігі мен нәтижелілігі мемлекеттік қызметтерді неғұрлым тиімді әрі нәтижелі қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейіне мемлекеттік қызметтерді бекітіп беру;

- мемлекеттік қызметтерді үсыну деңгейін оны алушыларға барынша жақындату – қызметтерді алушылардың қажеттіліктерін барынша дәл есепке алу және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қызметтердің атқарылуын бюджет жүйесінің мүмкіндігінше төмен деңгейіне беру [4].

Жоғарыда аталған қағидалар, әсіресе жергілікті бюджеттердің табыс бөлігін қалыптастыру бөлімінде жергілікті билік органдарының табыстарды өсіру қызығушылығын арттыру мақсатында оларды жүзеге асыру барысында, белгілі бір қиындықтарға ие. Бюджетаралық қатынастардың мақсаты бюджеттерді теңестіру үшін қажетті жағдайлар жасау, елдің барлық аумағында минимальды мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды бекіту, аумақтардың салықтық әлеуетіне қарай оларға жүктелген міндеттер мен функцияларды есепке ала отырып әрбір деңгейде бюджеттерді теңестіріп отыру.

Қазіргі таңдағы бюджет жүйесінің әртүрлі деңгейлері арасындағы шығындарды және сәйкес міндеттерді бөлістіру тәртібі өзінің бастапқы қағидасы негізінен дұрыс және көптеген әлемдегі елдердің тәжірибесімен үйлеседі. Аймақтық экономиканың бүгінгі таңдағы дамуында туындап отырған негізгі қарама-қайшылық – әлеуметтік-экономикалық сферада басқарудың жергілікті органдарының өскелең міндеттері мен оларды жүзеге асырудағы қаржылық мүмкіндіктері арасындағы алшақтықтың артуында болып отыр. Жергілікті бюджеттің табыс бөлігін қалыптастыру «жоғарыдан», яғни шешім қабылдау процесі жоғарыдан төмен қарай жүреді. Жергілікті басқару органдары бюджет табыстар мен шығыстарына әсер ете алмайды. Жергілікті бюджеттің табыстары мен шығыстары Қаржы Министрлігімен анықталады, бақылау сандары есептелінеді және оның негізінде аймақтарға бөлінетін субвенциялар мен алымдар көлемі белгіленеді. Жергілікті бюджеттер республикалық бюджет бекітілгеннен кейін бекітіледі, және субвенция мен алым шамасы белгілі болады.

Жергілікті бюджеттердің мәнін, яғни облыстық бюджетте, облыстық маңызға ие қалалар бюджеттерін бағалау өте қиын, себебі халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлығы дерлік осы деңгейде жүзеге асырылады. Қазақстанда жауапкершілікті және функциональдық міндеттерді бөлістіру кезінде барлық дерлік мемлекеттік қызметтер жергілікті жерлерде көрсетіледі, ал стратегиялық міндеттер приоритетті жобаларды орындауды реттеу орталық атқарушы органдармен Министрліктер мен ведомстволармен жүзеге асырылады. 1985 жылы 15 қазанда қабылданған Европалық Хартияға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдары ұлттық экономикалық саясат шеңберінде жеткілікті қаржы көздеріне ие болуға құқығы бар деп атап көрсетілген. Бірақ, бұған қарамастан ауыл (село), кент, поселка әкімдеріне бірқатар функциялар бекітілгенімен олар қажетті дербес бюджетке және оны бөлістіру өкілеттілігіне ие емес. Барлық шығындар аудандық бюджетте қарастырылады, бұл өзін-өзі басқарудың басты принципін жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан бұл жүйені реформалауды ауылдық деңгейден бастау қажет. Сонымен қатар жергілікті басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудың айқын айырмашылығын анықтау, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басқада мемлекеттік органдармен және жергілікті деңгейдегі билік органдарымен өзара әрекетестігін шешу мәселесі бүгінгі күнде маңызды болып отыр.

Әдебиет:

  1. «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру
    жөніндегі 100 нақты қадам» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы// www.zakon.kz.
  2. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралыҚатені түзеу Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы.
  3. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығы
  4. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі, Астана, 2008 ж.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, бар, Бюджет.


Похожие статьи

Переход клубов российской футбольной системы к коммерческой...

Таблица 1. Бюджеты российских клубов РФПЛ, млн долл. Футбольный клуб. Город.

Для формирования футбольной культуры это могут быть владельцы культурных заведений, баров...

Трудовая мотивация в структуре личности бухгалтера

К мене значимым карьерным ориентациям бухгалтера относятся менеджмент и предпринимательство.

Повышение эффективности работы фитнес-клуба | Молодой ученый

Жизнь современного человека протекает в ухудшающейся экологической среде, полна стрессов и характеризуется уменьшением физической активности.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Шамасында салмағы бар зат қойылады.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Разработка бизнес-плана создания бизнеса | Статья в журнале...

В Приморском крае можно открыть пивной бар можно открыть за 630 тысяч рублей.

Ключевые слова: налог, акциз, алкогольная продукция, бюджет, спирт, пиво.

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. Похожие статьи.

Развитие конкурентных преимуществ ресторанного бизнеса

Рестораны, которые сосредотачиваются на цене, как на главной конкурентной силе, как правило, имеют более низкую прибыль.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Похожие статьи

Переход клубов российской футбольной системы к коммерческой...

Таблица 1. Бюджеты российских клубов РФПЛ, млн долл. Футбольный клуб. Город.

Для формирования футбольной культуры это могут быть владельцы культурных заведений, баров...

Трудовая мотивация в структуре личности бухгалтера

К мене значимым карьерным ориентациям бухгалтера относятся менеджмент и предпринимательство.

Повышение эффективности работы фитнес-клуба | Молодой ученый

Жизнь современного человека протекает в ухудшающейся экологической среде, полна стрессов и характеризуется уменьшением физической активности.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Шамасында салмағы бар зат қойылады.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Разработка бизнес-плана создания бизнеса | Статья в журнале...

В Приморском крае можно открыть пивной бар можно открыть за 630 тысяч рублей.

Ключевые слова: налог, акциз, алкогольная продукция, бюджет, спирт, пиво.

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. Похожие статьи.

Развитие конкурентных преимуществ ресторанного бизнеса

Рестораны, которые сосредотачиваются на цене, как на главной конкурентной силе, как правило, имеют более низкую прибыль.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Задать вопрос