Мемлекет және дін: арақатынас мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Абдукаримов, Ш. Н. Мемлекет және дін: арақатынас мәселелері / Ш. Н. Абдукаримов, А. Ж. Наурызбаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 8.1 (142.1). — С. 1-4. — URL: https://moluch.ru/archive/142/39970/ (дата обращения: 20.04.2024).



Қазақстан – көп ұлтты, поликонфессионалды (көп конфессиалы, дінді) мемлекет. Елімізде 140 этнос пен 17 конфессия өкілдері тұрады. Егемендік алғаннан кейінгі 26 жылда елімізде діни бірлестіктердің саны 700 ден 3621-ге дейін өскен. Қазақстанда 2009 жылы өткен санақ барысында еліміздің 70,2 пайыз халқы ислам дінін ұстанса, 26,3% -христиан дінінде, 2,8% - ешқандай дінге сенбейтіндер яғни атеисттер, 0,01% - буддизм, 0,5% - діни сенімі көрсетуден бас тарқан екен. Демек, мемлекет тұрғындарының 97 пайыздан астамы өздерін қандайда-бір діннің өкілдері қатарына жатқызады [1]. Алайда, олардың барлығы діндар емес, яғни өздерінің діни сенімі талап ететін қағидалары мен жоралғыларын орындай да, біле де бермейді. Мысалы, өздерін мұсылмандар қатарына жатқызатын азаматтардың барлығы бірдей бес уақыт намаз орындауды былай қойғанда, исламдағы бес парызды тізіп айтып бере алмайды. Сол сияқты, Христиандардың ішінде өздерін Православиялықтар қатарына жатқызатындар имандылықтың символын (символ веры) немесе діни сенімдерінің Католицизм немесе Протестантизмнен айырмашылығын айта алмайды. Негізінен халықтың басым көпшілігі дінге тек неке қию, жерлеу рәсімдерін орындау және діни мерекелерді атап өту кезінде жүгінеді.

Қазіргі таңда посткеңестік елдердің барлығында дерлік діни қайта өрлеу, жаңғыру үдерісі жүріп жатырғандығын аңғаруға болады. Кеңес Одағы ыдырап, мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде тұрып жатқан этностар өздерінің ата-бабаларының ұстанған дәстүрлі діндеріне қайта бет бұра бастады. Қазақстанда дәстүрлі діндер қатарына Ислам діні, оның ішінде Суннитік бағыты (Ханафи мазхабы) және Христиан діні, Православия бағыты жатады.

Қазақстанда діни бірлестіктердің санының күрт өсуіне егемендіктің алғашқы жылдарындағы демократия, гуманизация, діни сенім бостандығы ұранымен қабылданып кеткен ҚР «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы Заңының (1992) тым либеральдығы өз ықпалын тигізгені анық [2]. Себебі, аталған заңның талаптары бойынша діни бірлестік құрып, оны әділет органдарында тіркеу үшін, діни бірлестікке құрылтайшы ретінде небәры 10 адамның жиналуы жеткілікті болатын. Сондай-ақ, құрылтайшылар діни бірлестіктің ішкі жарғысында еліміздің заңдарына қайшы келетін көзқарастарды көрсетпесе болғаны, мемлекеттік органдар ондай діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуге қоюға кедергі жасай алмайтын. Міне, осындай заңымыздың қарапайымдылығынан көптеген елдерде секталар қатарындағы оккультті, деструктивті діни бірлестіктер еліміздің аумағында емін-еркін еніп, заңды түрде өз қызметтерін жүзеге асырып келді. 15.10.2011 жылғы «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы» Заңда еліміздегі діни бірлестіктердің мәртебесін үшке бөлген [3]. Яғни, діни бірлестіктер жергілікті, өңірлік және республикалық мәртебесі бар діни бірлестіктер болып жіктеледі. Сондай-ақ, бұрынғыдай он адамның қолын жинап, діни бірлестік құра салу практикасы тоқтатылды. Енді құрылатын діни бірлестіктердің жарғылары Дін істер агенттігінің сараптау коммиссиясынан өткізілетін болып, елдегі барлық діни бірлестіктер қайта тіркеуден өтуге мәжбүр болды. Сонымен қатар, жергілікті мәртебедегі діни бірлестік құру үшін, бастамашы ретінде ҚР азаматтары қатарынан елу адам жинау қажет болса, өңірлік діни бірлестік құру үшін бес жүз адам, ал республикалық діни бірлестік құру үшін бес мың адам жинау талабы қойылды. Бұл еліміздің дін саласындағы заңнамада ілгері басушылық болып табылады. Себебі, бұрындары тіркеліп кеткен кейбір діни бірлестіктердің мүшелерін тексерген кезде, кейбір қол қойған мүшелері өздерінің діни бірлестік мүшелері ретінде тіркелгендерін білмейтін болып шыққан жағдайлар кездесті.

