Қазақстандағы ұлттық инновациялық жүйе құрылымдары қызметінің негізгі көрсеткіштері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Калтаева, С. А. Қазақстандағы ұлттық инновациялық жүйе құрылымдары қызметінің негізгі көрсеткіштері / С. А. Калтаева, Р. М. Тажибаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 7.1 (141.1). — С. 31-33. — URL: https://moluch.ru/archive/141/39712/ (дата обращения: 19.04.2024).

Ұлттық инновациялық жүйені зерттеу әрқайсысы белгілі бір элементтерден құралған өзара байланысты жүйелерден тұратын оның күрделі құрылымын анықтайды. Инновациялық жүйенің барлық деңгейлері өзара байланысты және бір-бірімен өзара шартталған. ҰИЖ-ге кіретін элементтердің көптүрлілігіне қарамастан оларға белгілі-бір бүтін жүйе, яғни барлық элементтер ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін қызмет етеді. Осыған байланысты жүйенің құрылымы, оның негізгі компонеттері, сондай-ақ олардың өзара байланысы мен өзара әрекеті ерекше қызығушылық танытады.

Инновациялық кәсіпкерлік бүтіндей елдің және аймақтардың инновациялық дамуының басты факторларының бірі болып табылады. Жаңа идеялар мен технологияларды коммерцияландыру арқылы кәсіпкерлік жаңа бәсекелік қабілетті өнімді құруға және ендіруге, жаңа өндірістерді қалыптастыруға ықпал етеді.

Ұлттық инновациялық жүйе елдің инновациялық-технологиялық даму сферасында білім, ғылым, өндірістік процестерді толыққанды қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Инновациялық жобалар мен кәсіпорындарды қаржыландыру мемлекеттік даму институттарының желісі, венчурлық қорлар, жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер және басқа да инновациялық процестің қатысушылары арқылы жүзеге асырылады. Соңғы жылдардың ағымында зерттеулер мен өңдеулерді қаржыландыру көлемі өсімді көрсетті, алайда ЖІӨ-гі олардың үлесі мардымсыз.

2015 жылы бұл көрсеткіш 69,3 млрд. тенгені құрады, 2011 жылмен салыстырғанда 56%-ға артқан. Зерттеулер мен өңдеулерге кеткен шығындар 2013 жылдың қорытындысы бойынша аталған көрсеткіш бойынша көшбасшылар АҚШ (415 млрд. доллар), Қытай (208,2 млрд. доллар), Жапония (146,5 млрд доллар), Германия (93,1 млрд доллар) болып табылады [1].

Зерттеулер мен өңдеулерге кеткен ішкі шығындар көлемі Қытайда күрт өсіп отыр. 2008 жылмен салыстырғанда 2013 жылы бұл көрсеткіш 1,7 есе артқан. Шығын көлемі бойынша Қазақстан әлі де технологиялық дамыған елдерден артта қалып отыр.

Жалпы ішкі өнімдегі зерттеулер мен өңдеулерге ішкі шығындар үлесі Израилда (ЖІӨ-нің 4,38%), Оңтүстік Кореяда (4,03%), Финляндияда (3,78%), Жапонияда (3,39%) жоғары. Еуропа -2020 стратегиясына сәйкес бес мақсатты негізгі индикаторлардың бірі Еуропалық одақта зерттеулер мен өңдеулерге шығындар үлесін ЖІӨ-нің 3%-на дейін жеткізу болып табылады. 2013 жылы орташа көрсеткіш ЕО бойынша 1,94% құрады, бұл Қытайдың деңгейінен 1,84%-ға жоғары. ЕО-қа м.ше елдердің арасынлда жоғары көрсеткіш Финляндияға тиесілі (3,78%). Қазақстанда зерттеулер мен өңдеулерге шығындар үлесі бұрыңғысынша ЖІӨ-нің 0,17%-ын құрап отыр.

Қазіргі сәтте ЖІӨ-гі зерттеулер мен өңдеулерге шығындар үлесі 0,17%-дан аспайды, бұл тек дамыған елдердің деңгейінен төмен емес, сондай-ақ 1990 жылғы көрсеткіштен де төмен болып отыр.

