М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжіндегі дуалдық оқытуды енгізу эксперименттері мен нәтижелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Досмаханова, А. А. М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжіндегі дуалдық оқытуды енгізу эксперименттері мен нәтижелері / А. А. Досмаханова, Ж. О. Оразымбетова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 12.1 (116.1). — С. 23-26. — URL: https://moluch.ru/archive/116/31577/ (дата обращения: 19.04.2024).



Қазіргі нарықтық экономикалық қоғам жағдайы кәсіптік білім беруде оқыту мақсаттарын тек жалаң білім берумен ғана шектемей, бүгінгі білім алушыларды — ертеңгі кәсіби мамандарды өндіріске қажетті арнайы және кәсіби құзыреттермен қаруландырудың маңыздылығын алға тартып отыр.

Бұл қоғамдық-экономикалық аса маңызды мәселені шешудің ең тиімді жолы — кәсіптік білім беретін оқу орны мен жұмыс берушілердің арасындағы кәсіби сапалы маман даярлауға бағытталған әлеуметтік әріптестік.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында әлеуметтік жаңғыртудың негізгі қағидаттарының бірі ретінде «әріптестік қатысу» қағидатын атап өтіп, Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін жаңғыртуға байланысты бұдан былайғы қадамдарды саралай келе, кәсіби білім берудің дуалдық жүйесінің маңыздылығын атап көрсеткен.

Дуалдық оқыту — маман даярлауда бизнестің, білім алушының және мемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған кәсіптік білім берудің әлемдегі тиімді түрі.

М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі дуалдық оқыту элементтерін оқу-тәрбие процесіне енгізуді республикада алғашқылардың бірі болып бастады. Дуалдық оқыту элементтерін енгізудің алғашқы тәжірибесі 0101000 — «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша басталды. 2009–2010 оқу жылынан бастап Облыстық білім басқармасымен келісім негізінде, дуалдық оқытуды оқу-тәрбие процесіне енгізуге байланысты эксперименттік жұмыстарды жүргізу қолға алынды. Негізгі мақсат кәсіби-функционалдық құзыреттілік деңгейі жоғары, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие, кәсіби потенциалы мығым маман даярлау болды. Эксперименттің бірінші кезеңінде (2009–2010 оқу жылында) дуалдық жүйе бойынша оқытуды жүзеге асырудың халықаралық, отандық тәжірибесін зерттеу, мөлшерлік құжаттарды, оқу-дидактикалық базаны дайындау және ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстар жүргізілді. Эксперимент жұмыстарына «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының білім алушыларымен қатар «Орыс тілі», «Шетел тілі», «Музыкалық білім беру», «Бейнелеу өнері және сызу», «Технология» мамандықтарының оқушылары да қатыстырылды. 2012–2013 оқу жылынан бастап экспериментке «Театр-сәндік өнері» мен «Актер өнері» мамандықтарының студенттері де қатыстырылды. Аталған мамандықтар білім алушыларын дуалдық оқыту экспериментіне қатыстырудағы мақсат, біріншіден, мамандықтар интеграциясы арқылы балабақшадағы білім беру мазмұнын заман талабына сай байыту болса, екіншіден, аталған мамандық білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін жан-жақты қолданбалы-практикалық бағытта жетілдіру болды. Мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде жасалған жұмыс оқу жоспарына аталған мамандықтардағы әдістеме пәндерінің практикалық мазмұнын интеграциялауға байланысты 20 % көлемінде өзгерістер енгізілді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес практикалық оқытудың кіріктірілген жұмыс оқу бағдарламасы жасалды. Колледжде құрылып, жабдықталған «Шеберлік» орталығында аталған мамандықтардағы әдістеме пәндерінің практикалық сабақтарының бір бөлігі кіріктірілген жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес өткізіледі. Мысалы, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы білім алушылары бағдарлама мазмұнына сәйкес балабақшадағы оқу іс-әрекетін ұйымдастыру үшін ертегіні анықтап, ертегі мазмұнының сценарийлік желісін дайындаса, «Орыс тілі» мамандығының білім алушылары сценарий желісін орыс тіліне, «Шетел тілі» білім алушылары ағылшын тіліне аударып, үш тілдегі ертегі сценарийін таспаға түсіреді. «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының студенттері ертегі кейіпкерлері мен ертегі желісі бойынша суреттер салады, мүсіндер жасайды. Ал «Технология» мамандығының студенттері ертегі кейіпкерлеріне сахналық киімдер тігіп, қуыршақ театры үшін қол қуыршақтарын жасаса, «Театр-сәндік өнері» мамандығы білім алушылары ертегінің сахналық қойылымы үшін безендірулер жасайды, «Музыкалық білім беру» мамандығының студенттері сахналық қойылымның мазмұнына сәйкес оның музыкасын таңдап, таспаға түсіріп, дайындайды. Осылайша бірнеше мамандықтың кіріктірілген практикалық жұмыстарының нәтижесінде әрі балабақшадағы оқу іс-әрекетін ұйымдастыру үшін қажетті материалдық-дидактикалық база жасақталады, әрі мамандықтар білім алушыларының өз біліктіліктеріне сәйкес кәсіби-функционалдық, қолданбалы-практикалық құзыреттілігі артады. Дайын өнімді машықтанушылар тәжірибе жинақтау жұмыстарында пайдаланады.

Жүргізілген кіріктірілген эксперименттік жұмыстардың құндылығы оның кәсіби білімді игерушілер үшін де, оқу орнының оқытушылары үшін де, балабақша тәрбиешілері үшін де, тәрбиеленушілер үшін де тиімділігінде болып отыр.

Кіріктірілген эксперименттік жұмыстардың нәтижесінде оқу-дидактикалық база балаларға арналған музыкалық шығармалар жазылған 100-ге тарта тасымалдау дискілерімен, 20 шақты ертегілік қойылымдар сериясымен, 20 шақты балабақшаға арналған сауықтар мен кештердің сценарийлер топтамасымен, 30-дан аса графикалық диктант тапсырмаларымен, ермексаздан және жапсырмалау арқылы жасалған түрлі декорациялық бұйымдармен, шыны бетіне және қағазға майлы бояумен салынған сюжетті суреттермен, әдістемелік құралдармен толықтырылды. Балабақша тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері осы дидактикалық базаны толық пайдалануға мүмкіндік алды.

Жұмыс оқу жоспары мен жұмыс оқу бағдарламалары дуалдық білім беру бойынша келісімшартқа отырған «Шұғыла» және «Нұр-Шұғыла» балабақшаларының әдіскерлерінің қатысуымен дайындалды. Жұмыс оқу жоспары бойынша арнайы пәндер әдістемелері пәндерінің — Тіл дамыту әдістемесі, Қарапайым математикалық ұғымдарыды қалыптастыру әдістемесі, Балаларды табиғатпен таныстыру әдістемесі, Дене тәрбиесін оқыту әдістемесі, Технологияны оқыту әдістемесі, Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі, Музыканы оқыту әдістемесі — пәндерінің практикалық сабақтарының бір бөлігін аталған балабақшалардың әдіскерлері мен тәрбиешілері жүргізіп, білім алушылар қажетті білік-дағдыларды тікелей жұмыс орнындағы практикалық іс-әрекет барысында меңгеруге мүмкіндік алды.

Практикалық сабақтар мен оқу практикаларының бір бөлігінің өндіріс орнында өткізілуі, кәсіби әріптестермен бірлескен жобалар нәтижесінде білім алушылардың өндірістік тәжірибе жинақтау кезіндегі адаптациядан өтуі, өндірістік тәжірибенің алғашқы жылынан бастап-ақ өздерін кәсіби маман ретінде сезінуі, мамандықтың қыр-сырын түсінуі сияқты маңызды мәселелердің шешімін табуға қол жеткіздік.

