Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендірудің мәселелері оны жетілдіру жолдары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Абдрашитова, Т. А. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендірудің мәселелері оны жетілдіру жолдары / Т. А. Абдрашитова, М. А. Кулбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 5.1 (191.1). — С. 2-5. — URL: https://moluch.ru/archive/191/48224/ (дата обращения: 24.04.2024).



Шағын бизнестің негізгі мақсаты – халықты жұмыспен қамту, оның әлеуметтік мәселелерін шешу, еңбекке деген белсенділігін дамыту, тұтыну нарығын көп ассортиментті тауарлармен, қызметтермен толықтыру. Шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатымен Қазақстан азаматтарына жайлы құқықтық және экономикалық жағдай туғызу үшін бірнеше заңдылық және ұйымдастыру – экономикалық шаралар жасалды. Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарлыққа қол қойды. Президент бұл бағдарламаны бекіте отырып, бір мерзімде оны іске асыру шараларының жоспарын жасап, бекіту жөнінде үкіметке тапсырма берді. Елімізде шағын кәсіпкерлікті қалыптастырып, дамыту жүйесі әлі де жүріп жатыр. Шағын кәсіпкерлік әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы-қаражаттарын тиімді жұмылдыратын басты құралдардың бірі. Осындай кәсіпкерліктің болмауынан осы ресурстар пайдаланылған болатын еді.

Шағын кәсіпкерлік бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады, бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейінде монополиялық экономикасы жағдайында бірінші кезекте тұратын маңызды ерекшеліктерінің бірі. Шағын кәсіпкерлік халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен рөль атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60% және жаңа жұмыс орындарының 70-80 % келеді. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін. Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ ескертетін жағдай кейбір тауарларды шығару, қызмет атқару тек мемлекеттік кәсіпорынға жүктеледі, ал кейбір тауарларды өндіру үшін арнайы рұқсат керек етеді.

Кейінгі онжылдықтарда экономикасы дамыған Батыс елдерінде бәсекенің дамуы әсерінен шағын және орта бизнес рөлі арта түсті. Мұның басты себебі-экономикалық сектордың кәсіпорындарына тән артықшылықтар. Тұрақты экономикалық жүйеде шағын және орта кәсіпкерлік: динамикалық түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне төзе бейімделе алады, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді,экономиканың құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлік топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді. Дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар мынадай салаларда басым рөл атқарады: сауда, автосервис, құрылыс, қызмет көрсету салалары. Қазір шет елдерде шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар жоғары технологиялық сфераларға: машина құрылысы, энергетика, электротехника, химиялық өнеркәсіп, транспорттық қызмет, информатика, микроэлектроника, телекоммуникация салаларына әртараптандырылып жатыр. Қазіргі кезде дамушы мемлекеттердің едәуір бөлігінің экономикалық саясатының негізгі бағыты экономикасы дамыған елдер тәжірибесі мысалында ұсақ өндірісті дамыту және оның орта және ірі кәсіпкерлікпен байланысын нығайту болып табылады. АҚШ шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер басқармасының классификациясы бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне: жұмыскерлер саны 500-ге дейін болатын өндірістік және сауда кәсіпорындары, ал басқа салалар үшін-жылдық табысы 2 миллион долларға дейін болатын кәсіпорындар жатады. АҚШ-та тіркелген кәсіпорындардың 97%-на жуығы шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер қолдауға ие. АҚШ-та шағын және орта бизнес қоғамда кәсіпкерлік, бәсекелестік атмосферасын несиелендіріп оны дамытуға үлкен үлес қосады. Мемлекет тарапынан болатын шектеулер кәсіпкерлікке кедергі келтіреді. Сондықтан да АҚШ конгресі шағын және орта бизнеске тікелей несие беріп бақылау жасайды. Конгресс шағын және орта бизнесті несиелендіру және дамыту мақсатында бірнеше программа жасады. Шетелдік тәжірибеге қарап, Республикамызда атқарылатын несиелендіру іс-шараның әлі көп екенін байқауға болады. «Шағын және орта бизнесті несиелендіру туралы» заң атқарылатын іс-шаралардың бастамасы ғана, экономиканың бұл секторын көтеру үшін жүйелі түрде жұмыс атқарылуы керек. Республикамызда шағын және орта бизнеске кәсіпкерлеріне қағаз жүзінде емес, шет елдегі сияқты нақты көмек қажет, яғни қаржылай төмен пайызбен несие, несие алу жолдарын жеңілдету, мемлекет бюджетінен тікелей қаржыландыру, лизингтік несиелеу бойынша көмек жасау керек [1].

Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау (ОҚО мысалында)

Белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны (2016)

Барлығы

соның ішінде

шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар

орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар

дара кәсіпкерлер

шаруа немесе фермер қожалықтары

Қазақстан Республикасы

1 186 629

189 637

2 711

813 482

180 799

Ақмола

44 872

5 726

117

35 465

3 564

Ақтөбе

50 794

8 279

101

37 817

4 597

Алматы

119 002

6 862

139

68 694

43 307

Атырау

44 235

5 335

99

36 726

2 075

Батыс Қазақстан

40 448

4 762

91

30 878

4 717

Жамбыл

56 913

4 268

53

36 700

15 892

Қарағанды

85 034

14 872

192

63 102

6 868

Қостанай

53 206

5 928

147

42 258

4 873

Қызылорда

38 307

4 563

66

30 197

3 481

Маңғыстау

46 648

6 454

95

38 695

1 404

Оңтүстік Қазақстан

173 791

13 922

159

91 778

67 932

Павлодар

43 872

7 566

94

32 856

3 356

Солтүстік Қазақстан

28 789

4 218

135

21 590

2 846

Шығыс Қазақстан

99 603

8 542

158

75 227

15 676

Астана қаласы

100 270

30 900

295

69 043

32

Алматы қаласы

160 845

57 440

770

102 456

179

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында 2016 жылдың қорытындысымен жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 173 мың 790-ға жетіп отыр. Бұл республика бойынша үлестің 14,6 пайызына жетіп, облыстар арасында бірінші орынды иеленді. Өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына үлесін қосып келетін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бір жыл ішінде 37 232 кәсіп иесіне несиелік қолдау көрсеткен. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында өз ісін бастаймын деген 2 339 азаматқа 6,6 млрд.теңге көлемінде несие берілген. Өткен жылдың тоғыз айында ШОК субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 627,6 млрд. теңгені құрап, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 44 млрд. теңгеге немесе 7,5%-ға өскен. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуынан бастап жалпы құны 628,3 млрд. теңгені құрайтын 1 300 жоба мақұлданып, 17 981 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде, 2016 жылы 146,2 млрд. теңгеге 303 жоба іске қосылып, 2 126 жұмыс орны құрылды. Ал, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы жобаларды 7% мөлшерінде несиелендіруде. Ауылдар мен шалғайдағы елді мекендердегі кәсіпкерлікті қолдайтын орталық 2016 жылы 7,4 млрд. теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы бағытындағы 2024 жобаны қаржыландырған. Нәтижесінде 1 635 тұрақты және 3 мыңға жуық маусымдық жұмыс орындары ашылды [5].

Қазіргі кездегі республикадағы шағын және орта бизнесті несиелеуді дамытуға кедергі болып отырған негізгі факторлар мыналар:

 несие алу барысындағы шарттардың қатал болуы;

 несиенің мерзімі мен пайыздық ставкаларының бизнеске қолайсыздығы;

 несиені рәсімдеу процедурасының ұзақтылығы және оны сактандыру кажетгігі;

 коммерциялық банктердің кепілге қоятын талаптарының жоғарылығы;

 әлемдік несие нарықтарындағы дағдарыстар әсерінен несиелік ресурстарға кол жеткізу қиындықтары және коммерциялық банктердің жеке ресурстарының аз болуы;

 мемлекеттік инвестициялық-несиелік институттардын ресурстарының
тиімсіздігі;

 мемлекеттің қазына қоры арқылы шағын және орта бизнесті несиелеуге бөліп отырған қаражатының аз болуы және оның шарттарының қолайсыздығы [7].

