Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаңа тұрпатты болашақ бастауыш сынып мұғалімін дайындау мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Маханова, Ж. Ж. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаңа тұрпатты болашақ бастауыш сынып мұғалімін дайындау мәселелері / Ж. Ж. Маханова, Г. Г. Зикир. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 12.1 (116.1). — С. 40-42. — URL: https://moluch.ru/archive/116/31461/ (дата обращения: 20.04.2024).



Қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы — білім болып табылады. Жаңа заман жаңа көзқарас тудырып, іргелі жаңғыртулар жасау мен білімді дамытудың жаңа сапалық деңгейін қажет етіп отырған кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өз назарында ұстап отыруының орны ерекше. «Қазақстан-2050» стратегиясында Қазақстандағы білім беру туралы: «...Біріншіден, барлық дамыған елдердің өзіндік бірегей білім беру жүйелері бар. Біздің алдымызда ұлттық білім берудің барлық буындарын жетілдіру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға дейін Қазақстандағы 3–6 жас аралығындағы балалардың 100 пайызын мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Демек, бұл балаларды заманауи білім беру әдістемелерімен және жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету аса маңызды болып табылады. Орта білім беруде жалпы білім беретін мектептердің деңгейін Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу қажет. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығуы тиіс. Оқытудың нәтижесінде оқушылар сыни тұрғысынан ойлау дағыдыларын, өзбетінше зерттеу жүргізу және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруі тиіс», – делінген [1].

Әрбір уақыт кезеңінде адамдардың ақыл-ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны-заңды құбылыс. Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатына да тікелей байланысты. Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнына жаңартулар енгізілуде, білім беру бағдарламасына өзгерістер енгізу бұл бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Сондықтан болашақ ұрпақ ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені оқыту керек? және «Оқытудың тиімді әдістері қандай? деген сияқты негізгі сұрақтар туындайды. Табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет екендігі дәлелденіп отыр. Сондықтан дамыған, жүлдегер елдердің білім беру жүйесін қамтамасыз ететін мына факторларға көңіл бөлуіміз қажет [2].

 Өздерінің дәстүрлі мәдениетін, дәстүрлі құндылықтары мен бағдарын сақтауға бағытталған білім беру саясаты;

 Шығармашыл, бірегей ойлайтын, үйлесімді дамыған және рухани бай жеке адамды тәрбиелеу әрі оқыту;

 Мұғалімдердің кәсіби қызметі сапалылығына қол жеткізу:

 мұғалім мамандығының жоғары әлеуметтік және құқықтық мәртебесі;

 педагогикалық жоғары оқу орындарында даярлауға лайық талапкерлерді

 іріктеу жүйесі;

 жоғары оқу орындарында студенттерді даярлау сапасы;

 мұғалім қызметіне жұмысқа алынатын кандидаттарды іріктеу жүйесі;

 мұғалімдер біліктілігін көтерудің тиімді әрі алуан түрлі жүйесі;

 мұғалімдердің педагогикалық қызмет сапасын бағалау;

 мұғалім еңбегіне мемлекеттік қолдау көрсету және ынталандыру жүйесі.

