Болашақ мамандарға заманауи білім кеңістігін қалыптастырудағы деңгейлік бағдарламаның маңыздылығы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Есмаханова, У. А. Болашақ мамандарға заманауи білім кеңістігін қалыптастырудағы деңгейлік бағдарламаның маңыздылығы / У. А. Есмаханова, Г. У. Абиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 12.1 (116.1). — С. 28-30. — URL: https://moluch.ru/archive/116/31465/ (дата обращения: 20.04.2024).



ХХІ ғасырдағы адамның руханилығы, оның шығармашылық интеллектісі, жаңалықтарға ашықтығы қоғамның негізгі капиталы ретінде бағаланады. Тәуелсіз еліміздің болашағы тәрбиелі, білімді, саналы жастардың қолында және біздің қазіргі қоғамымызда бала тәрбиесі мәселесіне қатысты қажеттіліктер жеткілікті. Осы қажеттіліктерді өтеуден тақырыптың өзектілігі туындайды.

Қазіргі уақытта оқу, білім алу адамға өмірде өз орнын табуға, өзі үшін және адамзат тарихы үшін, жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді. Ш. А. Амонашвилидің сөзімен айтқанда: «Ізгі ниетті педагог болу үшін, баланың орнына өзіңді қойып, ал олардың есеюіне көмек беру үшін, оларды өз балалық шағыңның ізбасары ретінде санап, бала бола білу қажет». Қоғам дамып, өзгерген сайын тәрбиенің де мақсаты өзгеріп, жаңарып отыратыны мәлім. Қазіргі өмірде басты мақсаттардың бірі ғылым негізін игерумен қатар болашақ кәсіби мамандардың бойына адами құндылықтарды: қайырымдылықты, әділдікті, cүйіспеншілікті, бақытты бағалай білуді сіңіріп, тәрбиелеуді талап етеді.

Қазіргі заман талабына орай ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын азаматтық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болса, онда білім берудің түрлері мен әдістерін жақсартуымыз керек. Осыған байланысты педагогтар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осы тұрғыда әр педагогтардың оқыту әдістерін, жаңа технологияларды таңдап пайдалану және авторлық үлгілерді қолдану мүмкіндігі берілген.

Осыған байланысты Деңгейлік бағдарламаның мазмұнын меңгерудің маңыздылығы арта түседі. Бағдарламаның басты идеясын түсіну, көптеген ғылыми теорияға негізделген білімдермен танысу іс- әрекетті ұйымдастыруға қажетті деген педагогикалық — психологиялық білімдерді бекітіп, жетілдірулеріне негіз болады.

Қай кезеңде, қай қоғамда болсын баланың жеке тұлға боп қалыптасуы педагогтан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер осы педагогтардан да, болашақ мамандардан да үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-педагогтың қолында. Жаңа бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль арқылы ұсынады.

1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім беру және оқыту.

7. Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық.

Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасады, білім деңгейі биікке көтеріліп келеді.

Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

Тұлғаның өзіне деген сенімін арттырып және іс-әрекетін демеп, қабілетін дамытып, шығармашылық жұмысының бастамасын дамытуға және тежеуге жағдай туғызатын — шығармашыл оқытушы.

Жалпы педагогикалық үдерісте шығармашылық әлеует мәселесі маңызды орын алады. Озат ұстаз оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту барысында оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің жаңа түрлерін іздей отырып, өзі шығармашылықты тұлға болып дамиды.