Дуальді оқыту экспериментінің нәтижесінде аталған мамандық бітірушілерінің кәсіби сапалық көрсеткіштері, тәуелсіз білім бақылау нәтижелері, жұмысқа орналасуы жыл сайын жоғарылап келеді:

— 2011–2012 оқу жылында бітіруші 21 түлектің барлығы тәуелсіз білім бақылаудан өтіп, 87,5 % -ы жұмысқа орналасты, қалғаны жоғары оқу орнына түсті;

— 2013–2014 оқу жылында 57 бітіруші 100 %-дық білім бақылау сапасын көрсетіп, 71,6 % — ы жұмысқа орналасты, қалғаны жоғары оқу орындарына түсті.

Колледжде даярланушы «Актер өнері» мамандығының «Драма театры артисі» біліктілігі бойынша алғашқы топ 2011–2012 оқу жылында, екінші топ 2013–2014 оқу жылында қабылданды.

Облыстық мәдениет басқармасының және Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрының сұранысы бойынша 2012–2013 оқу жылында ашылған жаңа мамандықтың бірі — «Театр-сәндік өнері» мамандығы (біліктілігі — «Суретші-безендіруші»).

Аталған екі мамандық білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін өндіріс талаптарына сәйкестендіру мақсатында қаладағы Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрымен, Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясымен және колледжімен кәсіби-әлеуметтік келісімшарт жасалып, арнайы пәндер Н.Бекежанов атындағы драма театрында өткізілсе, Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясында сахна шеберлерінің мастер-кластары мен тренингтері жүргізіліп тұрады. Білім алушыларға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері, театрдың бас режиссері Хұсейін Әмір-Темір, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Үмүгүлсім Бегімова, ҚР Мәдениет қайраткері Залипа Төлепова, театр артистері Ұғым Баймаханов, Жорабек Досаевтар, Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының оқытушылары — Неміс театрының режиссері, актер Қ.Адылов және басқа да елімізге танымал кино және театр актерлері, белгілі профессорлар мен өнер майталмандары дәріс береді.

Мысалы, былтырғы 2014–2015 оқу жылында Өнер Академиясымен жасалған келісімшарт бойынша 19–24 қаңтар аралығында «Актер өнері» мамандығы білім алушылары үшін «Актер шеберлігі», «Сахна тілі», «Би» бойынша, «Театр-сәндік өнері» мамандығы білім алушылары үшін «Кескіндеме», «Үйлестіру», «Театртану технологиясы» бойынша шеберлік сыныптары мен тренингтерді Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында өткізу жоспарланып, жақсы нәтижелерге қол жеткіздік.

Дуалдық оқыту нәтижесінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту», «Бейнелеу өнері және сызу», «Технология», «Музыкалық білім беру», «Театр-сәндік өнері» мамандықтарының оқытушылары мен білім алушылары елеулі табыстар мен шығармашылық жетістіктерге жетіп отыр.

Дуалдық оқыту экспериментіне қосылған «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша білім алушылардың кіріктірілген шығармашылық жұмыстарына колледждің білікті мамандары жетекшілік жасайды. Атап айтар болсақ, кескіндеме өнерінің майлы бояу техникасы бойынша Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қ.Ембергенов, қолөнері бұйымдарын жасау технологиясы бойынша колледждің кескіндеме пәнінің жоғары санатты оқытушысы К.Бабасова мен қолөнері пәнінің жоғары санатты оқытушысы И.Шамшатова, композициялық жұмыстар бойынша оқытушылар Т.Мырзамбетов, Н.Қалымбетов, мүсін өнері бойынша оқытушы Д.Жүсіпбаев жетекшілік етеді.

Колледждің түлегі «Театр — сәндік өнері» мамандығының оқытушысы, жақында ғана Қазақстан Суретшілер одағына мүше болып қабылданған суретші-декоратор Қалымбетов Нұркеннің шығармашылық жұмыстарының негізгі тақырыбы — тарихи жанрдағы және майлы бояу техникасымен жазылған жұмыстар. «Суретші — безендіруші» біліктілігі бойынша даярланатын «Театр — сәндік өнері» мамандығының білім алушылары сахналық образ, спектакльдің көркемдік шешімін жасауды, көлемдік кеңістікті ойлауды, бутафорлық жұмыстарды, материалға фактуралық имитация жасауды меңгереді. Колледжде алған білімдерін өндірісте, яғни мұражайда, театрда, суретшілер шеберханаларында жалғастырады. Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрының суретші-декораторларымен бірлесе театрлық қойылымдардың композициясын құрып, декорациясын дайындауды үйренеді.

«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы оқушыларына сәндік қолданбалы өнер сабақтарында кесте, гобелен, бисермен жұмыстар, жүн шикізатын өңдеу арқылы бұйымдар жасау, құрақ құрау, батик өнерінен жұмыстар орындауға қолөнер пәнінің оқытушысы И.Шамшатова басшылық жасайды. Мектеп бағдарламасында қол өнерге көп сағат берілмеген, бірақ оқушылар бұл өнерді сабақтан тыс факультатив сабақтарда енгізуге машықтанады. Сәндік-қолданбалы өнер бойынша дайындалған шығармаларымен оқушылар түрлі байқау, көрмелерге қатысып, шығармашылық табыстар мен жетістіктерге жетіп жүр. Оқушылар Халықаралық Шабыт шығармашыл жастар фестиваліне жылда қатысып тұрады. Жұмыстары шеберлер қолдауымен марапаттарға да ие болды. Оқытушы И.Шамшатова да өз шығармашылығын үнемі жаңа инновациялық технологиялармен толықтырып, шығармашылық байқауларға, көрмелерге қатысып отырады. 2014 жылдың қазан айында өткен Республикалық ІІ қолөнершілер байқауында «Ақмоншақ» номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленді және «Жылдың үздік ұстазы» номинациясына ие болды.

«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының аға оқытушысы К.Бабасова сәндік-қолданбалы өнердің қыр-сырын оқушыға үйірме жұмыстарында да меңгертеді. Ата-бабамыздан сақталып келген құрақ құрау өнерін жаңа заман талабына сай орындауға өз шәкірттерін машықтандырады. Құрақтан түрлі киімдер, тұрмысқа қажетті көрпе, жастық бұйымдарын кестелеу өнерін кіріктіре үйретеді. Оқытушы тек оқушыларға үйретумен шектелмей, өз шеберлігін шыңдау мақсатында түрлі байқауларға шәкірттерімен қатысып тұрады. Нәтижесінде Республикалық ІІ қолөнершілер байқауында «Салтанат» номинациясы бойынша І орынды иеленді.

Мамандық білім алушыларының соңғы үш жылдағы кәсіби-шығармашылық жетістіктерін санамалап айтар болсақ, олар:

- «Студент көктемі — 2011» облыстық өнер фестивалінің “Жас суретшілер” байқауының ІІ орын иегері — 3 курс студенті Миранбеков Нұртілек (2011 ж.);

- «Дети рисуют мир. Центральная Азия» Халықаралық байқауының дипломанты — І курс студенті Мақсұт Жұлдызай (2012 ж.);

- «Земля — наш общий дом» тақырыбындағы республикалық сурет байқауының 4 дәрежелі Дипломы иегері — І курс студенті Ахмет Арайлым (2013 ж.);

- «Тәуелсіздік — теңдігім» атты облыстық солақай суретшілер байқауының І орын иегері — 4 курс студенті Миранбеков Нұртілек (2013 ж.);

- «Тәуелсіздік — теңдігім» атты облыстық солақай суретшілер байқауының дипломанты — 4 курс студенті Әбілдаева Салиха (2013 ж.);

- Халықаралық Шабыт фестивалінің дипломанты — Жалғасбаева Шапағат (2011 ж.);

- «Жас Аrt» І Халықаралық колледж студенттерінің театр фестиваліне 0409000 «Актер өнері» мамандығының 3-курс студенттері Айдарханова Гүлмира, Шегебаев Аманжан, Сәбитова Малика, Серікбай Қуаныш, Сәбитов Думан қатысып «Этюд» номинациясы бойынша ІІІ орын, «Әнші актер» номинациясы бойынша Мырзабаева Күнімкүл ІІІ орынға ие болды (2016 ж).

Дуалдық оқыту бойынша эксперименттік жұмыстардың қорытындысы қазіргі уақытта оң нәтижелерді көрсетіп отыр. Колледжде даярланып жатқан білім алушылардың — болашақ мамандардың кәсіби-әдістемелік, функционалдық құзыреттіліктерінің деңгейі жоғарылап, кәсіби бағдарлары күшейді, кәсіби белсенділіктері дамып, кәсіби потенциалы нығайды. Колледж білім алушылары нақты жұмыс дағдыларына төселуге, ұжымда жұмыс жасау білігіне ие болуға, әлеуметтік құзыреттілігінің қалыптасуына, таңдаған мамандығының қыр-сырын тікелей жұмыс орнында танып, психологиялық және кәсіби бейімделуден өтуге мүмкіндік алды. Практикалық іс-әрекет түрлерінің тікелей өндірісте және өндіріс маманының жетекшілігімен жүргізілуі болашақ маманның кәсіби дұрыс қалыптасуына оң ықпалын тигізіп отыр. Кәсіби-әлеуметтік серіктестік жұмыстарының дұрыс жолға қойылуының нәтижесінде бітіруші түлектеріміздің жұмысқа орналасу мәселесі де оң шешімін тауып отыр. 2011–2012, 2012–2013, 2013–2014 оқу жылдарында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығын бітіруші түлектердің барлығы — 100 % дерлік жұмысқа орналасты.

2013–2014 оқу жылынан бастап «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша бір топ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен және Қызылорда облысы білім басқармасының 23.09.2014ж. № 146 НҚ бұйрығымен Облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуальді оқыту бойынша эксперименттік оқытуды енгізу» туралы бұйрығына сәйкес жоспарға енгізілді.

Колледж ұжымы үшін 2010 жылы басталған колледжішілік эксперимент кезінде жүргізілген жұмыстардың нәтижелері мен талдау қорытындылары республикалық деңгейдегі экспериментті толыққанды жүргізу үшін жақсы дайындық болды.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, актер, драм, курс, театр.


Похожие статьи

Российский театр как актор международной культурой политики

Ульяновский театр драмы им. И. А. Гончарова неоднократно становился лауреатом различных театральных фестивалей в России и в Европе.

Театр как культурное наследие России (глазами актёров малого...) Фактором успешного развития театральной культуры как...

Перспективы и возможности внедрения дуальной системы...

Практическая подготовка будущих актеров драматических театров в Кызылординском гуманитарном колледже им. М. Маметовой осуществляется путем включения в учебный процесс комплекса взаимосвязанных видов профессиональной практики: учебной...

Зарождение и развитие жанра «мюзикл» в театральном искусстве...

Ключевые слова: культура, искусство, театр, спектакль, актёр, режиссёр, театр одного актёра, сцена, жанр, сценические этика. С веянием нового времени идет интенсивное развитие всех сфер культуры, спорта и искусства Узбекистана.

Театр эпохи Реставрации и возникновение жанра английской...

Организовал этот театр Джеймс Бёрбейдж (James Burbage), актер и плотник.

Создававшаяся под непосредственным влиянием трагедий Сенеки, драма мести обычно начиналась с появления страждущего духа или неправедно обиженного человека, взывающего к своему...

Особенности театральной системы Б. Брехта (на примере...)

3. Серебрякова-Шибельбейн Е. М. Драматургия Дюрренматта в контексте европейской драмы ХХ века на примере произведения «Ромул Великий» [Текст] / Е. М

Таким образом воплощается фраза Шекспира: «Жизнь — это театр, и люди в нем актеры» [3, с.19].

Бимагамбетова Рая Жайылхановна — Информация об авторе

Перспективы и возможности внедрения дуальной системы обучения в процесс подготовки будущих актеров драматических театров. №12 (116) июнь-2 2016 г. Авторы: Бимагамбетова Рая Жайылхановна.