Әрбір қоғамда, тіпті коммунистік тоталитарлы, әкімшіл-әміршіл жүйедегі Кеңес одағы билік етіп тұрған кездің өзінде, халықтың арасында дінге сенуші, діндарлардың белгілі бір пайызы болғаны рас. Кеңес одағының өзінде діни сенім бостандығы болды. Дін мен мемлекет - қоғамның ажырамас элементтері. Ал діннің зайырлы мемлекеттегі ролі мен мағынасы, дін мен мемлекеттің ара қатынасына келер болсақ, бұл сұрақтың төңірегінде көптеген пікір-таластар орын алуда.

Зайырлы мемлекет қағидасы бойынша діннің мемлекетке үстемдік етуіне жол берілмейді, дін мемлекет істеріне араласпайды, алайда, зайырлы мемлекет дінді де мүлдем жоққа шығармайды. Яғни, зайырлылық дегеніміз ол атеисттік деген сөз емес, бұл туралы өзінің «Ұлт пен дін – тәуелсіздіктің арқауы» атты кітабында философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы баяндаған [4].

Мемлекетіміздің зайырлылығының құқықтық негізі ретінде ата заңымыз Конституция мен «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының баптарына тоқтала кетсек. Барлығымызға белгілі, Конституцияның бірінші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы … мемлекет деп орнықтырады»,- делінген [5]. Діннің мемлекеттен бөлінгені туралы конституцияда көрсетілмеген. Ал «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 3-бабының 1-бөлігінде мемлекеттің дін мен діни бірлестіктерден бөлінгендігі көрсетіледі. Сондай-ақ, осы заңның 3-бабының 3-бөлігінде, ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейтіндігі, ал 4-бөлігінде діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болатындығы айқындалады. Заң шығарушы аталған заңның преамбуласында «халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өмірінде ханафи бағытындағы исламның және православтық христиандықтың тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының діни мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады»,- деп көрсетеді.

Діннің саясатқа араласуына тосқауыл ретінде Конституцияның 5-бабының 4-тармағында Республикада діни негізде қызмет ететін саяси партияларға жол берілмейтіні көрсетілгенін атап өтуге болады. Азаматтарымыздың діни сенім бостандығы саласындағы құқықтарына келер болсақ, Конституцияның 14-бабында «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең», «дінге көзқарасына, .... байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды»-деп көрсетілсе, 22-бабында «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар» - деп көрсетілген [5,7б]. Конституцияның осы және өзгеде заң нормалары мемлекет пен діни қатынастардың концептуалды негізін анықтайды.

Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес мемлекет:

- ҚР азаматының, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның дінге және ұстанатын дініне өз көзқарасын айқындауына, ата-аналардың немесе олардың өзге де заңды өкілдерінің балаларды өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуіне, мұндай тәрбиелеу баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндірген, оның құқықтарына қысым жасаған және жауапкершілігін шектеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына, егемендігіне және аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған жағдайларды қоспағанда, араласпайды;

- діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын орындауды жүктемейді;

- егер дiни бiрлестiктердiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, дiни бiрлестiктердiң қызметіне араласпайды;

- дiн ұстанатын және оны ұстанбайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бiрлестiктер арасында өзара төзушілік пен құрметтеу қатынастарын орнатуға жәрдемдеседі.

Яғни, мемлекеттің заңдарын барлығы орындауға міндетті ал, діни қағидалар мен талаптар – тек діни бірлестік өкілдерінің өз еркіне байланысты.

Дін көп жағдайда мемлекет пен биліктің мүддесіне қызмет етеді. Дін халыққа рухани тәрбие береді, билік басындағылардың билігін мойындатады. Мысалы, мешіттер мен шіркеулерде діни қызметкерлер дінге сенушілерді басшылыққа бағынуға шақырады, яғни басшылыққа бағыну ісін құдайға жағымды іс, ал керісінше билікке қарсы шығу құдайдың алдына күнәлі іс екенін түсіндіреді.

Қазіргі таңда Қазақстандағы мемлекеттік билік жастарды тәрбилеу саясаты мен экстремизмге қарсы күрес бағытында діни бірлестіктердің қызметін белсенді пайдалануда. Атап айтқанда, Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының (ҚМДБ) имамдары жоғарғы және арнайы орта оқу орындарындағы студенттік орталарда, бас бостандығынан айырылғандар арасында, яғни түрлі түзеу мекемелерінде және өзге де мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері арасында ақпараттық насихаттық топтар құрамына енгізіліп, халық арасында діни экстремизмнің алдын алу бағытында ұйымдастырылатын іс шараларға тартылған. Бұл жерде менің назар аударғым келетін бір мәселе еліміздің «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 3- бабының 4 бөлігінде « Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады», - делінген [3,2б].

Сонда елдегі тіркелген діни бірлестіктердің ішінде тек ҚМДБ өкілдері ғана мемлекеттің тәрбиелеу функциясына аралсуы қалай болғаны? Бұл дін саласындағы заңға және мемлекеттің зайырлылық қағидаттарына қайшы келмейме деген орынды сұрақ туындайды. Сонымен қатар, елімізде тіркелген өзге конфессиялардың құқығын кемсітпейме деген де ой келетіні заңдылық. Демек, қазіргі діни экстремизм мәселесінің өзектілігі кезінде, бұл «індетке» қарсы күрес бағытында зайырлы мемлекет діни бірлестіктердің көмегіне жүгінуге мәжбүр деген тұжырым жасауға болады.

Сондықтан мемлекет, қоғам және дін ол адам өмірінің ажырамас бөліктері. Адам қоғамнан тысқары, мемлекеттен бөлек өмір сүре алмайды. Мемлекет өз кезегінде адамсыз құрылмайды. Кез-келген қоғамда өзінің діни нанымдары болады. Зайырлы мемлекет діннен, ал дін мемлекеттен бөлек дегенімен адам өмірінің осы екі маңызды элементтері бір-бірінің қажеттіліктерін өтеуге жәрдемдеседі.

Өкінішке орай, қазіргі таңда әлемде ислам дінін терроризммен байланыстыру үйреншікті жағдайға айналып барады. Қоғамда исламфобия қалыптасқан. Қазақстандық қоғамда исламафобияның туындайтындай себептері де жоқ емес. Себебі, тек қана 2010 жылдан бері елімізде қаншама террактілер орын алып, теріс пиғылды діни ағымдардың қызметі әшкереленіп, кейбіреулері «экстремистік» деп танылды. «Зікіршілер» немесе «Исматуллашылар» атымен белгілі болған «Сенім, Білім, Өмір» қоғамдық бірлестігі болып құрылған ислам дінінің өкілдері заңсыз әрекеттері үшін бүкіл Қазақстан аумағындағы қызметі әшкереленді. 2011 жылы Ақтөбе облысындағы, Ақтөбе қаласы мен Кеңкияқ ауылдарындағы қанды оқиғаларда ислам дінінің атын жамылып, өздерінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асырып келген дәстүрлі емес «Салафизм» діни ағымының радикалды мүшелерінің қылмыстық әрекеттері орын алды. Сонан соң, Маңғыстау, Атырау, Алматы, Жамбыл облыстарындағы террактілерді де ислам дінінің атын жамылған, адасушы радикалды топтардың мүшелері жүзеге асырған болатын. Соңғысы 2016 жылы Алматы және Ақтөбе қалаларындағы елді шулатқан террактілерде қанша азаматтарымыз қаза болды. Сондай-ақ әлемнің түпкір түпкірінде өздерін мұсылман санайтын радикалды террористік топтар қарапайым халық арасында үрей тудыру мақсатымен қаншама қантөгістер жасады. Олардың ішінде соңғы кезде өзекті, әрі ғаламдық проблемаға айналған, көптеген елдерде террористік деп танылған «ДАИШ» ұйымы немесе өздерін «Ислам мемлекеті» деп жариялаған ұйымды атауға болады.

Алайда, бұл ислам дінін ұстанушылардың барлығы бірдей экстремист немесе террорист деген сөз емес.Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ислам әлемге емес, әлем исламға қауіп төндіріп тұр» деген еді. Сондай-ақ, Президенттің еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарында экстремизммен күрес және діни сенім бостандығы бағытында айтқан сөздеріне тоқталсақ: «Үкіметке менің Әкімшілігіммен бірлесіп, Діни экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама дайындауды тапсырамын. Сөйте тұрып, мен ұлтты да сақтандырғым келеді. Экстремизммен күрес әйтеуір жазықтыны іздеп табуға айналып кетпеуге және дінмен күреске жалғасып кетпеуге тиіс. Дін мәселелерінде ойластырылған қадам және өте мұқияттылық қажет. Мемлекет діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпауға тиіс. Біз ұят, толеранттылық және төзімділік еркіндігі принциптерін қастер тұтуымыз керек»,- деген болатын [6].

Сөйте тұра, соңғы кезде Қазақстанда мемлекетті дінге қарсы бағыттау процессі астыртын жүріп жатыр. Кейде кездері мемлекеттік қызметтегі басшылар тарапынан әсіресе ислам дінін ұстанушыларға деген көзқарастары алаңдатушылық тудырады. Намаз оқитын мұсылмандарға мемлекеттік қызметтегі басшылар «экстремист» немесе «террорист» деген атақ таңатындай көрінеді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметкерлердің мешіттерге баруына, жұма намаздарға қатысуға, мемлекеттік қызметтегі әйелдерге орамал тағуға басшылар тарапынан тиым салу деректері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, қоғамда қызу талқылауға түсуде. Барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметкерлердің мешіттерге баруына, биресми емес түрде тиым салынуда.

2016 жылдың қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысының (ШҚО) әкімі Даниал Ахметов өз қарамағындағы мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытында жұма намазға баруын доғаруын талап етті. Бұл жаңалықты көптеген ақпарат құралдары таратып, қоғамда қызу талқылауға түсті [7].

Д.Ахметов мырзаның ескертпесі орынды деп есептеймін. Себебі, мемлекеттік қызметкер жұмыс уақытында өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін орындауды бірінші кезекке қоюы тиіс. Және де жұмыс уақытында жұмыс орынын себепсіз тастап кету - ҚР Еңбек кодексінде көзделген тәртіптік шару көруге немесе еңбек шартынын бұзуға дейін әкеп соғады. Мемлекеттік мүлікті (қызметтік автокөліктерді) жеке басының шаруаларына пайдалану қызметтік әдепке қайшы келеді. Бұл жағдайда құқықтық жағынан барлығы анық. Келесі мәселе, өзге облыстарда жұма намаздың уақыты түскі үзіліс кезіне сәйкес келеді. Яғни, мемлекеттік қызметкер өз діни сенімі бойынша діни жоралғыларды орындау үшін, өзінің түскі үзілісін «құрбан етеді». Бұл жерде мемлекеттік қызметкер діни жоралғыларды қызметтен тыс уақытта орындайды, тиісінше өзінің жеке уақыты оның жеке ісі болып табылады. Соған қарамастан, қазіргі кезде мемлекеттік қызметкерлерге мешіттерге баруға бейресми емес түрде тыйым салынған.

15.10.2011жылғы Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 11-бабында «....Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр күштеп мәжбүрлеуге жол берiлмейдi», -деп көрсетілген [3, 3б].

Ал жеке өмірге қол сұғылмаушылық және діни сенім бостандығы ол тек ҚР азаматтарының құқықтары емес, жалпы адамзат мойындаған БҰҰ мен 1948 жылы қабылданған «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында» көзделген адам құқығы болып табылады [8].

Аталған декларацияның 18-бабында «Әр адам ой-пікір, ар-ождан және дін бостандығына құқығы бар; бұл құқық өз дінін немесе наным-сенімін өзгерту еркіндігін, өз дінін, наным-сенімін жеке өзі, немесе басқа адамдармен бірігіп тұтып, жария түрде, немесе жеке жолмен уағыздау, құдайға құлшылық ету, діни салт-жораларын орындау бостандығын да қамтиды»,- деп көрсетілген [8,14б]. Бұл туралы пікір-таластарда бейтарап немесе атеисттік көзқарасты ұстанатын заңгерлердің өзі адам құқығының бұзылу деректері орын алғандығын мойындауына тура келеді.

Дінге сенушілер мен мемлкеттік қызметке байланысты келесі бір мәселе ол мемлекеттік қызметегі әйелдердің жұмыс уақытында орамал тағу мәселесі. Ол туралы да жақында Nur.kz жаңалықтар сайтында «Қазақстанда мемлекеттік қызметтегі әйелге жұмысқа орамал тағып келуге тыйым салынды» деген жаңалық жарияланды. Бұл жерде мемлекеттік органның басшысы Мемлекеттік қызмет этикасына сілтеме жасап, қарамағындағы әйел қызметкерге орамал тағуға тыйым салып отыр. Осы оқиға бойынша мемлекеттік қызметтегі әйел ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктің төрағасы Қ.Қожамжаров мырзаға түсіндірме алу үшін хат жазған. Қ.Қожамжаров мырза өз жауабында мемлекеттік қызметкер қызмет барысында киім кию таңдауында агенттікпен әзірленген ұсынымдарға сәйкес келу керек деген. Сондай-ақ, ұсынымдарда бас киім туралы нақты ешнәрсе көрсетілмеген [9].

Осы жағдайда БҰҰ-ның «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» 21- бабының 2-бөлігінде «Әр адам өз елінде мемлекеттік қызметке тең дәрежеде қол жеткізуге құқылы» деп көрсетілгендігін ескеруіміз қажет. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 4-бабында Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары көрсетіледі. Баптың бірінші бөлігінің төртінші тармағында «азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы қағидаттарына негізделеді», - деп көрсетілген [8, 12б].

Қоғамда қызу талқылауға түскен бұл оқиғада пікірлер екіге бөлінді. Әйелдердің мемлекеттік қызметте орамал тағуына қарсылар, «Қазақстанды зайырлы мемлекет сондықтан мемлекеттік қызметтегілер діни ерекшеліктерін көрсетуге құқығы жоқ», - деген сияқты пікірлер айтылды. Алайда, мемлекеттік қызметкер діни сеніміне байланысты киім үлгісі ерекшеленсе, ол мемлекетіміз теократиялық мемлекетке айналды деген сөз емес. Сондай-ақ, зайырлы дегеніміз - діни сенім бостандығын мойындамайды немесе атеисттік мемлекет деген сөз емес. Әрине, дінге сенуші мемлекеттік қызметкер өз өкілеттілігін жүзеге асыру кезінде діни көзқрастарымен басшылық етіп, біреулерге басымдық беріп немесе біреулердің құқықтарын шектеуге жол бермеуі тиіс. Қалған жағдайда мемлекеттік қызметшінің өз діни сенімі болуында және оның жеке уақытында діни жоралғыларды орындауында мемлекеттің зайырлылығына қауіп төндірмейді деген сенімдемін.