Осының негізінде колледж студенттерімен деңгейлік бағдарлама негізінде сабақтар презентацияланды. Ондағы мақсат: Студенттердің тақырыпқа байланысты теориялық түсініктерін тереңдету. Бағдарлама бойынша үйренген әдіс-тәсілдерін тәжірибеде пайдалана білуге баулу. Сабақты бастамас бұрын топта ынтымақтастықты, психологиялық ахуал қалыптастыру үшін «Командада қалай жұмыс істеу керек» бейнежазбасын көру ұсынылды. Бейнежазбада көргендері бойынша өз ойларын ортаға сала отырып, топтың ережесі құрылды. Бағдарлама бойынша топпен жұмыс істеу тиімді, әрі студенттерге ұнайтынын байқалды. Оқушыларды топқа бөлгеннен кейін, белсенді әдістерді қолдану арқылы топ ішінде ынтамақтастық амосферасын құру және өзін-өзі шығармашылық тұрғыда дамытуға, тұлғаның әлеуметтік ортада өзіндік реттелуіне мүмкіндік болатын қажетті жағдайды қалыптастыруға болады. Мәселен, үй тапсырмасына шолу жасау, өткенді пысықтау барысында, диалог арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту болды. Бұл бағдарлама диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды қажет етеді. Александердің диалогтік оқытуына келсек, ол оқушылардың ой — пікірлеріне болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым — қатынастың дәстүлі моделіне күмәнмен қарайды. Студенттерді диалог пен талқылау жұмысына белсенді араластырған жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатыны тәжірибе барысында байқалды. Студенттер сабақ барысында диалогтік қатынастарды пайдалана отырып, дұрыс сұрақ қоюға үйренеді.

Барнс сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтады [4. 29 бет]. Сабақта студенттер сыни тұрғыдан ойлауда, өздерінің тіл байлығының дамығанын және басқаның пікірін тыңдай алатындығын, өз ойын басқаға жеткізе алатындығын көрсете білді. Үлгерімі орташа деңгейдегі студенттерді зерттеу барысында, олардың өткен сабақтарға қарағанда, ойын жинақтап, еркін түсіндіре алатыны байқалды.

Джигсо әдісі бойынша студенттердің жаңа тақырыпты оқып, талдап, бірігіп жұмыс жасауына мүмкіндік туды. Оқулықтан тақырыпты кең көлемде игергендерін постер арқылы қорғап, пәнді терең түсіну арқылы, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етуді үйренеді.

Тапсырманы орындау барысында байқалғаны топпен жұмыста студенттердің бір- бірімен талқылауы, яғни белсенділік деңгей өте жоғары болды. Екінші жағынан, топпен жұмыста өздерін қаншалықты деңгейде көрсете алғандықтары байқалды. Бұл әдістен байқағанымыз студенттер бір-бірін тыңдап, пікір алмасып, ойларын бөлісе алды.

Әрбір сабақта білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер жүйелі түрде қолданылып отырды. Мәселен, сабақты бекіту кезеңінде «Айналмалы шеңбер» арқылы топ оқушылары екі түрлі шеңбер құрады. Ішкі және сыртқы шеңбер. Сыртқы шеңбер ішкі шеңберде тұрған адамға белгілі бір тақырып көлемінде сұрақ қояды. Ішкі шеңбердегі адам жауап береді. Келесі де шеңбер ауысып, осылай жалғаса береді. Сонымен қатар, тақырыпты қаншалықты меңгергендігін анықтау мақсатында «Ыстық орындық» әдісі де жүргізілді. Сабақты жақсы меңгердім деген студент шығып, ыстық орындыққа келіп отырады, оған топ студенттері сұрақ қояды. Мұндағы мақсат — студенттер тақырып бойынша алған білімдеріне өзара бақылау жасайды, бірін-бірі бағалайды.

Әрбір тапсырма орындалғаннан кейін ынталандыру мақсатында «Екі жұлдыз, бір тілек», «Басбармақ», «Бес саусақ» әдістерімен және критерий арқылы бағалау жүргізіліп отырды. Тиімдірек болғаны АКТ құралымен ЕasyQuizzy-де тестілеу жұмысы арқылы бағалау. Студенттер жеке ноутбуктерімен тест тапсырмаларына жауап беріп, сол жерде бағасын көре алады.

Сабақтар барысында студенттердің бойынан пәнге деген қызығушылық байқалды. Ал, топтық жұмыста барлық студенттер өздерінің дарындылығымен ерекше көзге түсіп, алғырлықтарымен өздерін көрсете білді. Сабақ барысындағы барлық тапсырмалар студенттердің жас ерекшелігі ескеріле отырып, құрастырылды

Жалпы, осы сабақтарды жүргізу барысында балалардың бойынан білімге деген құштарлық, жаңашыл дүниеге қызығушылық, өздеріне деген сенімділік, өзінің дүниесін өзгемен бөлісуі, топ ішіндегі ынтымақтастық атмосферасын құра білуі, өз-өздерін реттеуі және бәсекеге түсуге дайын екендіктері байқалды.

