Студенттерге кәсіби қазақ тілін кредиттік технология арқылы үйретудің лингводидактикалық негіздері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Шабденова, К. Ж. Студенттерге кәсіби қазақ тілін кредиттік технология арқылы үйретудің лингводидактикалық негіздері / К. Ж. Шабденова, Л. М. Кулейменова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 16.1 (150.1). — С. 50-52. — URL: https://moluch.ru/archive/150/42823/ (дата обращения: 26.04.2024).



Жоғары оқу орындарының ақпараттық жүйелер бөлімі студенттерінің кәсіби қазақ тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастыру мамандыққа қатысты лексиканы меңгертумен қатар қазақ тіл білімінің лингвистикалық ереже қағидаларын және жалпы дидактиканың теориялық тұжырымдарын жете игерумен тікелей байланысты. Олай болса, тілді кәсіби бағытта үйрету оқытудың міндеттері мен мазмұнын ашатын, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру мен оқытуды ұйымдастыру ұстанымдарын, әдістерін және формаларын сипаттайтын, оқыту мен білім беру мәселелерін зерделейтін линговодидактика іліміне негізделеді.

Әдіскер-ғалым Ф. Оразбаева «Тілдік қатынас» оқулығында бұл мәселе жайында ойын: «Тілді оқыту дегеніміз – оқушылардың басты назарын тілдің жүйелік ерекшелігіне аудару. Мұнда тілдік жүйелік сипатын көрсететін фонетика, лексика, грамматика әрқайсысы жеке-жеке талдап оқытылады»деп түйеді [1-170 б.]. Атап айтқанда, ғалымның тұжырымдауынша: «Тілді оқыту немесе үйрету тарихи тұрғыдан қалыптасқан тіл ғылымының салалары мен өзіндік заңдылықтарын, тілдің ішкі құрылымы мен тұрақталған бүтіндігін, олардың барлық ерекшеліктерін сақтап отыруды көздейді» [1, 170-171 б.]. Бұл тілге қатысты жүйелік білім, ал адам бір тілде сөйлеу үшін сол тілдің жүйесімен қоса ондағы алуан түрлі бірліктердің қатысымға сәйкес қолданыстық ерекшеліктерін де білген дұрыс. Сондай-ақ ол білім әр түрлі қатысымдық ситуацияларға сай қолдануды меңгеруі тиіс. Ғалымның пайымдауынша, «Сөйлеу үшін оқушы тілдік көрсеткіштер мен сөйлеуде жұмсалатын тұлғалардың тіркесу заңдылықтарын білуі, тілдік құралдарды қолданудың амал-тәсілдерін меңгеруі қажет. Яғни фонетикаға, лексикаға, грамматикаға қатысты материалдар жеке емес, бәрі бірыңғай сөйлем құруға, адам ойын еркін жеткізуге жұмыла қызмет етуі тиіс. Мұндайда бір салалардың ішкі құрылымдық жүйесі мен олардың саны, реті ескеріле бермейді» [1, 171 б.].

Тілді қатысымдық тұрғыда үйретудің ерекшелігі тілдік материалды сұрыптауға тілдің жүйесін ғана емес, сонымен бірге қатынас жүйесін де назарға алып оқытуға ұмтылу болып табылады.

Ақпараттық жүйелер мамандығына қатысты кәсіби қазақ тілінде сөйлеуге қажетті минимумдағы тілдік заңдылықтар мен грамматикалық ережелерін меңгермеген студент қазақша кәсіби тілдік қатынасқа түсе алмайды. Қазақ тілін жоғары оқу орындары студенттеріне оқытудағы басты шарт – грамматикалық ережелерді тиімді, қарапайым тәсілдер арқылы түсіндіру, қатысым әрекетінде қолдану жолдарын меңгерту. Біз бұл мәселеге қатысты ғалым Ф.Оразбаеваның пікіріне қосыламыз: «...қазақ тілін оқытуда қажеті шамалы ұзын-сонар күрделі де қиын ережелерді жаттатудан аулақ болып, сөйлесім мен тілдесімді жүзеге асыратын тілдік қатынастың негіздерін меңгерткен жөн. Кез келген ереже қазақша тілдік қатынасқа үйретуге қызмет етіп, тілдесім үшін оқытылғанда ғана басты мақсат орындалады» [1, 169 б.].