Әдебиеттер:

  1. Бурова Е., Косиченко А. Қазақстан Республикасынддағы діни ахуалды дамытудың өзекті мәселелері. Алматы, 2013. – 135б.
  2. «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы ҚР Заңы, 1992 ж.
  3. «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Қазақстан Республикасының Заңы.2011ж.
  4. Айталы А. Ұлт пен дін – тәуелсіздіктің арқауы (мақалалар мен сұхбаттар). Астана, 2012ж.
  5. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995ж.
  6. "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2012 жыл 14 желтоқсан.
  7. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметов мемлекеттік қызметшілердің жұма намазға кетуіне қатысты пікір айтты. www.nur.kz
  8. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы. БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда № 217 А (III) қабылданған.
  9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 2015 жылғы 23 қараша.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, немес, ислам, III, оса, пена.


Похожие статьи

Apт-тepaпия apқылы пcихoэмoциялық cayлықты жәнe дeвиaнтты...

Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол. EOR, MEOR, мена, немес, теза.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Көкөніс өсіруде орын, уақыт пен өсіру тәсілін таңдау олардың жарықсүйгіштігіне байланысты.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Основы исламской экономики – правовые и экономические...

Священное писание Коран, достоверные Хадисы пророка Мухаммеда (Мир ему и благословение), постановления авторитетных исламских ученых) – научная система, которая состоит из социальных, экономических, политических...

Особенности исламской экономики и банковской системы

В конце 50-х — начале 60-х годов XX века в исламских университетах полным ходом шли дискуссии относительно экономической доктрины ислама. Спорили насчет того, как идеи, заложенные пророком Мухаммадом в Коране...

Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі

Основные термины (генерируются автоматически): EOR, MEOR, мена, немес, теза.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Выбор пенообразователя и стабилизатора при получении...

В статье приводятся экспериментальные данные по влиянию пенообразователей и стабилизаторов на технологические свойства пены при получении материалов ячеистой структуры.

Матуридилік – Абай дүниетанымының негізі | Статья в журнале...

Абайдың осы өлеңіндегі Алланы танудағы бүкіл Ислам әлеміндегі ғалымдардың бір ауыздан қабыл еткен негізгі доктринасы (Матуриди мен

Мекенге мұқтаждық жаратылыстың сипаты. Мұқтаждық пен өзгеру – әлсіздіктің белгісі. Ал, әлсіздік құдіретті Аллаға лайық сипат емес.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім. Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена. Похожие статьи.

Похожие статьи

Apт-тepaпия apқылы пcихoэмoциялық cayлықты жәнe дeвиaнтты...

Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол. EOR, MEOR, мена, немес, теза.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Көкөніс өсіруде орын, уақыт пен өсіру тәсілін таңдау олардың жарықсүйгіштігіне байланысты.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Основы исламской экономики – правовые и экономические...

Священное писание Коран, достоверные Хадисы пророка Мухаммеда (Мир ему и благословение), постановления авторитетных исламских ученых) – научная система, которая состоит из социальных, экономических, политических...

Особенности исламской экономики и банковской системы

В конце 50-х — начале 60-х годов XX века в исламских университетах полным ходом шли дискуссии относительно экономической доктрины ислама. Спорили насчет того, как идеи, заложенные пророком Мухаммадом в Коране...

Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі

Основные термины (генерируются автоматически): EOR, MEOR, мена, немес, теза.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Выбор пенообразователя и стабилизатора при получении...

В статье приводятся экспериментальные данные по влиянию пенообразователей и стабилизаторов на технологические свойства пены при получении материалов ячеистой структуры.

Матуридилік – Абай дүниетанымының негізі | Статья в журнале...

Абайдың осы өлеңіндегі Алланы танудағы бүкіл Ислам әлеміндегі ғалымдардың бір ауыздан қабыл еткен негізгі доктринасы (Матуриди мен

Мекенге мұқтаждық жаратылыстың сипаты. Мұқтаждық пен өзгеру – әлсіздіктің белгісі. Ал, әлсіздік құдіретті Аллаға лайық сипат емес.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім. Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена. Похожие статьи.

Задать вопрос