АЛЖИР лагері мен тұтқындарының өмірі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 23 ноября, печатный экземпляр отправим 27 ноября.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Сембаева, Г. Н. АЛЖИР лагері мен тұтқындарының өмірі / Г. Н. Сембаева, Абылайхан Ержан. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 16.1 (150.1). — С. 44-45. — URL: https://moluch.ru/archive/150/42717/ (дата обращения: 15.11.2024).



Тарих тағлымында тарланып, тотаритарлық жүйеге қорланып, ақиқаттың шынайы шыңынан орын ала-алмаған тарихымыздың ақтаңдық беттері мен ұлтымыздың азаттығын сақтау үшін, ұлылығын дәріптеу үшін, елі мен отанының болашағына қасқайып қызымет еткен, ақиқатты ардақтап ту еткен, аяулы ұлтының біртуар азаматтары туралы, қазіргі тәуелсіз еліміздің болашақ азаматтарының бойына сіңіріп, азаттық пен ақиқаттқа жол сілтеу.

Бүкіл өркениетті қоғамда болашаққа жол салу үшін өткенді еске алып отырудың қалыптасқан үрдісі бар. Осындай мәңгі есте сақтап, тағзым ететін, қиын-қыстау күндерді ұмытпай жүруге тиіс дәстүрлердің бірі — Елбасы Жарлығымен елімізде жарияланған 31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Бүгінде тәуелсіздік алып, бүкіл төрткүл әлемге танылып отырған Қазақстанның өткен тарихында нәубетті кезеңдер аз болған жоқ. Мыңдаған ұлдарымыз бен қыздарымыз қуғын-сүргін топалаңына ұшырап, сталиндік лагерлерде азап шекті. Қуғын-сүргінге ұшыраған талай боздақтарымыздың өздерімен қатар, олардың әйелдері мен балалары да лагерлер мен түрмелерде азапқа түсті, жоқшылыққа ұшырады.

Қуғын-сүргін сол бір аяулы азаматтардың берекелі шаңырағын шайқалтты-ау келіп. Айтыңызшы, шындыққа ұмтылудан артық қандай қасиет бар? Шындық шырқырап, құлындағы дауыс естіліп жатса да «троцкишіл, жапонның, ағылшынның, немістің тыңшысы» деп халық жауы атанған талай-талай азамат түрмеге жөнелтіліп жатты. Ана күйеуінен, баласы анасынан айырылды. Заман тыныш. Сонда халықтың жауы кім болғаны? Қайдан келген жау?!Жиналған жүкті ірітіп бұзатын қара күйе деген болушы еді. Немесе егінді тып-типыл ететін көк шегіртке, саранша дегенді естуші едік. Халқына қызмет етушілерге «халық жауы» деп жала жабылуы ойланарлақ жағдай.Қаншама миллион адам артында ұрпақ қалдырмастан өмірмен қоштасты. Спартаның заңы секілді әлсіз, өмірге қабілетсіз жандар ғана таудан лақтырылған жоқ, керісінше қоғамына таңдап алынған адамдар жан берді.Яғни қоғамдағы ең білімді,нағыз дарынды, еңбек сүйгіш еркін ойлы, бір сөзбен айтқанда зиялы қауым саяси өмірден ажыратылды, аласталды.

«Басқа түссе баспақшыл» дегендей, әркімнің жан сағалауы үшін әртүрі қулық-сұмдық, айла-шарғы жасауға бір табан жақын тұру етек ала бастады. Өз басы арандамас үшін жалған көрсетілді, «донос»жасаған талай-талай адамдар бөгде жолға түсті. Еститін құлақ ұзын, көретін көз жүз есе көреген болды. Өзінен лауазымы жоғарылар не айтсада мақұлдай беретін, ыңғайға бейімделгіш жылпостар көбейді. Жан сауғалау үшін заң орындарына көптеген саяси сауаты шамалы жағымпаздар мен қорқақтар топтала бастады.Шаш ал десе бас алатын қаныпезерлер солар еді.Алғашқыда бұл жерде «26-нүкте» деп аталатын орын болған. Соның негізінде 1938 жылы НКВД-ның Ақмола арнайы бөліміне (Қарағанды лагеріне) қарасты «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері» пайда болды [1, б. 10].

Қазір Астана қаласына таяу жерде орналасқан Ақмол поселкесіндегі қуғын-сүргін құрбандарына арналған аллеяда осы лагерьдің аты жазылған тақтайшадағы «отанын сатқандар» деген сөз тырнақшаға алынған. Тұтқындар лагерьді бір сөзбен «АЛЖИР» деп атады. Бұл лагерьге Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандардың әйелдері мен туған-туыстары қамалды. Осынау сегіз мың әйелдің бар айыптары — «халық жауы» атанған күйеулері мен туыстарынан бас тартпағандығы еді. ГУЛАГ лагері Совет Одағының түкпір-түкпірінде қаптап кетті. «АЛЖИР» де жер бетіндегі сондай тозақтың бірі болатын. Кейін лагерь өз алдына ауыл шаруашылық өндірісі, шеберханасы мен тігін фабирикасы бар сан-салалы шаруашылыққа айналды. 1953 жылы жабылғаннан соң тұтқындар кенті Малиновка деп аталды, кейіннен Ақмол деген атауға ие болды. Бұл жерді тұтқындарың өзі адам тұратын қалыпқа келтірді. Барак, асхана, мал фермалары, астық қоймалары мен шеберханалардың барлығын тұтқын әйелдер өздері салды. Олардың басым көпшілігі — интеллигенция өкілдерінің қара жұмысқа үйренбеген әйелдері болатын [2, б. 45].