Бұл оқушылардың ақпаратты еске сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Пәндер бойынша алған білімдерін қолдану оқушыларға ХХІ ғасырдың дағдысы деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңа тұрпатты мұғалім педагогикалық процестің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқыту моделін жобалай білуі қажет. Жаңартылған бағдарламамен жұмыс жасайтын мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады. Мұғалімнің кәсіптік зерттеушілік позициясы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана айқындала түседі. Ал жаңартылған бағдарлама аясында мұғалімнің кәсіптік жетілуі қалыпты жағдай. Өйткені, балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін, оларды осы табыстылыққа жаңа тұрпатты, өзін-өзі реттеген педагог қана жетелей алады. Жаңа тұрпатты педагог алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Осындай болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі- облыстағы озық әдістемелік — педагогикалық үрдісі мен бай педагогикалық тәжірибесі бар оқу орны. Колледжде оқу-тәрбие процесін инновациялық тұрғыда ұйымдастыру,орта кәсіптік педагогикалық білім беруді халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендіріп отыру жүйелі түрде жолға қойылған. Қазіргі уақытта орта білім мазмұнын жаңарту енгізу аясында орта кәсіптік педагогикалық білім берудің мазмұны мен оқу орнының бітірушілеріне қойылатын талаптар жүйесі де өзгереді. Өйткені, бүгінгі орта кәсіптік педагогикалық оқу орнын бітіруші түлек-еліміздің ертеңгі болашағын тәрбиелеуде өзіндік орны бар, жалпы орта білім беру қызметін атқарушы педагог-маман. Қазақстанның болашағы жастар дейтін болсақ, болашақта сол оқушыларды даярлайтын арнайы кәсіптік оқу орындарындағы болашақ кәсіби мамандарда қажетті дағдылар мен стратегиялар болуы қажет. Болашақ маманды даярлауда педагогикалық стратегиялардың кең ауқымын игеруіне және қашан және қай кезде кез-келген әдіс тәсілдердің, стратегияларды пайдалану керектігін теориялық және тәжірибе жинақтау барысында біліктілікпен үйлестіре білуіне оқу орнының оқытушылары мен әдіскерлері көп үлесін қосуда. Сонымен қатар, сабақ барысындағы оқытудың қалай өтетіндігін терең түсініп, алдындағы оқушылардың эмоцияларын, сыныптан тыс және жеке өмір сүру салтын жете түсіне алуларына мүмкіндік туғызады. Қоғамда, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығырмашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды.Сол себепті бітірушілердің даярлығының сапасы, кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейі өте көкейтесті мәселелерінің біріне айналып отыр. Бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын барлық пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық белсенділігі, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Болашақ маманға қазіргі мектеп пен жаңарту аясындағы бастауыш мектеп айырмашылығын ұғындыру. Қазіргі мектепте оқыту нәтижелері оқушылардың оқу жетістіктері негізінен репродуктивті сипатқа ие болатын болса,барлық пән бойынша үлкен көлемдегі дайын ақпаратты «беріп үлгіру» керек,оқушы –оқу үрдісінің нысаны, мұғалім-ақпарат беруші болса, жаңару аясындағы бастауыш мектепте оқыту нәтижелері оқу жетістіктері продуктивті сипатқа ие болады, яғни біледі, түсінеді, пайдаланады, талдайды, жасайды,оқу үрдісі оқушылардың әр сабақта білім «өндіру»үшін өздерінің белсенді іс-әрекетімен сипатталады, оқушы-өз танымының субьектісі, мұғалім-оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырушы айырмашылығымен ерекшеленді. Сондықтан ұрпақты білім нәрімен сусындату болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің қолында болатын болса, олар оқу орнының қабырғасында жүрген кезден-ақ болашақ кәсіби қызметінде қажет болатын құзыреттіліктерге ие болуы тиіс. Олар атап айтатын болсақ: әдіснамалық, жалпымәдени, пәндік-бағыттылық. Педагогикалық қызметтің шығармашылық бағытталуы, біріншіден, мұғалімге мамандығы үшін мәні бар күшті және әлсіз жақтарын (өзін-өзі тануын, эмоционалдық реттелуін, коммуникативтік және дидактикалық қабілеттерін және т. б.) бағалай алуы; екіншіден, зияткерлік мәдениетін (ойлау, ес,қабылдау,зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынасты меңгеруі; үшіншіден, қазіргі интеграциялық үдерістер,әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алу сияқты мәселелерді қарастырумен байланысты.

ҚР Білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Мектептегі білім сапасы сапалы даярланған педагогтермен айқындалады. Олар бұл білімдерін әр түрлі әдістермен білім алушыларға береді», – деп, [3] кәсіби даярлықтың жоғары сапалы қол-жетімділігі — кәсіби сауаттылық негізі екенін анықтап берді.

Білім беру сапасын арттыруда маңызды рөл атқаратын факторлар:

1) лайықты адамдар ғана мұғалім болуы керек;

2) олар оқытушылық қызметтің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін

дайындықтан өтуі қажет;

3) әрбір оқушы сапалы білім алатындай жағдайды қамтамасыз ету қажет [2].

Даярлығы жоғары білікті, кәсіби құзырлы педагог жалпы орта білім беру нәтижесі ретіндегі құзыреттіліктерді — өзіндік менеджмент, ақпараттық, коммуникативті меңгерген жеке тұлға-оқушы қалыптастырады, сондықтан кәсіби даярлықтың арнаулы оқу пәндері негізінде іс-әрекеттік және тұлғалық-бағдарлық тәсілдерін үйлестіре отырып, кәсіби құзыреттіліктерді болашақ маманға меңгерту колледж оқытушыларының басты міндеті болып саналады. Қорытындылай келе, болашақ маманды кәсіби даярлықта әрбір кәсіптік оқу пәнінің білім мазмұны мен әдістемелік жүйесі негізінде жеке тұлғаға қойылатын кәсіби деңгейлі сауаттылық шешімін табу керек. Өйткені, кәсіби даярлықта педагогке қажетті кәсіби құзыреттіліктерді толыққанды меңгерген маман жаңартылған оқу бағдарламасын меңгеретін оқушыларына білім алу нәтижесі ретіндегі құзыреттіліктерді сапалы меңгеретіні сөзсіз.

Әдебиеттер:

  1. ҚР «Қазақстан-2050» стратегиясы.
  2. Құсайынов А. Орта білім сапасын көтеру проблемалары: оны шешу жолдары. вебинар-лекциясынан.
  3. ҚР Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2011–2020 ж.арналған мемлекеттік бағдарламасы.
  4. Облыстық, Алматы, Астана қалаларының білім басқармалары, аудандық және қалалық білім бөлімдері мен әдістемелік кабинет мамандарының біліктілігін арттыру бағдарламасы. Мамандарға арналған үлестірме материал.
  5. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында педагогикалық кадрлар даярлау жүйесін модернизациялау» республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары.
  6. Бабаев С. Б. Бастауыш мектеп педагогикасы, Алматы, 2007 ж.
  7. Қоянбаев Ж.Педагогика, Астана, 1998 ж.
  8. Жарықбаев Қ.Психология, Алматы, 199.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, Орт, бар.


Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. Похожие статьи. Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi.

Проблема расследования заказных убийств (убийств по найму)

Начиная с 90-х годов, россиянам сообщали ужасные новости: погиб журналист Дмитрий Холодов, убит генеральный директор ОРТ Влад Листьев, Депутат Госдумы Галина Старовойтова...

Научный журнал «Молодой ученый» №7 (87) апрель-1 2015 г.

Организмнің ішкі ортасы мен тамырлар жүйесінің эволюциясы.

Орта мектептегі технология сабағында қазақтың ұлттық қол өнерін пайдалану ерекшеліктері.

Научный журнал «Молодой ученый» №20 (79) декабрь-1 2014 г.

Жаңадария өзенінің тарихы мен географиялық жағдайы.

Патшалық Ресейдің Орта Азия аймағы саясатындағы Арал әскери флотилиясының маңызы (ХІХ ғасырдың екінші жартысы).

Опыт экономического поведения Starbucks для российских...

Данная статья содержит анализ бизнеса мирового лидера кофеен Starbucks. В статье рассматриваются элементы маркетинговой политики...

Стратегии развития нового Шелкового пути в XXI веке

В данной статье проводится анализ реализации проекта нового Шелкового пути. Статья раскрывает содержание понятия нового Шелкового пути...

Программы банковской лояльности: выгоды для клиента и банка

Программы лояльности банков способствуют развитию и укреплению отношений с клиентами. Реализация специальных предложений позволяет банкам достичь таких целей...

Научный журнал «Молодой ученый» №1 (60) январь 2014 г.

ХІХ Ғасырдың орта шеніндегі орыс-қазақ соғыстары.

Қазақстан Республикасы біліктілік арттыру жүйесіне сындарлы оқыту теориясы тәсілдерін енгізудегі тренер көзқарасы мен тәжірибесі.

Ретроспективный анализ мошенничества | Статья в журнале...

В статье рассматривается процесс становления и развития юридической ответственности за мошенничество: от древнего Рима до 18 века.

Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. Похожие статьи. Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi.

Проблема расследования заказных убийств (убийств по найму)

Начиная с 90-х годов, россиянам сообщали ужасные новости: погиб журналист Дмитрий Холодов, убит генеральный директор ОРТ Влад Листьев, Депутат Госдумы Галина Старовойтова...

Научный журнал «Молодой ученый» №7 (87) апрель-1 2015 г.

Организмнің ішкі ортасы мен тамырлар жүйесінің эволюциясы.

Орта мектептегі технология сабағында қазақтың ұлттық қол өнерін пайдалану ерекшеліктері.

Научный журнал «Молодой ученый» №20 (79) декабрь-1 2014 г.

Жаңадария өзенінің тарихы мен географиялық жағдайы.

Патшалық Ресейдің Орта Азия аймағы саясатындағы Арал әскери флотилиясының маңызы (ХІХ ғасырдың екінші жартысы).

Опыт экономического поведения Starbucks для российских...

Данная статья содержит анализ бизнеса мирового лидера кофеен Starbucks. В статье рассматриваются элементы маркетинговой политики...

Стратегии развития нового Шелкового пути в XXI веке

В данной статье проводится анализ реализации проекта нового Шелкового пути. Статья раскрывает содержание понятия нового Шелкового пути...

Программы банковской лояльности: выгоды для клиента и банка

Программы лояльности банков способствуют развитию и укреплению отношений с клиентами. Реализация специальных предложений позволяет банкам достичь таких целей...

Научный журнал «Молодой ученый» №1 (60) январь 2014 г.

ХІХ Ғасырдың орта шеніндегі орыс-қазақ соғыстары.

Қазақстан Республикасы біліктілік арттыру жүйесіне сындарлы оқыту теориясы тәсілдерін енгізудегі тренер көзқарасы мен тәжірибесі.

Ретроспективный анализ мошенничества | Статья в журнале...

В статье рассматривается процесс становления и развития юридической ответственности за мошенничество: от древнего Рима до 18 века.

Задать вопрос