Жоғары оқу орындарында ақпараттық жүйелер мамандығына оқитын студенттерге қазақ тілін оқытқанда оқу орнының кәсіби бағдарын, оқыту мақсаттарын, берілетін тақырыптың көлемін лингвистика салалары – лексика, морфология және синтаксиспен байланыстыра қарастырылады. Бұл жерде, әсіресе, лексика, грамматика салаларына ерекше назар аудару керек.

Қазақ тілінің ақпараттық жүйелер мамандығына қатысты кәсіби лексикалық жүйесінде орыс тілінен енген сөздер ерекше орын алады. Бұл заңды құбылыс. Олардың тілдерінен қазіргі қазақ тіліне біраз сөздер кіріккен.

1. Қазақ тіліне орыс тілінен енген сөздер біраз фонетикалық өзгеріске түскен сөздер: Мәселен, компьютер үстелі – компьютерный стол, сканер – іскәнр, роль-рөл, модифицированный модель- модификациаланған нұсқа т.б.

2. Ешқандай фонетикалық өзгеріске түспей алғашқы мәнінде қолданылып жүрген сөздер: Мәселен, программист, модем, компьютер, технология, принтер, акроним. Кез келген тілді практикалық тұрғыда меңгеруге бағыттайтын күш – оның грамматикалық жүйесі. Ғалым-әдіскер, еуропалық әдістемеге негізделген жаңа бағыттағы оқулықтардың авторы ғалым Т.Аяпова қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне ана тілінен кейінгі екінші тіл ретінде үйретуде грамматикалық материалды ұсынудың төмендегідей ретін көрсетеді: «Қазақ тілін оқытуда қабысу арқылы берілетін сөйлемдерден; шақтардың үш түрінің жай түрлерінен бірінші ауыспалы осы шақ пен жедел өткен шақ формаларынан бастау; септік жалғаулардан: жатыс септігі, барыс септігі, шығыс септігі, көмектес септігі, ең соңында ілік септігі жалғауларынан бастау керек ... » [2, 13 б.].

Келесі ерекше назар аударуды қажет ететін категория – септік категориясы. Қазақ және орыс тілдеріндегі септіктер қатынасын мағынасы, қолданылу жағынан алып қарасақ, олардың ұқсас құбылыстарымен қатар айырмашылығы да кездеседі. Орыс тілінде алты септік болса, қазақ тілінде жеті септік бар.

Қазақ тілінде зат есім атау септік тұлғада сөйлемнің бастауышы, баяндауыш, қаратпа сөз қызметін атқарады. Әлия – бағдарламашы. Асан, хал-жағдайың қалай? Орыс тілінде атау септіктегі сөз сөйлемнің бастауышы және баяндауышы қызметін атқарады. Анар – техник. Асия приходи вечером в интернет клуб. Ілік септігінде сөз заттың немесе тұлғаның біреуге тәуелді не біреу оған ие екенін көрсетеді. Әсеттің соңғы үлгідегі дербес компьютері бар. Анардың інісі әкімшілік жүйе инженері. Қазіргі орыс тілінде родительный падеж меншіктің көп-мағыналылығымен ерекшеленеді: а /субъектіге (беседа администратора сайта); ә /сапаға (тяжесть файла); б /объектіге (чтение блога). Бұл септік предлог пен де, предлогсыз да қолданылады. Барыс септігіндегі зат есім объектінің мағынасында (досыма хабарлау), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық іс-әрекетті (жазда келу), себептік іс-әрекет (ыстыққа шыдамау) т.б. Орыс тілінде дательный падеж предлогпен және предлогсыз қолданылады, әр түрлі мағына бере алады: объектінің (письмо другу), субъектіге (другу тяжело). Бұл септік сонымен қатар анықтауыштық мәнге де ие (қазақ тілі сабағы – занятие по казахскому языку). Табыс септік қазақ тілінде тура объектіні білдіреді. Мысалы, Компьютерді сөреге қой. Орыс тілінде винительный падеждің мағынасы бұған қарағанда кең. Олар да предлогпен немесе предлогсыз қолданылады. Винительный падеж орын мағынасында (поедем в город), уақыт мағынасында (поехали в буран), жанама объекті (взял за руку) т.б. Көмектес септігінде зат есімдер келесі мағынада қолданылады: істің құралын – автобуспен; бірлестігін – Асқарм. Қазақ тілінде септік формалары послелогтармен қолданылады. Ол синтаксистік қатынасты білдіретін тілдің өзгермейтін бірлігі және сөйлемде белгілі бір септікті меңгеріп тұрады. Осыған байланысты жоғары оқу орындары студенттері қазақ тілінің послелогтарының қолданылуын, оның мағынасы мен орнын түсінуде қиналады. Жоғарыда көрсетілгендей, орыс тілінің септік формасындағы зат есімдер (атау септігінен басқа) предлогпен қолданылады. Қазақ тілінде болса, предлог жоқ. Жоғары оқу орындары студенттері кәсіби қазақ тілін меңгеру үшін тілдің қандай синтаксистік конструкциясына жете көңіл аудару керек деген мәселені практикалық мақсаты тұрғысынан шешу керек. Сөйлемдегі сөздердің тәртібі бастауыш пен баяндауышқа байланысты. Нақ осы бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің басқа мүшелерінің байланысу орталығы қызметін атқарады. Сонымен бірге қазақ тіліне қарағанда, орыс тілі сөйлемдерінде еркін сөз тәртібі. Соның нәтижесінде орыс бөлімдері студенттері қазақша сөйлемді көбіне қате құрайды. Мен барам университет. Мен университетке барамын деудің орнына. Немесе, Олар ән шырқайдының орнына Олар шырқайды ән дейді. Алдымен тұрлаулы мүшелердің, яғни бастауыш пен баяндауыштың орналасу тәртібін қарастырайық. Екі тілде де бастауыш зат есім, есімдік субстантивтенген сөз таптарының бірімен жасалады да, баяндауыштың алдында тұрады. Мысалы, Студенттер оқиды. Мен келдім. Қазақ тілінде баяндауыш сөйлемнің соңында орналасады. Оның алдында сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері тұрады. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері баяндауышқа қатысты. Мысалы, Студенттер университетке барады. Олар ертең тауға шығады. Орыс тілінде баяндауыш бастауыш алдында да тұра алады. Әдетте ондай сөйлемдер баяндауышқа жататын тұрлаусыз мүшеден басталады. Мысалы, Сегодня начинаются каникулы.Егер баяндауыш іс-әрекетті, үрдісті білдірсе, онда да сөйлемнің басында орналасады. Мәселен, Майкрософт шығарды соңғы үлгісін компьтерлердің. Майкрософт выпустил последние модели компьютеров. Екі тілдің тұрлаусыз мүшелеріне келетін болсақ, олар жайында мынаны айтуға болады: 1. Қазақ тілінде анықтауыш анықталатын сөздің алдында тұрады. Мысалы, Мынау кімнің ноутбугы. Бұл Арыстанның ноутбугы. Орыс тілінде согласованное определение анықталатын сөздің алдында, ал несогласованное определение анықталатын сөзден кейін тұрады. Мысалы, Льет сильный дождь. Сумка от ноутбука из кожи. 2. Қазақ тілінде толықтауыш әдетте баяндауыштың алдында, ал орыс тілінде баяндауыштан кейін тұрады. Мысалы, Арыстан кітап оқыды. Арыстан читает книгу. 3. Мекен және мезгіл пысықтауыш екі тілде де сөйлемнің басында тұрады. Мысалы, Далада қызыл, сары жауқазындар өседі. В степи растут красные, желтые тюльпаны. Күзде Мәскеуге IT семинарға барамын. Осенью поеду в Москву на IT семинар. Қазақ тілінде логикалық екпін түсетін сөз баяндауыштың алдында тұрады. Мысалы, Анар университетке кетті. Орыс тілінде логикалық екпін түсетін сөз сөйлемнің соңында тұрады. Мысалы, Дети играют на компьютерных играх. Сөйтіп, жоғары оқу орындары студенттеріне кәсіби қазақ тілін оқытуда грамматикалық форма мен мазмұн бірлігін құрайтын септік, тәуелдік категорияларына аса назар аудару керек деп ойлаймыз. Ал синтаксис деңгейінде алсақ, сөйлемдегі сөздер тәртібін, сөйлем мүшелері формасының жасалуына көңіл аударған жөн.

Қорыта келгенде, қатысымға бағытталған кәсіби қазақ тілін үйрету әдістемесі кәсіби тіл минимумын ұсынуда тілдің қатысымдық-функционалдық қырына сүйенуді талап етеді. Тілдесім мақсатымен байланысты туындайтын грамматикалық мағына түрлерін, оларды жеткізуші тіл құралдарын сөйлеу жағдаяты, мамандыққа сай іріктеп үйрету оқытушыдан функционалды грамматика мәселелерінен хабардар болуды керек етеді.

Әдебиеттер:

  1. Оразбаева Ф. Ш. Тілдік қатынас. Оқулық. – Алматы: «Сөздік», 2005. -272 б.
  2. Аяпова Т. Сөйлеу әрекетінің онтогенезі: синтаксистік семантиканың дамуы: филол. ғыл. докт. автореф. – Алматы, 2003. – 16 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, немес.


Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Лингводидактические основы обучения студентов...

мена, Кино, бар, дар, немес.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi

мена, Секта, бар, немес, христианин. Похожие статьи.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): немес, салат. Похожие статьи.

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Лингводидактические основы обучения студентов...

...(досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық іс-әрекетті

«Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Выгодный и безопасный обмен WMZ на WMB | Статья в журнале...

Платежная система Вебмани появилась уже давно и не перестает динамично развиваться. Это универсальный сервис, который обеспечивает клиентов самыми современными услугами...

Школьный обмен как разновидность проектной деятельности при...

Школьный обмен сейчас очень популярен. Школьный обмен — это не туристическая поездка и не отпуск. Межкультурный обмен — это учебныйпроцесс.Школьники в группах с учителями...

Использование blockchain в банковской системе

Blockchain, однако, подходит не для всех ситуаций. Не все процессы требуют платежных систем, обмена между участниками, децентрализации или публичного хранения записей.

Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Лингводидактические основы обучения студентов...

мена, Кино, бар, дар, немес.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi

мена, Секта, бар, немес, христианин. Похожие статьи.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): немес, салат. Похожие статьи.

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Лингводидактические основы обучения студентов...

...(досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық іс-әрекетті

«Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Выгодный и безопасный обмен WMZ на WMB | Статья в журнале...

Платежная система Вебмани появилась уже давно и не перестает динамично развиваться. Это универсальный сервис, который обеспечивает клиентов самыми современными услугами...

Школьный обмен как разновидность проектной деятельности при...

Школьный обмен сейчас очень популярен. Школьный обмен — это не туристическая поездка и не отпуск. Межкультурный обмен — это учебныйпроцесс.Школьники в группах с учителями...

Использование blockchain в банковской системе

Blockchain, однако, подходит не для всех ситуаций. Не все процессы требуют платежных систем, обмена между участниками, децентрализации или публичного хранения записей.

Задать вопрос