Тұтқынға алу тұтқиылдан жүргізілді. Олардың арасында бұрынғы көрнекті партия-кеңес қайраткерлерінің әйелдері мен балалары, жақын туыстары жапа шекті. Онда маршал М. Н. Тухачевскийдің қарындасы Е. Н. Тухачевская, А. С. Енукидзенің әйелі мен қызы, С. Сейфуллиннің әйелі Гүлбаһрам, Б. Майлиннің әйелі Күнжамал, Т. Рысқұловтың әйелі Әзиза, С. Қожановтың әйелі Күләндам, С. Меңдешевтің әйелі Рәзия, Т. Жүргеновтың әйелі Дәмеш, Н. Нұрмақовтың әйелі Зүпнұн, С. Аспандияровтың әйелі Рабиға, Майнұр Сарымолдаева, Елизавета Садуақасова, Мария Есқараева, Мәриям Тоғжанова, Әйіш Құлымбетова, Бибіжамал Сырғабекова, Сағадат Таштитова, Шәкітай Тәтімова, Айша Қабылова, Кира Нұрмағамбетова (лагерьде атылды), Жанбике Шанина, Хадиша Мусина, Сақыпжамал Назарова (Зарап Темірбековтың әйелі), Уәзипа Күленова, Мағрипа Рүстемова, Әсма Шоманова, Зағипа Тінәлина, Баршын Қалменова,Мәдина Оразова, Мәрияш Есенгелдина т. б. көптеген қазақ азаматтарының әйелдері, аяулы аналар «жазасын» өтеді [3, б. 14]. Мұрағат құжаттарында баяндалғандай Ақмола бөліміндегі жағдай тексеріс болып өткеннен кейін де одан әрі нашарламаса жақсарған жоқ. Осылайша Ақмола лагеріндегі әйелдердің жай-күйлері уақытқа, жағдайларға байланысты әрдайым өзгеріп тұрды. Бірінші күні келгеннен бастап, қатаң тәртіп сақталып, зона ішінде өз бетінше қозғалуға, жазуға, оқуға, әсіресе өлең жазуға тыйым салынды. Әрбір жаңылыс басқан қадамы үшін карцер дайын тұрды. Бұл тәртіп Ұлы Отан соғысы басталғанда одан әрі қатаңдана түсті. Қандай жағдайда болмасын, әйелдер міндетті еңбек етуден босатылған жоқ. 1942 жылдан бастап «Р-17» «АЛЖИР» еңбекпен түзеу лагері бүтіндей әйелдер лагері болудан қалады. Енді бұған 5-баппен сотталған, фашистер басып алған территориядағы лагерьлерге отырған еркектер әкеліне бастады. Соғыстың аяғына дейін бұған тағы да ерлердің екі тобы жеткізілді.Қостанай түбіндегі еркектер лагері таратылып, онда тірі қалған тұтқындарды осында ауыстырды [4, б. 66].

Тәуелсіздікке қол жеткелі бері көптеген деректер жарияланып, ақиқаты анықтап жүр. Лагерьде азапты күн кешкен аналарды білген сайын ет жүрегің елжіреп, өзегің өртенбей тұра алмайсың. Тағдырларымен өте-мөте танысып зерттеген үш арыстың арыстың бірі Сәкен Сейфуллиннің әйелі туралы әңгімелейік. С. Сейфуллин 1938 жылғы 25 қаңтарда атылды. Бұл күнгі оққа байланғандардың саны — 37. Б.Майлин мен І. Жансүгіровтің атылған күні 26 ақпан, бұл күні 39 адам құрбан болған. Осыдан кейін үш арыстың зайыптарына зобалаң басталды. С. Сейфуллин өмірі мен шығармашылығын ұзақ уақыт сарыла зерттеп, бірнеше кітап шығарған, көптеген мақалалар жазған аса білімпаз да еңбекқор ғалым Т. Кәкішев Гүлбарам туралы да деректер келтіріп отырды. Оның «Қазақстан жаршысы» атты газетте жарияланған «Сәкеннің соты» деген көлемді мақаласында (1994 жыл, 29 сәуір, 3–4 мамыр) Гүлбарамның көзінше НКВД қызметкерлерінің тінту жүргізіп, Сәкеннің орден, партбилет, профбилет, 58 кітабын, 14 бума қолжазбасын, тапаншасын, автомашинасын, 4500 рубль ақшасын, тағы басқа заттарын хаттап алып кеткенін деректі негізде көрсеткен [5, б. 65].

Бұл жөніндегі протоколға қол қойдырып, көшірмесін Гүлбарамға қалдырған. Қайрат көрсете алмаған ғой. Бірақ, жаны шырқырап тұрғанында сөз жоқ. «Халық жауларының» әйелдерінің қай-қайсысы болмасын, көрген күні сол болды. Қиын — қыстауда жазықсыз қуғын –сүргінге ұшыраған аналарымыздың біздерге әперген бейбіт өмірдің қадірін қастерлей білейік.

Әдебиеттер:

  1. Гринев В. М., Гринева Т. В. Эхо массовых политических репрессий. Астана, 2005.
  2. Кукушкина А. Р. «АЛЖИР». Алматы, 1995.
  3. КАРЛАГ. Шаймуханов Д. А., Шаймуханова С. Д. Караганда, 1997.
  4. Адилет. Материалы круглых столов и семинаров. АЛЖИР, 1995.
  5. «Узницы Алжира». Москва, 2003.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Задать вопрос