Тұлғаның қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Тусупбекова, Э. К. Тұлғаның қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу мәселелері / Э. К. Тусупбекова, К. К. Нуржанова, Л. М. Кулейменова, М. Т. Оспангалиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 16.1 (150.1). — С. 47-48. — URL: https://moluch.ru/archive/150/42720/ (дата обращения: 25.04.2024).

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын әлемдік өркениетті және мәдениетті елдер қатарына көтеру мәселесі білім беру жүйесін түбегейлі қайта құруды мақсат етіп отыр.

Бүгінгі Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің негізгі мақсаты — Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ету, оны бүкіл дүниежүзі мойындап, алдыңғы қатарлы мемлекеттермен тең қарым-қатынас жасау үшін студент жастарға Қазақстандық патриотизмді, өз отанын сүйе білуді үйрету, саяси бостандықты қамтамасыз ететін нарықтық іргетас қалаудың нәтижесінде, экономикалық бостандыққа қол жеткізу, осылардың бәрін іс жүзінде жүзеге асыратын ізгілікті жеке тұлғаны дамыту, білімді, іскер жастарды тәрбиелеу болып табылады. Тәрбие біртұтас педагогикалық процестің құрамды бөлігі екені белгілі.

Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып келеді. Тәрбиенің жалпы мақсаты барлық азаматтардың бойында сапалық құндылықтардың, ал жеке мақсаты — жеке тұлғаның қалыптасуын көздейді. Қазіргі заманда тәрбие мақсатының алуан түрлі болуына қарай, соған сәйкес оның жүйесі жасалынады. Тәрбиенің мақсатына обьективті себептер ықпал етеді, олар: адамның физиологиялық жетілуі мен психикалық дамуы, философия мен педагогика ғылымның жетістіктері, әлеуметтік ортаның қоғам мүддесіне қарай, үнемі өзгеріп отыруы. Қоғамның мәдени деңгейі, тәрбие мақсатының жалпы бағытын анықтап отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның нақты тарихи сипатына қарай өзгеріп отырады. [1, б. 5].

Тәрбиенің мәдени құбылыс ретіндегі міндеттері: ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, этикалық, эстетикалық, экономикалық, экологиялық, құқықтық, саяси мәдениет түрлерін мектеп қабырғасынан қалыптастыру көзделеді. Мәдениетті кешенді түрде қалыптастыруды жүзеге асыру, жеке тұлғаның сапалық қасиетін арттырады. Тәрбиенің мазмұнына бүкіл мәдениет жетістіктері қамтылады [2, б. 18]. Тәрбие мазмұны тәрбие міндеттерін толықтай жүзеге асыруды қарастырады. Сөйтіп, тәрбие мақсаты, міндеттері, мазмұны тығыз байланыста баланың жас және жеке, дара ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырылады.

Жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесінің азаматтық оқу орындарының оқу-тәрбие процесінен ерекшеленетін келесі ерекшеліктерін есепке алу қажет:

— студент тұлғасын дамытудың талап етілетін деңгейі азаматтық маманға қарағанда едәуір жоғары, себебі оқыту бірнеше мамандандыру түрі бойынша жүзеге асырылады;

— жоғары оқу орындары жай ғана маманды емес, сонымен бірге басқарушыны, ұйымдастырушыны, азаматты, әлеуметтік жауапкершілігінің деңгейі жоғары мемлекеттік қызметкерді және өз бағыныштыларының тәрбиешісін әзірлейді;

— жоғары оқу орындарына (оқу тобы, курс, факультет) құрылымдарының үйлесімі тән, оқу-тәрбие процесі тұлға тәрбиесінің маңызды шарты болып табылатын, қатаң тәртіп және жарғылық өзара қарым-қатынастар жағдайында жүзеге асырылады;

— жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие процесінің едәуір бөлігі тек дәрісханалар мен зертханаларда ғана емес, сонымен бірге оқу мекемелерінде жүзеге асырылады;

— ЖОО оқу-тәрбие процесі басшылық ететін құрамды даярлайтын арнайы орта мектептен ерекшелігінде педагогикалық қызметті және ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіреді.

Берілген ерекшеліктерді есепке алып, жоғары оқу орындары студенттерінің кәсіптік даярлығында пайдаланылатын тұлғалық-бағдарланған амал тұжырымдамасының негізгі ережелері келесі ережелер болып табылады деп жорамалдаймыз:

1. Оқу дегеніміз әлемді субъективтік маңызды ұғыну, ол студент үшін субъективті тәжірибеде белгіленген тұлғалық мағыналарға, құндылықтарға, қарым-қатынастарға толы.

2. Оқытудың негізгі ойы — берілген қасиеттері бар тұлғаны қалыптастыру емес, білім беру процесі субъектілерінің тұлғалық функцияларын дамыту үшін жағдайлар жасау. тұлғалық-бағдарланған білімнің критерийлері: рефлексияны дамыту, тұлғалық ұстанымның бар болуы (яғни субъективті білім ретінде дербестілік), бағалар иерархиясы, қызмет мағынасын іздеу. Сапалы кәсіптік білім берудің мағынасы меңгерілген білімді, шеберлікті, дағдыларды, тәжірибені және бағаларды жаңа ситуацияға ауыстыруда, яғни шығармашылық жұмысқа қабілеттілікті иеленуде.

3. тұлғалық-бағдарланған оқыту үш ерекшелікті: студенттердің психикалық даму типін, оқытушының тұлғалық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін және студент үшін пәннің психологиялық теңбе-тең түсінігін есепке алуға бағдарланған.