Сабақтың соңында оқушыларға «Инсерт» әдісі-ББҮ кестесін толтыру арқылы жүргізілді, «Плюс, минус, қызықты» әдісі. «Плюс» — оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады. «Минус» — “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады. «Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі келетінін жазу арқылы кері байланыс жасалды.

Бұл сабақтардың нәтижесі оқушылардың іс-әрекетінен көрініс табады. Дегенмен де, сабақтарымызда уақыттың жетіспеуі, сөйлеу мәнері барысында дағдыланбау кедергі келтірді. Сол себепті, келешекте сыни тұрғысынан ойлаудың кластер, коллаж, постер, синквейн әдісін дамыта отырып, студенттердің ой-өрісін одан әрі кеңейту.

Қорыта айтқанда, деңгейлік бағдарлама бойынша өткізілген сабақтар барысында төмендегідей жетістіктер байқалды:

— Студенттер өз беттерінше шығармашылықпен ізденуге үйренді;

— Қойылған мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланды;

— Бір- біріне нақты, жүйелі сұрақтар қоюға машықтанды;

— Сабақ барысында студенттерде ерекше белсенділік, талпыныс пайда болды.

— Жеке, жұптық, топтық және ұжымдық істеу дағдылары дами бастады.

Алдағы уақытта жаңаша оқытудың тиімді әдіс -тәсілдерін қолдану арқылы жоғары жетістіктерге жетіп, нәтижелі жұмыстар көрсетуге болатындығына сенімдіміз. Дәстүрлі және дайын мәліметті беру арқылы оқытуға қалыптасқан студенттер, өз бетінше ізденіп, қосымша мәліметтер жинақтап, өз жұбын оқытуға, топта талқылауға, өз пікірлерін тиімді фактілер арқылы қорғай білуге, топтық жұмыс барысында өзін еркін ұстауға қиыншылықпен үйренді. Бірақ, студенттерге білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер қатты ұнады. Оларда үлкен қызығушылық пайда болды. Оқытушы бүгінгі сабаққа қызықты не әкелді екен? Сабақ көңілді өтсе екен, қалай болар екен? деген ұсыныстарын көздерінен оқып, біздің де сабақты кең көлемде түсінікті, әрі қызықты өткізуімізге зор ықпал болды.

Осыдан біз мынадай қорытындыға келіп отырмыз. Жеті модуль идеяларын күнделікті оқу-тәрбие процесіне ендірсек, айтылғандай кедергілерді жоятынымызға сенімдіміз және өз тарапымыздан ұсыныстар білдіруді жөн көрдік:

— Блум таксаномиясына сүйене отырып, сабақты жоспарлаудың әр кезеңіне нақты, жүйелі сұрақтар дайындау;

— Студенттерге қоятын сұрақтардың бағытына, сапасына, мазмұнына ерекше мән беру;

— Студенттердің ойын жинақтап дұрыс бағытта сөйлеуіне мүмкіндік беру;

— Диалогтік әдісті басқа модульдердің әдістерімен ықпалдастыру.

Студент пен оқытушы арасындағы мәдени қарым-қатынас арқылы студенттердің “өзіндік менін” қалыптастыратынына көз жеткізу қиын емес. Болашақ ұстаздық мамандықтың беделі, біліктілігі мен шеберлігі студенттік кезеңнен басталып, тәжірибелік сабақтар кезінде әдістемелік шеберліктерін шығармашылықпен игерулеріне мүмкіндік туады.

Сонымен қорыта келгенде, жеке тұлғаның шығармашылығын қалыптастырудың ең басты факторларының бірі — маманды кәсіби даярлау және өз кәсібіне деген махаббатын ояту. Олай болса, колледж қабырғасында студенттерді жаңалыққа, тапқырлыққа, логикалық жаңаша ойлауға, проблеманы қоя білуге және оны шешу жолдарын айқындауда, теориялық білімдерін тәжірибемен байланыстыруда ізденімпаздыққа үйретілуі тиіс. Осыларды меңгерген студенттер келешекте білім ордаларына педагог болып барғанда, балалардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыра алады деп сенеміз

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010.
  2. Тұрғынбаева Б. А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. Алматы: 2005.
  3. Айтмамбетова Б. Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері /23 лекция/ Алматы: 1991.
  4. Әлімов. А. Интербелсенді әдістемені ЖОО — да қолдану мәселелері. Алматы: 2013.
  5. Зимняя И. А. Педагогикалық психология: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Алматы: TST-company, 2005.
  6. Караев Ж. А. Педагогическая технология обучения Ж. А. Караева (метод. пособие). Алматы, Республиканский издательский кабинет. 1999.
  7. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.
Основные термины (генерируются автоматически): алматы, мена, оса.


Похожие статьи

оса, бола, мена.

- Алматы, "Алматы кітап" баспасы, 2005.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

оса, мена.

- Алматы, Өлке, 2001.

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

Лингводидактические основы обучения студентов...

«Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Учебник.- Алматы: «Сөздік-Словарь», 2005. — стр. 272. Аяпова Т. Онтогенез речевой...

Opтa мeктeптe өлкeтaну мaтepиaлдapын пaйдaлaну apқылы...

Алматы, 1993.

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Егістік дақылдар сорттарының түрлері және олардың таралуы

Сорт ‒ ауыл шаруашылығы өндірісі құралдарының бірі. Өндіріске жергілікті және селекциялық жақсы сорттарды енгізуден өнімнің мөлшері мен шығымдылығы көбейеді...

Күріш қауызы мен сабаны негізіндегі арболит бұйымдарының...

– 185 с. Удербаев С.С. Эффективный строительный материал арболит на основе сельскохозяйственных отходов. – Алматы: Ғылым, 2008.

Резиналық ұнтақтың асфальт жолдарында қолданылуы мен...

Мақалада тозған автокөлік шиналарын ұсақтау арқылы алынған резиналық ұнтақтың асфальт бетіне қосу технологиясына талдау жасап оның экологиялық, экономикалық маңызын анықтау.

Development of skills of oral speech at students of Kazakh language

Осы тамылжыған табиғаттың ғажайып шағын аңлдаған соң, сыртқа тезірек шығуға асықты.

Мен шалдың баласымын,-дедім. [4, с. 180]. This dialogue is made up between creative individuals and...

Похожие статьи

оса, бола, мена.

- Алматы, "Алматы кітап" баспасы, 2005.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

оса, мена.

- Алматы, Өлке, 2001.

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

Лингводидактические основы обучения студентов...

«Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Учебник.- Алматы: «Сөздік-Словарь», 2005. — стр. 272. Аяпова Т. Онтогенез речевой...

Opтa мeктeптe өлкeтaну мaтepиaлдapын пaйдaлaну apқылы...

Алматы, 1993.

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Егістік дақылдар сорттарының түрлері және олардың таралуы

Сорт ‒ ауыл шаруашылығы өндірісі құралдарының бірі. Өндіріске жергілікті және селекциялық жақсы сорттарды енгізуден өнімнің мөлшері мен шығымдылығы көбейеді...

Күріш қауызы мен сабаны негізіндегі арболит бұйымдарының...

– 185 с. Удербаев С.С. Эффективный строительный материал арболит на основе сельскохозяйственных отходов. – Алматы: Ғылым, 2008.

Резиналық ұнтақтың асфальт жолдарында қолданылуы мен...

Мақалада тозған автокөлік шиналарын ұсақтау арқылы алынған резиналық ұнтақтың асфальт бетіне қосу технологиясына талдау жасап оның экологиялық, экономикалық маңызын анықтау.

Development of skills of oral speech at students of Kazakh language

Осы тамылжыған табиғаттың ғажайып шағын аңлдаған соң, сыртқа тезірек шығуға асықты.

Мен шалдың баласымын,-дедім. [4, с. 180]. This dialogue is made up between creative individuals and...

Задать вопрос