Методологические аспекты вокальной подготовки артиста мюзикла

Обучение артистов балета, умеющих профессионально петь, как это делает настоящая «массовка» мюзикла за рубежом, также является задачей факультета «Артист

Пальчиковые игры интересны тем, что представляют собой театр, где актерами являются пальцы и.

Макс Рейнхардт и проблемы режиссуры шекспировской...

Немецкое театральное искусство испытывает процесс шекспиризации: « <…> во всех самых больших театрах ставят драмы Шекспира, инсценируют новые, в некоторых местах копируют

В театре оно, по мнению критика, находится в актёре, в творческой своеобразности его таланта.

Театральная режиссура: теория и практика | Статья в журнале...

Мейерхольд В. Э. Актер театра будущего и биомеханика. — М., 1922 г. Соловьева И. Н. ПЕРВАЯ студия.

Театр как культурное наследие России (глазами актёров малого...)

Оспаривание первичности драматургии в современном...

Театр, в котором художник остро чувствовал время, мог проникнуть в его драматизм «через драматургию, но на равном с ней уровне творческого мышления, со специфическими открытиями, невозможными в драме» [2;79].

Похожие статьи

Российский театр как актор международной культурой политики

Ульяновский театр драмы им. И. А. Гончарова неоднократно становился лауреатом различных театральных фестивалей в России и в Европе.

Театр как культурное наследие России (глазами актёров малого...) Фактором успешного развития театральной культуры как...

Перспективы и возможности внедрения дуальной системы...

Практическая подготовка будущих актеров драматических театров в Кызылординском гуманитарном колледже им. М. Маметовой осуществляется путем включения в учебный процесс комплекса взаимосвязанных видов профессиональной практики: учебной...

Зарождение и развитие жанра «мюзикл» в театральном искусстве...

Ключевые слова: культура, искусство, театр, спектакль, актёр, режиссёр, театр одного актёра, сцена, жанр, сценические этика. С веянием нового времени идет интенсивное развитие всех сфер культуры, спорта и искусства Узбекистана.

Театр эпохи Реставрации и возникновение жанра английской...

Организовал этот театр Джеймс Бёрбейдж (James Burbage), актер и плотник.

Создававшаяся под непосредственным влиянием трагедий Сенеки, драма мести обычно начиналась с появления страждущего духа или неправедно обиженного человека, взывающего к своему...

Особенности театральной системы Б. Брехта (на примере...)

3. Серебрякова-Шибельбейн Е. М. Драматургия Дюрренматта в контексте европейской драмы ХХ века на примере произведения «Ромул Великий» [Текст] / Е. М

Таким образом воплощается фраза Шекспира: «Жизнь — это театр, и люди в нем актеры» [3, с.19].

Бимагамбетова Рая Жайылхановна — Информация об авторе

Перспективы и возможности внедрения дуальной системы обучения в процесс подготовки будущих актеров драматических театров. №12 (116) июнь-2 2016 г. Авторы: Бимагамбетова Рая Жайылхановна.

Методологические аспекты вокальной подготовки артиста мюзикла

Обучение артистов балета, умеющих профессионально петь, как это делает настоящая «массовка» мюзикла за рубежом, также является задачей факультета «Артист

Пальчиковые игры интересны тем, что представляют собой театр, где актерами являются пальцы и.

Макс Рейнхардт и проблемы режиссуры шекспировской...

Немецкое театральное искусство испытывает процесс шекспиризации: « <…> во всех самых больших театрах ставят драмы Шекспира, инсценируют новые, в некоторых местах копируют

В театре оно, по мнению критика, находится в актёре, в творческой своеобразности его таланта.

Театральная режиссура: теория и практика | Статья в журнале...

Мейерхольд В. Э. Актер театра будущего и биомеханика. — М., 1922 г. Соловьева И. Н. ПЕРВАЯ студия.

Театр как культурное наследие России (глазами актёров малого...)

Оспаривание первичности драматургии в современном...

Театр, в котором художник остро чувствовал время, мог проникнуть в его драматизм «через драматургию, но на равном с ней уровне творческого мышления, со специфическими открытиями, невозможными в драме» [2;79].

Задать вопрос