4. Егер оқыту өнімді (шығармашылық) ойлауды қалыптастырса, ол дамытушы болып табылады. Оқытуда дидактикалық принциптер жүйесін: оқыту проблемалылығы; даралау және саралау; ойлаудың әр түрлі компоненттерінің үйлесімді дамуы; ақыл-ой қызметінің алгоритмдік және эвристикалық тәсілдерін қалыптастыру сақталғанда ғана ойлаудың өнімділігін дамыту мүмкін болады [3, б. 29].

Дара басшылық барысында жоғары оқу орындарында тұлғалық-бағдарланған қатынастың өзінің ерекшеліктері болатынын есепке алу қажет:

1. Талаптардың шынайылығы. Бұл ереже студенттер орындайтын міндеттердің мазмұнынан, олардың шешетін кәсіптік-қызметтік міндеттерінен, тәжірибесі мен кәсіптік қабілеттерінен алғанда, педагогтың талаптылық білдіруіне түрткі болады.

2. Талаптардың мерзімділігі. Берілген ереже тәртіп бұзуды ескерту бойынша жұмыстың жүргізілуіне, тәртіп бұзушылық белгілеріне, ұсақ теріс қылықтарға дер кезінде жауап қайтаруға мүмкіндік береді.

3. Талаптардың жүйелілігі. Студенттердің атқаратын қызметіне және тәртібіне әр түрлі талаптар қоюда педагог тарапынан байланыстың жүйесіздігі және жоқтығы басқарушы әрекеттердің және тәртіптік практиканың тиімділігін төмендетеді.

4. Талаптардың дәлелденгендігі. Осы ережеге сүйеніп, педагог талаптардың мазмұнын түсінуге және олармен іштей келісімге қол жеткізуі тиіс.

5. Талаптар қоюдағы жүйелілік. Бұл ереже педагог тарапынан иеленген тәжірибесіне, кәсіптік біліктілігіне, сондай-ақ жеке қабілеттеріне сәйкес талаптылықты үйлестіруді талап етеді.

6. Талаптардың тақырыптылығы. Педагог талаптарының дәл көзделуі, студенттердің алдағы әрекеттерінің мазмұнын, міндеттерді орындау мерзімдерін, жорамалданатын нәтижелерді, жұмыс жолдары мен тәсілдерін көрсетуі тиіс.

7. Талаптар қоюдағы әдептілік және тілектестік. Талаптылықты білдіру түрі студенттердің жеке ерекшеліктерін ескеруі тиіс.

8. Талаптардың дұрыстығы. Берілген ереже оқытушыны өзінің бағаларына және қорытындыларына аса ынталы болуға, оларды студенттер орындайтын лауазымдық міндеттер шеңберімен, жұмыс тәжірибесімен және қызметтің нақты нәтижелерімен байланыстыруға мәжбүр етеді.

Сонымен, біз тұлғалық-бағдарланған қатынаста өзара әрекеттесудің екі субъектісін ғана емес, сонымен бірге басқа субъектілерді — адамзат мәдениетінің құндылықтарын тасушыларды қарастырдық. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің педагогикалық мәдениетін тәрбиелеуде халық педагогикасына үлкен роль бөлінеді. Халықтың рухани мәдениетінің бір бөлігі болып табылып, қазақ халық педагогикасында көптеген ұрпақтар тәжірибесінен алынған білімнің жиынтығы ретінде адамзат мәдениетін тәрбиелеудің көптеген жақсы дәстүрлері бар.

Тұлғалық-бағдарланған қатынастың мақсаты — студенттің тұлғалық-кәсіптік дамуына мүмкіндік туғызатын қатынасқа қатысушылардың дәлелдік, танымдық, эмоция-еріктік және тәртіптік сфераларда өзгерістерге қол жеткізуі. Сондықтан адамзат мәдениетін тарату, құру және тұлғаны қалыптастыру тұлғалық-бағдарланған қатынасты іске асыру кезінде ғана мүмкін болады, оны біз өзара әрекеттен, өзара түсініктен, өзара байланыстан, өзара танымнан, өзара қарым-қатынастан, өзара әсерден және бірлескен қызметтен тұратын, көп кешенді процесс ретінде анықтадық.

Жоғары оқу орнындағы оқыту және тәрбиелеу бірыңғай педагогикалық процестің байланысқан жақтарын білдіреді. Оны ұйымдастыра отырып, әкімшілік, тәрбие органдары, профессорлық-оқытушылар құрамы студенттерді оқытудың және тәрбиелеудің, олардың бойында кәсіптік мәдениетті қалыптастырудың әлеуметтік-адамгершілік бағытталғандығын, оқу орындарында сабақтар өткізудің және бүкіл тәрбие жұмысының жоғары идеялы-теориялық және әдістемелік деңгейін қамтамасыз етуде.

Әдебиеттер:

  1. Майғаранова Ш., Иманбаева С. Т. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. Екінші басылым. — Алматы. 2016.
  2. Хмель Н. Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы. — Алматы: 2003.
  3. Тусупбекова Э. К. Педагог-психологтардың кәсіптік мәдениетін тұлғалық-бағдарланған қатынас арқылы қалыптастырудың дидактикалық негіздері. Монография. — Қарағанды. 2015.
  4. Пірәлиев С. Ж., Иманбаева С. Т., Төлеубекова Р. К., Шолпанқұлова Г. К., Нурғалиева Д. Ұлттық тәрбие. Оқу құралы. — Алматы: 2014. 280 б.
  5. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика.– Алматы: «Дарын». 2004.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос