Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Асылбекова, Ж. О. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар / Ж. О. Асылбекова, Н. О. Нетбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 12.1 (116.1). — С. 19-21. — URL: https://moluch.ru/archive/116/31468/ (дата обращения: 23.04.2024).



Өзіндік жұмыс — студенттердің шығармашылық қабілеті мен біліктерін дамытуда, олардың барысында тиімді, әрі өнімді еңбек етуіне мол мүмкіндіктер жасайды. Оны оңтайлы ұйымдастыру — елеулі практикалық міндет және маңызды ғылыми проблема.

Колледж оқытушысы тек белгілі бір түрде студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастырады, ол танымдық еңбекті студент өзі жүзеге асырады.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесіне көптеген зерттеулер арналған, бірақ оның қызметін, ерекшеліктерін, ұйымдастыру мазмұнын анықтауда қалыптасқан бір көзқарас жоқ.

Б. П. Есипов: «Оқушылардың өзіндік жұмысы мұғалімнің тікелей қатысуымен емес, бірақ оның белгілі уақыт мөлшеріне есептелген тапсырмасы бойынша орындалатын жұмыс, бұл кезде оқушылар өздерінің ой-өрістерін және іс-әрекеттерін қорытындылай отырып, алға қойған мақсатына жетуге ұмтылады».

Кейбір авторлар өзіндік жұмысты оқытушының нұсқауы арқылы жүзеге асатын әрекет ретінде қарастырса (А. К. Маркова, М. И. Низамов, Ә.М.Құдайқұлов т. б.), басқалары өзіндік жұмысқа оның мақсаты арқылы баға береді (В. Б. Бондаревский, Н. Д. Хмель, Р. С. Омарова, т.б.) [1].

Өзіндік жұмыс мәселесі төңірегінде жазылған еңбектерді талдай отырып, оның негізгі мағынасы әр түрлі бағытта талқыланатынын байқауға болады.

Сонымен, өзіндік жұмыс — студенттердің ойлау қабілетін дамытып, олардың белсенділігін және танымдық бағдарын, өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастыратын және танымдық біліктерін қажет ететін шығармашылық сипаттағы оқу жұмысы. Өз бетінше атқарылатын жұмыс, ең алдымен, оқу жұмыстарының мақсат — міндеттерін қамти отырып, танымдық қызмет атқарады.

Өзіндік жұмыс болашақ кәсіби қызметінде маңызды білімі мен біліктерін қамтитын, стандартты емес шығармашылық тәжірибелерді жинақтайтын, танымдық ой-өрісті кеңейтуде маңызды, студенттердің оқу және одан тыс уақыттарда орындайтын әр түрлі тапсырмалар жүйесі ретінде қарастыруға болады.

Өзіндік жұмыс істеу шеберлігі өзінен — өзі пайда болмайды, ол оқу жұмысының мақсаттарына сәйкес, түрлі танымдық тапсырмаларды орындау, ізденімпаздықпен жұмыс істеу нәтижесінде жүзеге асады.

Зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, студенттердің өзіндік жұмыс барысында танымдық біліктерінің қалыптасу шарттарына: студенттің өзіндік іс-әрекетінің қарапайым дағдыларын төменгі курстан бастап меңгеруі; оқу жұмыстары, тапсырмалары студенттердің танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін қамтамасыз ететіндей деңгейде болуы; танымдық тапсырмалардың біртіндеп күрделенуі мен деңгейлерге жіктелінуі, танымдық іс-әрекет нәтижелерінің тексеріліп, дұрыс бағаланып отыруын қамтамасыз ету қажеттігі айқындалды.

Өзіндік жұмыс барысында танымдық біліктерін қалыптастыру: танымдық іс-әрекет мән-мағынасын, мақсатын түсінуді; оған деген қызығушылық пен қажеттілікті қамтитын мотивтерді; танымдық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті білім мен біліктерді, дағдыларды және студенттің жеке басына тән интеллектуалдық қасиеттерін қамтитын, іс-әрекетті алдын-ала жоспарлай білуді, оны ұйымдастыра алуды; іс-әрекеттің нәтижесіне деген жауапкершілікті сезінуді қамтитын; өз іс-әрекетіне есеп беріп, реттеп отыруды; нәтижені бағалай білу және саралай білуді қамтитын реттеуші — бақылау түрінде анықталды.

Демек, болашақ мамандардың теориялық білімінің жоғары деңгейіне, танымдық ізденімпаздығына, шығармашылық ұмтылысына,мәдениеттілігіне, біліктерінің қалыптасуына дұрыс ұйымдастырылған оқу ісі мен аудиториядан тыс өзіндік жұмыс арқылы қол жеткізе алады.

Р. С. Омарова өз зерттеулерінде оқу- танымдық өзіндік жұмыстарды дидактикалық шарттары менерекшеліктеріне қарай бес топқа жіктейді:

 Жаңа теориялық білімді игеруге арналған өзіндік жұмыстар;

 Жаңа эмпирикалық және практикалық білім алуға арналған өзіндікжұмыстар;

 Білік және дағдыны қалыптастыруға арналған өзіндік жұмыстар;

 Шығармашылық бағыттағы өзіндік жұмыстар;

 Алған білімдерін бекітуге және жүйелеуге арналған өзіндік жұмыстар.

  1. Жаңа теориялық білімді игеруге арналған өзіндік жұмыстар.

Өзіндік жұмыстардың бұл тобының дидактикалық шарттары мен ерекшеліктері теориялық білім, оның кәсіби әрекетіне байланыстылық дәрежесіне қарай анықталады. Мұндай жұмыстарға: өз бетімен әдебиеттерді оқу, жоспар құру, тезис, конспект жасау, логикалық тапсырмалар орындау, өз бетінше формула құрастыру, теорема дәледеу, ғылыми түсініктер қалыптастыратын түрлі жұмыстар жасау.

Көрсетілген жұмыстардың дидактикалық шарты мен негізгі ерекшелігі -оны басқарудағы педагог әрекетіне байланыстылығы. Оқытушы жаңа түсініксіз болған терминдердің мағынасын студенттерге түсіндіріп, қажеттілік болған жағдайда бұрын айтылғанды естеріне түсіру, бағыт беруі керек.

2. Жаңа эмпирикалық және практикалық білім алуға арналған өзіндік жұмыстараталуына сәйкес, эмпирикалық, практикалық білім алуға негізделген. Бұл жұмыстардың бір топқа біріктірілуінің қажеттілігі мынадай дидактикалық шарттарға байланысты:

 практикалық білім, сондай-ақ эмпирикалық сәйкес өзіндік жұмыс үрдісінде орындалуы қажет;

 мұндай өзіндік жұмыс тұрі арнайы дидактикалық материалдарды (практикалық тапсырмалар, жағдайлар т. б.) талдауды қажет етеді;

 оны өткізу әдістемесі оқулықта, оқу бағдарламаларында көрсетіледі; төртіншіден, оқу әрекетінің құрылымдық компоненттерінің жалпы ерекшеліктері ұқсас.

Өзіндік жұмыстардың бұл түрі танымдық ізденімпаздықты қалыптастыруда және ақыл- ой мен жаңа эмпирикалық практикалық білім игеруде жетекші роль атқарады. Бұл жұмыстар оқытудың өзіндік формаларын ұсынады: іскерлік ойыны, конференция, мәжіліс, пікірталас, т.б.

3. Білік және дағдыны қалыптастыруға арналған өзіндік жұмыстарға- жалпы оқу және кәсіби білік, дағды қалыптастыратын жұмыстар жатады. Тапсырмаларды бірте-бірте күрделендіре отырып, жұмысты өздігінен орындау дәрежесіне жеткізіледі.

4. Шығармашылық бағыттағы өзіндік жұмыстардың мақсаты -оқу материалы негізінде шығармашылыққа ұмтылу, соның нәтижесінде жаңалық ашу, жаңаны игеру.Жұмыстың бұл түрі мәселенің ұзақ зерттелуін талап етеді. Сондықтан сабақтан тыс уақыттарда зерттеуді өткізу әдістемесі, материал жинау әдістері, осы материалдарды іріктеу, қорытынды шығару, талдау т. б. қажет болады. Әсіресе, бұл жұмыстарды курстық, дипломдық жұмыстармен дидактикалық байланысын қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Жұмыстың қорытындысына байланысты сабақта, конференция т. б. хабарламалар, баяндамалар жасалынады.

5. Алған білімдерін бекітуге және жүйелеуге арналған өзіндік жұмыстар жоғарыда көрсетілген өзіндік жұмыстар түрлерін орындау үрдісінде жүзеге асады. Мысалы, жаңа эмпирикалық және практикалықбілім алу үрдісінде теориялық білім бекітіліп, жүйеленіп отырады. Сондай-ақ, білік пен дағды калыптастыруға арналған өзіндік жұмыстар да осы міндеттердің орындалуына септігін тигізеді. Бірақ бұл жұмыстар сапалы білім алуда үлкен маңызы болғанымен, білімді жүйелеу мен бекітудің барлық міндеттерін шеше алмайды [2].

Студенттердің танымдық іс-әрекетін дамыту, олардың жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыруда ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор.

Зерттеу жұмыстары оқу-үрдісімен қатар жүре отырып, алғашында әдет түрінде дамытып, содан кейін қалыптасып дамып, танымдық қажетсінуі түріне айнала отырып, студенттің танымдық біліктерінің дамуына негіз болады, әсіресе, бұл жұмыстарда әр студенттің жеке мұмкіндіктері мен қасиеттері айқындалады.

Студенттердің зерттеу жұмыстары қарапайым бақылаудан басталып, экс-перимент жүзінде дәлелдеуге ұласады. Ал ғылыми бақылау кезінде студент фактілерді іріктеп қана қоймай, оның сапалық жағын іздеп, бақылау мақсатына сәйкестерін тандап алады. Ғылыми бақылау қоршаған әлемнің енжар бейнесі емес, керісінше, мақсатқа бағытталған, ұйымдасқан процесс, бақылау нәтижесінде қоршаған орта мен кұбылыстар туралы дәл және объективті ақпарат беріледі. Ал эксперимент — танымдық іс-әрекеттегі бақылау және басқару жағдайында құбылыстың зерттелеуін қамтамасыз етеді.

Студенттердің зерттеу жұмыстары тек оқу-танымдық әрекет қана емес, болашақ мамандарды даярлаудың қажетті шарттарының бірі деп түсінуге болады. Студенттің пәнде оқылатын материалдарды меңгеруге арналған типтік есептеулер деп аталатын арнайы құрылған есептерді орындау, сонымен қатар рефераттар жазуды студенттердің зерттеу жұмысына жатқызуға болады. Сабақтан тыс оқу залдарында, компьютерлік кластарда, үйде орындайтын танымдық тапсырмалары оқулықтар мен құралдарды, лекция конспектілерін, сонымен қатар ғылыми монографияларды және мерзімдік басылым пайдаланса, онда ол дербес таңдау жасағаны.Мұндай студенттер ізденімпаздығымен ерекшеленіп, зерттеу жұмысына икемділік көрсетеді.Ал, егер ол танымдық іс-әрекетті нұсқау және оның дұрыстығын бақылайтын ережелер арқылы жүзеге асыратын болса, онда ол дербестік емес, оның белсенділігі ретінде қарастыруга болады.

Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау мынадай біліктердің қалыптасуына септігін тигізеді:

1) Өзінің теория білімін практикамен ұштастыра білу;

2) Өз іс-әрекетіне сындық баға беру, нәтижесіне жетуге ұмтылу;

3) Жұмысқа алдыңғы қатарлы идеяларды, тәжірибені енгізе білу;

4) Көкейкесті мәселені табу;

5) Әдебиетттермен жұмыс істей білу;

6) Талдау және жалпылау, әдістерді таңдау;

7) Жұмысты жоспарлау және нәтижесін болжау;

8) Зерттеу кезеңдерін айқындау;

9) Зерттеу әдістемесін табу;

10) Жұмысты оңтайлы ұйымдастыру;

11) Тұжырым жасау, рефлексия.

12) Қорытындылау және перспективалық бағыттарын айқындау [3].

Сонымен, студенттердің өзіндік жұмыстары — оларды даярлаудың аса маңызды жолдарының бірі, болашақ маманның жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіріп танымдық, біліктерін қалыптастырудың міндетті шарты және құралы болып табылды деп тұжырым жасауга болады.

Зерттеу нәтижесінде мынадай танымдық іздену сипатындағы тапсырмалар түрі анықталды:

 құрылымдық сызба жасау;

 оқу тапсырмаларын бағдарламалауда алгоритмдерді қолдану және жасау;

 оқу-тәрбиелік тест құрастыру;

 педагогикалық тапсырмаларды құру;

 шығармашылық сипаттагы оқу-тәрбиелік шараларды жасау;

 кітаптар мен мақалаларға пікір жазу;

 реферат, баяндама жазу.

Мұндай тапсырмалар мен міндеттерді орындау барысында студенттердің жоспарлау және ұйымдастыру біліктері қалыптасады.

Әдебиеттер:

  1. Педагогика. Дәріс курсы — Алматы. «Нұрлы әлем», 2008–368 бет.
  2. Ахметова А. Бастауыш сыныптардағы өзіндік жұмыстардың маңызы // Бастауыш мектеп, 2013, № 3, 4б.
  3. Баширова Ж. Р. Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру.- Алматы, 2003–129б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос