Жастардың жыныстық мінез-құлқын қалыптастыруға әсер ететін факторлар | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Калымбетов, Е. С. Жастардың жыныстық мінез-құлқын қалыптастыруға әсер ететін факторлар / Е. С. Калымбетов, М. Е. Сахиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 12.1 (116.1). — С. 32-34. — URL: https://moluch.ru/archive/116/31452/ (дата обращения: 20.04.2024).



Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Елбасының барлық жолдауларында Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ұстану мәселесі үнемі тысқары қалған емес. Салауатты өмір салтын жастардың бойында қалыптастыру мемлекетіміздің «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің негізі ретінде көрсетілген. Онда ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау жолдары белгіленген [1].

Психологтардың пікірі бойынша, адамның 17 жасқа дейінгі қалыптасуын алса, онда ойлаудың негізгі бөлімі, негізі 6 жасқа дейін қаланады екен. Оған Л.Н.Толстойдың мына сөзі де дәлел: бес жастағы баладан маған дейін бір қадам, ал жаңа туған баладан бес жастағы балаға дейін – орасан үлкен арақашықтық. Американдық психолог Э.Торндайк үш жасқа келген баланы өзінің ой дамуының жартысын жүріп өтті деп санауға болады деген [2]. Бұл жастағы бала негізінен ата-ана тәрбиесінде болады. Осындайда Б.Момышұлының айтқан сөздері еріксіз есімізге түседі: «Менің үш қорқынышым бар.

Біріншісі – осы заманғы бесік жырын айта алмайтын келіндердің көбейіп бара жатқандығынан қорқамын. Екіншісі – балалары мен немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқандығы. Үшіншісі – дәстүрін сыйламайтын ұрпақтардың өсіп келе жатқындығынан қорқамын»,-деген еді. Расында бала 3 жасқа дейін анасы айтқан ертегімен, үлгілі әдеп, салт-дәстүрімізбен құлаққа сіңіріліп отырса, ол 3 жастан асқан соң өмірлік жолы, көзқарасы жақсара түсетінін біреу білсе, біреу білмейді.

Өкінішке орай, қазіргі жастарымыз шетелге еліктейді. Заманауи жат қылықтарға жылдам бейімделеді. Киім киіс, сөйлеу мәнері қазақи әдетке жат жастар көбеюде. Біз шетелден емес, шетел бізден үлгі алатын уақыт келген сияқты. Тіпті біздің ислам діні көп жатсыз қылықтарға, сауаттылыққа ең бастысы тазалыққа үйрететін таптырмас бағалы, аса құнды рухани байлығымыз. Неге біз осылардан аттап басқа жаққа бет бұрамыз?

Қазіргі жастардың жыныстық мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар: жағымды және жағымсыз тұстары бар. Көпке топырақ шашудан аулақпыз, кейбір жастардың мәдениетті, иманды, адамгершілігі жоғары тұстарын кездестіреміз. Себебі, ол тәрбие отбасынан бастау алады. Әсіресе, қыз балалар үшін отбасындағы ана мектебі құнды қазына. Бұл бірінші жағымды фактор. Екінші оқу орны. Жастардың біршама уақыты оқу орнында өтеді.

Қазақстан Республикасындағы адамгершілiк-жыныстық тәрбие жөнiндегі тұжырымдама туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 21 қараша N 1500 Заңнамасында былай делінген:

«Колледждер мен жоғары оқу орындарының оқушылары мен студенттерiне адамгершiлiк-жыныстық тәрбие беру, болашақ ерлi-зайыптылардың психологиялық және физиологиялық үйлесiмдiлiктерiнiң әр түрлi астарларын, отбасын құруға дайындықтың тiкелей мәселелерiн, сондай-ақ адамның биологиялық, физиологиялық, психосексуалдық қасиеттерiн қоғамдық өмiрдiң белгiлi бiр құбылыстарымен қатынасын қоса алғанда, неғұрлым өзiне тән мәселелердi қозғауы тиiс» [3].

Бұған жөнді мән бермейтін көпшілік баспа беттерінде, сөйлеген сөздерінде бала бойындағы кемшіліктерді тек мұғалімдерден көреді. Мұғалім іс жүзінде тәрбиелеумен емес, қайта тәрбиелеумен айналысады. Қайта тәрбиелеу тәрбиелеуден әлдеқайда қиын.

Кезінде барлық оқу орнында аталмыш валеология пәні жүргізілді. Жоғары жақтан болдыма, әлде кейбір оқулықтардың мазмұнынан қате кетті ме, бұл пәнді өткізсе, балдарымыз ерте бастан жыныстық қызығушылыққа бейім болады деген пікірлерден алынып тасталды. Бұл пәннің ғұмыры ұзаққа созылған жоқ. Пән жүргізілмеді, бірақ жастарымыз ерте бастан жыныстық жолға бармайтын, қызықпайтын болды деген қорытынды, пікір болды ма? Осы сұрақ бізді мазалайды. Жыныстық мәдениет туралы сауаттылық жас кезінен арнайы пән болып енгізілмесе де, ұлттық тәрбиелік сабақтармен ұштасса нұр үстіне нұр болар еді. 2014 жылдың 18 тамыздағы «Қазақ үні» газетіндегі Майра Жолдасбектің “Жабық тақырыпты” жасырып жапқанымызбен тапқан пайдамыз шамалы…» атты мақаласында былай делінген: «Психологтар жыныстық тәрбие мен отбасылық өмірге даярлау ісіне этномәдени құндылықтар арқылы ықпал ету керек деп есептейді. Бірақ қалай? Кезінде валеология пәнін мектеп бағдарламасынан алып тастау туралы мәселе көтерілгені белгілі. Көкпар тартқан көн тулақтай болған мәселе ақыры аяқсыз қалды. Бірі ары тартты, бірі бері тартты. Шешілген мәселе жоқ бірақ. Валеология пәніне арналған оқулықтың керек емес жерлерін алып тастап, ұлттық менталитетімізге сай етіп жазу керек деді біреулер. Әншейінде біреуді мақтап кітап жазғыштар ұлт болашағы үшін маңызы бар істе үнсіз қалды…».

Алайда қанша ұялып, бетті басып, қатты сасып қашып кеткіміз келгенімен бәрібір айналып келіп алдымыздан шыға береді. Жастардың ерте бастан жыныстық қатынасқа түсуі қоғамдық қасіретке ұласып, бұл мәселе «қайтпек керек?» деп әр ойдың құйрығынан ұстай алмай жүргенде қалыпты жағдайға айналып бара жатқандай. Қазақ отбасында ұят санап, мүлде жабық жататын тақырып болған жыныстық тәрбие қазіргі кезенде мектепте мәз болатындай деңгейде оқытылып жатқан жоқ. Соған қарамастан балаларымыздың «көзі ерте ашылып жатыр». Әртүрлі акциялар ұйымдастырып, әлдебір қоғамдық қорлардың қыз балаларға «Проктр энд гембл» тауарларын шүлен таратқандай тарту етуімен аяқталады. Дәл осы «жабық тақырыпты» жылы жауып қойғысы келгендер балаларға ештеңе үйретпеу қажеттігін, олар өз кезегінде бәрін өздері үйреніп алатынын алға тартады. Бірақ осындай жасырып жақ ауыртудан шыққан ұшпағымыз қайсы? «Қоршаулы бақтың жемісі тәтті» әрине. «Қорыған жерге бала мен ит өш» екенін тағы да сіз бен біз жақсы білеміз. Нәтижесі жаға ұстатарлықтай 14-15 жасар қыздарымыздың аяғы ауырлап қалып жатыр, тағысын тағылар. Бұл қанша жасырып жапқанмен аяғы ашылып қала беретін ақиқат [4].

Үзіліс кезінде жастарымыз немен айналысады, әрине ұялы телефонмен. Смартфондағы интернет желісі олардың толық қызығушылықтарын қанағаттандырып тұр. Уақыт өткенін сезбей де қалады. Кейбір кіруге болмайтын сайттарға кіріп, психологиясын улайды. Ұлы сөзде ұят жоқ, жыныстық қозуға дейін апаратыны рас.

Барлық нәрсе қызығушылықтан туындайды. Қызығушылықтың қанағаттандырарлықтар сауатты түрде жауаптарын ата-ана, оқытушы беріп отырса, мұндай келеңсіз оқиғалар орын алмас па еді? Кез-келген іс-шара ол сабақ болсын, ол сауықтыру жұмыстары болсын, ол танымдық-ақпараттық мәлімет болсын, ол таратылатын үнпарақтар болсын жастардың құлақтарына кіріп сана сезіміне дұрыс бағытталуы тиіс деп есептейміз. Атүсті тек өткізілген қағаз түріндегі іс-шара есебі болмай, тірі жанды сезінетіндей, іспен жүзеге асыру арқылы жастарымыз құлақ асып, кері байланыс арқылы істерінен оңды нәтиже шығарса, ұлттық тәрбиеміз, мәдениетіміз артатыны анық.

Өз колледжімде жыныстық мінез-құлық ерекшелігін анықтау мақсатында шағын топта зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жастарымыз өз денсаулығына байланысты сұрақтар туындағанда, ауырған жағдайда 37 пайызы дәрігерге қаралатынын айтса, 43 пайызы ата-анасына, 15 пайызы досына, 3 пайызы ешкімге айтпайтын көрінеді. Демек, 3 пайыз студенттер өз беттерінше денсаулығына байланысты өздері шешім қабылдайды.

Отбасында аналар өз қыздарына жыныстық мәдениет жайында кеңес айтып отырады ма? Деген сауалға жастарымыздың 37 пайызы жоқ айтылмайды десе, 62,5 пайызы иә айтылады деп жауап берген. Сондықтан, отбасындағы ана мен әкенің ролі өте зор. Ұлттық тәрбиемізді құндылықтарымызды аманат етіп сақтау отбасының басты талабы деп есептейміз. Өйткені тәрбиенің қайнар көзі отбасында.

М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледждің топ жетекшілері, ұстаздар қауымы жастар тәрбиесіне қатысты мәліметтерді «Педагогика», «Өзін-өзі тану», «Этнопедагогика», «Тәрбие жұмысы әдістемесі» пәндеріндегі отбасы тарауы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, ата-анамен байланыс жасау арқылы тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады. Негізгі мақсат, жастарға адамгершілік, рухани бағытта тәрбие беру. Отбасы құндылықтарын сақтау.

Қазіргі өрлеу заманында оқу орындарында жаңа деңгейлі бағдарлама бойынша оқу процесінің мазмұны өзгеруде. Бұрынғы дәстүрлі оқытуда оқушыларды белгілі тапсырма беріп, оның нақты түсінгендігі жайында айтылса, қазіргі уақытта өмірмен байланысқан, нәтижеге бағдарланған жұмыстар жүйеленіп тәжірибеге енгізілуде. Бұл дегеніміз болашақ жастардың өмір сүруге бейімділігін, денсаулығы мықтылығын, салауаттылықты қолдайтын, бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді деген ойдамыз.

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасындағы адамгершілiк-жыныстық тәрбие жөнiндегі тұжырымдама туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 21 қараша N 1500 Заңнамасы
  2. «Валеология» Республикалық педагогикалық әдістемелік журнал №1 (103) 2015ж
  3. «Жанұя мен мектептегі тәрбие» Республикалық оқу-әдістемелік педагогикалық журнал №3, 2014ж
  4. Жолдасбек М. 2014 жылғы 18 тамыздағы «Қазақ үні» газетіндегі “Жабық тақырыпты” жасырып жапқанымызбен тапқан пайдамыз шамалы…» атты мақаласы.
Основные термины (генерируются автоматически): бар, мена.


Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. Похожие статьи.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

мена, Кино, бар, дар, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс...

Күш қабілетін жетілдіретін өзге де жаттығу түрлері бар. Дегенмен, жоғары да аталған жаттығулардың алғашқы а тармағы жиі қолданылады.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі | Молодой ученый

Бірі сол адамға лайықты дұрыс жол бар екеніне сенсе, енді бірі адам бойындағы қаншама

Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке келіп, құйылып тұрады.

Основы работы с нотно-графическим редактором Sibelius 7

Справа в верхнем правом углу панели Title Bar находятся кнопки управления текущим окном Sibelius 7 (рис. 14).

Никнеймы города Нью-Йорка

Start spreading the news, I'm leaving today. I want to be a part of it -. NewYork, NewYork. «NewYork, NewYork»,Frank Sinatra. Только здесь ты можешь случайно стать героем фильма почти...

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Үлгерімі жақсы студенттер мен оқушыларды қолдаудың тиімді жүйесін жасау қажет деп

Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ол ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды!

Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. Похожие статьи.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

мена, Кино, бар, дар, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс...

Күш қабілетін жетілдіретін өзге де жаттығу түрлері бар. Дегенмен, жоғары да аталған жаттығулардың алғашқы а тармағы жиі қолданылады.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі | Молодой ученый

Бірі сол адамға лайықты дұрыс жол бар екеніне сенсе, енді бірі адам бойындағы қаншама

Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке келіп, құйылып тұрады.

Основы работы с нотно-графическим редактором Sibelius 7

Справа в верхнем правом углу панели Title Bar находятся кнопки управления текущим окном Sibelius 7 (рис. 14).

Никнеймы города Нью-Йорка

Start spreading the news, I'm leaving today. I want to be a part of it -. NewYork, NewYork. «NewYork, NewYork»,Frank Sinatra. Только здесь ты можешь случайно стать героем фильма почти...

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Үлгерімі жақсы студенттер мен оқушыларды қолдаудың тиімді жүйесін жасау қажет деп

Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ол ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды!

Задать вопрос