ҒЗТКЖ орындаған ұйымдардың құрылымын қарастыратын болсақ, 2014 жылы ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысқан ұйымдардың жалпы құрылымында коммерциялық емес сектор мен кәсіпкерлік сектордың үлесі төмен болып отыр. Аталған жағдай ғылыми ұйымдардың орналасу құрылымында үлкен диспропорцияның барын куәландырады.

Дамыған елдерде мемлекеттік сектордың үлесі 30-40%-дан аспайды. Мысалы, ҒЗТКЖ-ды қаржыландырудың жалпы көлемінде мемлекеттік қаржыландыру Жапонияда – 17,7%, АҚШ-та – 31,3%, Францияда – 38,9% құраған.

Соңғы жылдары қолданбалы зерттеулерге шығындар өсіп отыр. Бұл жағдай 2006 жылдан бастап жалғасып келеді. 2015 жылы іргелі зерттеулерге қарағанда қолданбалы зерттеулерге шығын 2,3 есе өсіп, 36959,0 млн. тенгені құрады (кесте-1).

Кесте 1

Жұмыс түрлері бойынша зерттеулер мен өңдеулерге ішкі ағымдық шығындар, млн. Тенге

2013

2014

2015

Өсу қарқыны

2015/2013,%

Ішкі шығындар, барлығы

61672,7

66347,6

69302,9

112,3

Оның ішінде: іргелі зерттеулер

18197,0

15260,7

15838,8

87

Қолданбалы зерттеулер

33369,4

38394,8

36959,0

110,7

Тәжірибелік конструкторлық өңдеулер

10106,3

12692,1

16505,1

163,3

Ескерту: ҚР статистика Агенттігінің мәліметі

1000 жұмысбастыға шаққанда зерттеушілер саны көрсеткіші бойынша Финляндия Қазақстаннан 12,2 есе асып түседі, Оңтүстік Корея – 9 есе, Сингапур – 8 есе. Осылайша, Қазақстанда инновациялық даму басқа факторлармен қатар инновациялық процестер мен жобаларды басқаруға қабілетті кадрлардың тапшылығымен тежеліп отыр. Жалпы, ғылым сферасындағы белгілі бір жағымды жылжуларға қарамастан кадрлық құрам тиімді мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды талап етеді.

Ғылыми-техникалық қызмет кез-келген мемлекеттің экономикалық дамуының алдыңғы қатарлы факторларының бірі болып табылады. Қазіргі кезде ғылыми әлеуеттің бірқатар көрсектіштері бойынша Қазақстанда өсу байқалады. ҚР статистика Агенттігінің мәліметі бойынша республикада 2014 жылы Қазақстанда ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстармен айналысатын 392 ғылыми ұйымдар қызмет атқарды. Оның ішінде 245- ғылыми зерттеу институттары, 89- жоғары оқу орындары, 58- басқа да ғылым мекемелері. 2015 жылы ғылымның дамуының кейбір көрсеткіштері бойынша 2014 жылмен салыстырғанда төмендеу орын алған (кесте-2).

Кесте 2

Қазақстандағы ғылым саласының дамуының негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2011

2012

2013

2014

2015

2015/2014 жылға, %

Жалпы ішкі өнім, млрд. тенге

27300,6

30347,0

35275,2

40754,8

40761,4

100,0

Зерттеулер мен өңдеулерге ішкі шығындар, млн. тенге

43351,6

51253,1

61672,7

66347,6

69302,9

104,4

ЖІӨ-ге %

0,16

0,17

0,17

0,16

0,17

106,2

Зерттеулер мен өңдеулер орындаған ұйымдар саны

412

345

341

392

390

99,5

Зерттеулер мен өңдеулермен айналысқан персонал саны, адам

18003

20404

23712

25793

24735

96,0

Оның ішінде: зерттеушілер:

11488

13494

17195

18930

18454

97,5

ғылым докторы

-

-

1688

2006

1832

91,3

Бағыты бойынша доктор

1486

719

605

596

566

95,0

Ғылым кандидаты

3286

3629

4915

5254

5165

98,3

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс істейтіндердің орташа айлық номиналды жалақысы, тенге

121395

148530

153567

171626

186999

109,0

Ескерту: ҚР статистика Агенттігінің мәліметі

2015 жылы зерттеулер мен өңдеулер орындаған ұйымдар саны 2014 жылмен салыстырғанда 2 бірлікке қысқарған. Қарастырып отырған кезеңде зерттеулермен айналысқан ұйымдардың ең көп саны 2011 жылы болған және 412 бірлікті құраған. Зерттеулер мен өңдеулермен айналысқан персонал саны өткен жылмен салыстырғанда 1058 адамға қысқарған, оның ішінде ғылым докторы 174, бейіні бойынша 30, ал ғылым кандидаттарының саны 89 адамға қысқарған [2].

2017 жылы зерттеулер мен өңдеулерді қаржыландыруға және инновациялық қызметті қамтамасыз етуге 34,7 млрд. тенге немесе бюджеттік шығындардың 0,84% бөлінген. Бұл көрсеткіш жылдан жылға ұлғайғанымен оның деңгейі ЖІӨ-нің 0,2%-нан аспайды. Бұл қандай да бір инновациялық өсімге мүмкіндік бермейді.

Ғылыми зерттеу құрылымдары өнеркәсіп кәсіпорындарында өндірістік процеске ендірілетін жаңа технологияларды жасауды қамтамасыз етеді. Сондықтан олардың орналасуына көп жағдайда жаңа идеялар мен өңдеулерді коммерцияландырудың жылдамдығы мен тиімділігі тәуелді болады. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда мұндай құрылымдардың болмауы ғылыми зерттеулер мен өңдеулер жүргізуге қабілетсіз етіп, инновациялық даму процесін тоқтатады. Қазақстанның көптеген кәсіпорындары әлі күнге дейін ҒЗТКЖ-дың бүкіл циклін жүргізу мен өндіріске инновацияны ендіру үшін қаржы құралдарының болмауынан тек ғана технология трансфертіне бағдарланған.

2010-2015 жылдарға арналған үдемелі индустриалды инновациялық даму бойынша Мемлекеттік бағдарламада мақсатты индикатор ретінде өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін 50%-ға, экономиканың жекелеген секторларында 100%-ға жоғарылату, инновация саласында әрекет етуші кәсіпорындар санынан инновациялық кәсіпорындар үлесін 10%-ға дейін ұлғайту атап көрсетілген [3]. Алайда бағдарламада жоспарланған кейбір көрсеткіштер орындалмады. Атап айтсақ халықаралық деңгейде танылған патенттер саны жоспар бойынша 30 болса, нақты орындалғаны – 10, жаңа технологиялар мен экспериментальды өңдеулер саны жоспар бойынша 200/160 болса, орындалғаны – 160/50, коммерцияландыру орталықтары жоспар бойынша – 70, нақты орындалғаны – 25, ғылым мен инновацияға мемлекеттік шығындар ЖІӨ-нің 1% мөлшерінде жоспарланса, нақты көрсеткіш 0,17% құрап отыр.

Қорыта айтатын болсақ, кез-келген инновациялық қызметтің дамуы ғылыми-техникалық потенциалды, технологиялық модернизациялауды дамытуға бағытталған. Себебі оның іс-әрекеті негізінде жоғары сапалы бәсекеге қабілетті өнім шығарылады. Бұл елдің экономикалық қуатын көрсетеді. Мысалы, дамыған елдердегі жаңа техника мен технологияның өсуі ЖІӨ-нің 80-90%-ін құрайды. Жаңа техника мен технологияларды енгізу нарықтық бәсекелестікті, өндіріс өнімділігін арттырудың басты факторы. Өндіруші саладағы ғылымды көп қажет ететін салалардың үлесінің аздығы экономиканың одан әрі дамуына тежеу болып отыр. Экономиканы жаңа технологиялар арқылы дамыту басты бағыттардың бірі болып табылады. Әсіресе бұл бағытта Жапония, Малайзия, Корея үлкен жетістіктерге жетті.

Инновацияны құру бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, одан кейін жаңа өнімдердің өндіріске ендірілуі кәсіпорында ресурстардың көптеген санын шоғырландыруды талап етеді. Сондықтан қазіргі уақытта экономикалық даму шарттарының бірі тең құқылы мемлектетік- жеке серіктестікке негізделген және салалық және аймақтық деңгейде инновациялық қызметті дамытуға бағытталған тиімді инновациялық саясат бола алады. Мемлекеттік-жеке серіктестік механизмі ғылыми зерттеулердің қайтарымын ұлғайтады, бұл нәтижелерді кезекті коммерцияландыру мәселесін тиімді шешуге мүмкіндік береді. Мемлекет пен кәсіпкерлік сектордың бұл өзара тиімді әрекеті кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің өсуін қамтамасыз етеді

Әдебиет:

  1. Информационно-аналитический отчет за 2013 год «О тенденциях развития инноваций в Республике Казахстан и в мире» // URL: www.natd.gov.kz — официальный сайт АО «Национальное агентство по технологическому развитию» (дата обращения: 03.02.2015.
  2. Национальный доклад по науке. Астана, Алматы, 2014.-224с. Национальная академия наук РК, 2014.
  3. Государственная программа форсированного индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2010-2014 годы, утвержденная Указом Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 958 // URL: http://akorda.kz — официальный сайт Президента Республики Казахстан (дата обращения: 29.03.2015.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, URL, Казахстан, сан, дама, Корея, млрд, тенге, техник мен.

Похожие статьи

Частный сектор в экономике некоторых азиатских стран

Холдинги выручили от продажи объектов 25 млрд тенге, а СПК — порядка 3 млрд тенге.

Учитывая это обстоятельство, в Казахстане был принять Закон РК по вопросам кардинального улучшения условий для предпринимательской деятельности в РК, который вступил в силу с 1...

Оңтүстік Қазақстан облысының тамақ өнеркәсібінің даму ерекшелігі

Аймақта жихаз өнеркәсібі 1,3 млрд тенге өнімін және химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 4,9 млрд тенгенің өнімін

Соныменен, Оңтүстік Қазақстан облысы тамақ өнеркәсібін дамуын талдау мен бағалау негізінде, осы аймақтың өнеркәсібінің салаларының тұрақты дамына кері әсерін...

Факультативтік курс «Мен — азаматпын» | Статья в журнале...

Факультативтік курс «Мен — азаматпын». Автор: Мамельбаева Гульсара Сайлаубаевна.

Сейчас Казахстан является членом разных международных организаций, одной из авторитетных — Организации Объединенных Наций.

Тақырыбы. Сағат саны. 1. Қоғам. 1.

Корпоративтік салықтық менеджменттің даму мүмкіндіктері

“Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау

Назырова Г. «Финансы Казахстана» 2004г. №4 «Корпоративный налоговый менеджмент и его значение в условиях рынка».

Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың қазіргі жағдайы...

Агроөнеркәсіптік кешен – әртүрлі шаруашылық жүргізу мен меншік формасындағы кәсіпорындардан тұратын күрделі

Республикалық бюджеттен бұл мақсаттарға 4,3 млрд. тенге бөлінді. Оның қатысушылары заңды және жеке тұлғалар бола алады.

Туыстық атаулардың құрамындағы кірме сөздер | Статья в журнале...

Мақалада сөздіктердегі туыстық атаулардың құрамындағы кірме сөздерге этимологиялық талдау жасалып, олардың қолданылуы қарастырылған.

Ногайский компонент в этногенезе казахов | Статья в журнале...

Причем они были крупными племенами, каждое из которых в среднем мог выставить один сан войска (10 тысяч), отсюда пошло и название 7 санов

В пользу этой точки зрения, можно выдвинуть факт их проживания в Западном Казахстане, на границе с Большой Ногайской Ордой.

Анализ международной бизнес-среды Республики Корея и Германии

Этнический состав Южной Кореи – 99% корейцы.Южная Корея на протяжении последних четырех

Ежегодно США экспортируют химические товары на сумму более 170 млрд долл., что составляет 10

Южная Корея. Азиатский вектор внешней политики Республики Казахстан...

Задать вопрос