Қазақстан Республикасында енді ғана жанданып келе жатқан шағын бизнеске несие беретін субъект - екінші деңгейдегі коммерциялық банктер болып табылады. Коммерциялық банктер көбінесе заңды гұлғаларды және қысқа мерзімді несиелеуді жақтайтыны - тарихи қальштасқан жағдай. Банктер кез келген уақытта, қарыз алуға ниет білдірген субъектілерді несиелеген кезде пайда болатын несиелік тәуекелге ұшырайды. Жалпы отандық несиелеу тәжірибесі көрсеткендей банктердің кәсіпорындарды қаржыландыру кезінде келесідей факторлар өз әсерін тигізеді. Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді. Шағын және орта бизнестің күрделі мәселелерінің бірі- несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Өйткені, несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар дайындауда қиыншылықтар жеткілікті [2].

Республикамызда шағын бизнесті дамыту үшін мынадай шараларды жүргізу керек:

 салық салу базасын жетілдіру;

 салықтың түрлерін анықтауға қатысты салық заңдарына өзгерістер енгізу;

 қаржы операцияларын жүргізуге мұрындық болатын салық ставкаларын азайту және соған сәйкес тиісті салықты төлеуді жетілдіру;

 несие беру мерзімдерін ұзарту және аймақтық мәні зор шағын өндірістік кәсіпорындар үшін пайыздық ставкаларды төмендету арқылы отандық өндірістерді ынталандыру және сапасы төмен арзан қолды тауарларды тасып әкелуге тосқауыл қою;

 шағын бизнесті несиелендіру механизмдерін жетілдіру үшін лизингтік несиелерді, венчурлық қаржыландыру, факторинг, сонымен бірге, кепілдік қорларды құру және өзара несиелендіруді қалыптастыру жолдарын ұсынамыз[6].

Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті несиелеудің және қаржыландырудың мынадай жүйесін құруды ұсынуға болады:

 Ең басты міндет – ол шағын және орта кәсіпорындарын несиелеу мен қаржыландыру көлемін ұлғайту;

 Елдің барлық аймақтарында несиелік мекемелердің желісін кеңейту бойынша нақты шараларды қолға алу;

 Шағын бизнес субьектілерінің қарыз қаражаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін құру үшін Үкімет, өкіметтің аймақтық органдары шағын және орта бизнес кәсіпорындары алатын несиелердің кепілдендірілген жүйесін құру;

 Банк қызметін қайта құру керек. Мемлекеттің шағын және орта бизнесті несиелеу мен қаржыландыру бойынша саясатын жүргізуге маманданған банктер мен қаржы ұйымдарының жүйесін қалыптастыру;

 Қарыз алушының несиелік тарихын жинақтайтын несие бюросын құру қажет[3].

Әдeбиeт:

  1. Әліпбеков Н., Ералы Ж., Даулетова Р., Молдабекова Г. Бизнесті ұйымдастыру. Астана 2008.
  2. bestreferat.kz/extra_rkd/show/92. Шағын бизнесті дамытудың шетелдік тәжірибесі
  3. Қaзaқстaн Рeспубликaсының Прeзидeнті Н.Ә.Нaзaрбaeвтың «Қaзaқстaн жoлы – 2050: Бір мaқсaт, бір мүддe, бір бoлaшaқ» aтты Қaзaқстaн хaлқынa Жoлдaуы. 2014 жылғы 17 қaңтaр.
  4. www.akorda.kz. Н.Нaзaрбaeв «Жaңa oнжылдық – жaңa экoнoмикaлық өрлeу – Қaзaқстaнның жaңa мүмкіндіктeрі» aтты Қaзaқстaн хaлқынa жoлдaғaн Жoлдaуы. Aстaнa 2010.
  5. www.stat.gov.kz. Қaзaқстaн Рeспубликaсы Стaтистикa Aгeнттігінің рeсми сaйты
    Қaзaқстaн жәнe oның aймaқтaрындaғы шaғын жәнe oртa кәсіпкeрліктің дaму жaғдaйы турaлы eсeп, 2-шығaрылым, 2012.
  6. Вестник КазНУ. Серия экономическая. №6(100), 2013.
Основные термины (генерируются автоматически): орт, мена, бизнес, млрд, орт бизнеспен.


Похожие статьи

СМИ как инструмент отстаивания политических интересов...

Так с октября 1996 года журналист возвращается на ОРТ, он выходит в эфир каждый вечер субботы с аналитическим выпуском программы «Время».

Стоит отметить, что существовали издания, которые смогли избежать давления российского бизнеса, но они обладали гораздо...

Российские бизнес-корпоративные структуры: воздействие на...

Из всех упомянутых организаций РСПП был и остается наиболее массовой организацией российского бизнеса, представляющим все основные его категории.

В качестве своей медиаструктуры использовала ОРТ и теперь уже государственная компания «Сибнефть».

Трансформация модели российских СМИ в 1990-х годах

В это же время крупнейшие бизнес-группы страны стали приобретать собственные средства массовой информации, преследуя, в

Так, Б Березовскому принадлежали часть акций ведущего российского канала – ОРТ, ведущий пакет акций ТВ-6, «Независимая газета», «Новые...

Научный журнал «Молодой ученый» №5 (191) февраль 2018 г.

Орта Азиядағы діни-саяси әрекеттер. Абдрашитова Т. А., Кулбаева М. А.

Қазіргі таңдағы жеңіл өнеркәсіптердің жағдайы мен оның мәселелері. Байкенже Н. К.

ҚР шағын және орта бизнесі даму тенденциялары

Төмендегі суретке сәйкес, шағын және орта бизнес негізінен сауда, қоғамдық тамақтандыру, азаматтық нысандар құрылысы, техника мен машиналарды ұсақ жөндеу, ауыл шаруашылығы салаларында шоғырланған.

Opтa мeктeптe өлкeтaну мaтepиaлдapын пaйдaлaну apқылы...

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре... Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

Научный журнал «Молодой ученый» №18 (204) май 2018 г.

Интеграция вспомогательного бизнес-процесса «метрологический надзор» в процессную модель компании.

Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту. Райым Н. Т.

Похожие статьи

СМИ как инструмент отстаивания политических интересов...

Так с октября 1996 года журналист возвращается на ОРТ, он выходит в эфир каждый вечер субботы с аналитическим выпуском программы «Время».

Стоит отметить, что существовали издания, которые смогли избежать давления российского бизнеса, но они обладали гораздо...

Российские бизнес-корпоративные структуры: воздействие на...

Из всех упомянутых организаций РСПП был и остается наиболее массовой организацией российского бизнеса, представляющим все основные его категории.

В качестве своей медиаструктуры использовала ОРТ и теперь уже государственная компания «Сибнефть».

Трансформация модели российских СМИ в 1990-х годах

В это же время крупнейшие бизнес-группы страны стали приобретать собственные средства массовой информации, преследуя, в

Так, Б Березовскому принадлежали часть акций ведущего российского канала – ОРТ, ведущий пакет акций ТВ-6, «Независимая газета», «Новые...

Научный журнал «Молодой ученый» №5 (191) февраль 2018 г.

Орта Азиядағы діни-саяси әрекеттер. Абдрашитова Т. А., Кулбаева М. А.

Қазіргі таңдағы жеңіл өнеркәсіптердің жағдайы мен оның мәселелері. Байкенже Н. К.

ҚР шағын және орта бизнесі даму тенденциялары

Төмендегі суретке сәйкес, шағын және орта бизнес негізінен сауда, қоғамдық тамақтандыру, азаматтық нысандар құрылысы, техника мен машиналарды ұсақ жөндеу, ауыл шаруашылығы салаларында шоғырланған.

Opтa мeктeптe өлкeтaну мaтepиaлдapын пaйдaлaну apқылы...

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре... Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

Научный журнал «Молодой ученый» №18 (204) май 2018 г.

Интеграция вспомогательного бизнес-процесса «метрологический надзор» в процессную модель компании.

Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту. Райым Н. Т.

Задать вопрос