Сыбайлас жемқорлықтың күрделі, көп қырлы әлеуметтік жағымсыз болмыс ретіндегі ұғымы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №8 (112) апрель-2 2016 г.

Дата публикации: 04.05.2016

Статья просмотрена: 3459 раз

Библиографическое описание:

Джаппарова, Р. Т. Сыбайлас жемқорлықтың күрделі, көп қырлы әлеуметтік жағымсыз болмыс ретіндегі ұғымы / Р. Т. Джаппарова, Н. Ф. Карабек. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 8.9 (112.9). — С. 33-36. — URL: https://moluch.ru/archive/112/29212/ (дата обращения: 19.04.2024).



Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің ең бірінші кезектегі міндетіне айналған. Қоғамға зор қауіп төндіріп, орасан зор кесел келтіретін осындай келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Десек те, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық мәселесінің маңызы уақыт өткен сайын артпаса, кеміген емес. Жалпы біз, жемқорлық ұғымын қалай түсінеміз?

Жемқорлық ұғымына этимологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, жемқорлық, яғни коррупция латынның «corruptio» деген сөзінен шыққан, аудармасы «сатып алу», «пара беру». Сонымен қатар, Рим құқығында «сындыру, бүлдіру, бұзу, зиян келтіру, фальсификациялау, сатып алу» ретінде түсіндірілетін және де тиісінше заңға қарсы келетін әрекетті «corrumpire» ұғымымен белгілеген.

Жемқорлық – мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттер түрі. Жемқорлықтың негізгі белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе арадағы делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған әркеттері үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы не болмаса мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы. Туыстық, жерлестік және т.б. жақындарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу.

Жемқорлық жасалу түрлеріне қарай екіге бөлінеді. Олар: жекелеген лауазымды қызметкерлер және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет; бірнеше лауазымды қызметкерлердің бірігіп жасаған жемқорлық қылмысы – сыбайлас жемқорлық деп аталады.

Сыбайлас жемқорлық күрделі де қатпары көп құбылыс ретіндегі тарихы өз ғұмырының ұзақтығы жөнінен адамзат өркениетінен кейін қалған емес. Оның пайда болуы алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттік құрылымдар қалыптасқан уақыттардың қойнауына жетелейді. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық туралы жазбаша мәліметтердің ең алғашқыларын б.з.д ХХІҮ ғ. Көне Бабырдың мұрағаттарынан көруге болады. Патша Лагаша Урукагина шенеуніктер мен соттардың заңсыз әрі жүгенсіз әрекеттеріне тыйым салу мақсатымен мемлекеттік басқару ісіне реформалар жасады. Осындай әрекеттерді Ежелгі Латын жазбаларынанда байқауға болады. Мысалы: «Do ut facies» - аудармасы «Істету үшін беремін» [1,7 б.].

Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік феномен, қоғам мен қоғамдық қатынастар туындысы. Сыбайлас ждемқорлықтың пайда болуы мен өмір сүруі қоғамдық және шаруашылық қызметтегі басқару функциясының жекелену сәтінен бастап мүмкін болады. Өйткені, нақ осы жағдайда лауазымды басшыда (басқарушыда) қоғам, мемлекет мүддесі үшін емес, жеке басы үшін ресурстарды пайдалану мен шешім қабылдау мүмкіндігі пайда болады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық өте ерте уақытта туған және бүгінгі күнге дейін бар күрделі әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде көрінеді – сыбайлас жемқорлықтың көрініс беру формаларының өзгеруі барысында оның ауқымы тарылмайды. [1,12 б].

Қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлық – басқа саяси, экономикалық, мәдени және әлеуметтік институттармен өзара тығызбайланысты әлеуметтік институт, басқару жүйесінің бір элементі. Сыбайлас жемқорлықтың инстиуттануының көріністері мынандай: сыбайлас жемқорлықтың бірқатар әлеуметтік қызметтерді атқаруы: әкімшілік байланыстардың жеңілдетілуі, басқарудағы шешім қабылдаудың жеделдетуі мен жеңілдетілуі, әлеуметтік таптар мен топтардың арасындағы қатынастардың консолидациялануы және де қайта құрылымдалуы, бюрократтық кедергілерді азайту арқылы экономикалық дамуға көмектесу, ресурстар дефециті жағдайында экономиканы оптимизациялау және т.б; Сыбайлас жемқорлық қарым-қатынастарының жете айқындалған субъектілерінің болуы және де әлеуметтік рөлдердің бөлінуі; сыбайлас жемқорлық әрекеттер субъектілеріне мәлім белгілі бір ойын ережелерінің, нормаларының болуы; сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің қалыптасқан сленгі, яғни, тілі мен рәміздік белгілері; мүдделі адамдарға белгілі және орныққан қызметтер таксасы.

Сыбайлас жемқорлық ұлттық шекаралардың шеңберінен шығып кеткен, сондықтан онымен күрес жаһандық ауқымда жүргізуді қажет етеді. Одан түсетін түсімдер «жуылғаннан» соң әлемдік және ұлттық қаржы ағымдарына құйылады да, мемлекеттік және халықаралық билік пен экономика институттарын бұзады. Ол заңның, демократия мен адам құқықтарының үстемдігіне қатер төндіреді. Қоғамның моральдық тетіктерін, билікке деген сенімді, мемлекеттік басқару, теңдік пен әлеуметтік әділеттілік қағидаттарына зиянын тигізеді, бәсекеге бөгет жасайды және экономикалық дамытуды қиындатады. Әсіресе, ең қауіптісі – мемлекеттік билік орындарындағы сыбайлас жемқорлық. Бұл жағдайда ол монополияның билікпен симбиозының, мемлекеттік қызметкерлердің шешім қабылдаудағы қауқарсыздығының, шенеуніктердің бақылауда болуы мен оларға құқықтық жауапкершілік жүктелмеуінің көрінісіне айналады. Тәжірибенің көрсетуінше, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесін бұзады, мемлекеттік билік пен мемлекеттік қызметтің беделінің құлдырауына мүмкіндік жасап жатады. Сыбайлас жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасайды, әсіресе экономика саласындағы ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді [1, 10 б.].

Мемлекеттік машинаны ұйымдасқан қылмыстың қолдануы мемлекеттік өкілеттілікті жекеменшікке айналдыру амалы ретінде тікелей сыбайлас жемқорлықпен байланысты. Гегель былай деп жазды: «Мемлекеттік биліктің жеке индивидум иеленген үлесі – жалпыға ортақ биліктің жоғалтқаны деген сөз». Ол аз десеңіз, индивидтер мен қылмыстық құрылымдар биліктің өздері иеленген бөлігіне сүйене отырып, мемлекетке, азаматтық қоғам институттарына және де оның құндылықтарына шабуылға шығады. Сыбайлас жемқорлық мәселесін шешпей, мемлекеттік басқарудың міндеттерін сәтті орындау мүмкін емес [4, 35 б.].

Сыбайлас жемқорлық феноменін түсінуге қатысты сан түрлі әдістемелік бағыттар бар. Сыбайлас жемқорлықтың ежелден ақ түрлі – әлеуметтік, саяси, криминологиялық, құқықтық аспектілерінде қарастырылған.

Осылайша, Платон мен Аристотель сыбайлас жемқорлықты саяси категорияға жатқызды, Макиавелли оны мемлекеттің азаматтық ізгілікті бұзатын ауыр сырқаттың белгісі деп санаса, Ш.Монтескье оны нәтижесінде жақсы саяси тәртіп не жүйе жарамсызға айналатын дисфункционалдық үдеріс ретінде сипаттаған.

Қазіргі ғылыми, оқулық және қоғамдық-көркемсөздік әдебиеттерінде де сыбайлас жемқорлыққа түрліше анықтама беріледі. Сыбайлас жемқорлық туралы онымен күресудің әмбебап амалын анықтауға негіз болатын бірауызды ұғымды қалыптастыру – күрделі эволюциялық үдеріс. Сыбайлас жемқорлықтың интегралдық сипаты бұл күрделі құбылыстың бір ізді, бір мағыналы анықтамасын жасауға бүгінгі күні мүмкіндік бермей отыр.

Алайда, бәрібір сыбайлас жемқорлықтың тарихи алғашқы анықтамалары көбінесе құқық саласына жатады [5,105 б.].

Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде сыбайлас жемқорлықты парамен сатып алушылық, лауазымды басшылардың, саяси қайраткерлердің сатымпаздығы ретінде сипаттайды [2,205 б.].

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы сыбайлас жемқорлықты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың және оларға теңестірілгендердің мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды өз қызмет бабы және онымен байланысты мүмкіндіктер арқылы пайдалануы, әйтпесе оларды мүліктік пайда табу үшін тікелей өздері немесе делдалдар арқылы басқаша пайдалана отырып, заңмен қарастырылмаған түрде шешім қабылдауы, сонымен қатар ол адамдарды жеке және заңды тұлғалардың оларға аталған игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы заңсыз сатып алуы ретінде сипаттайды.

Халықаралық құқық көздері сыбайлас жемқорлыққа әлдеқайда кеңірек анықтама береді және тиісінше сонымен байланысты құқықбұзушылық субъектілерінің кеңейтілген шеңберін көрсетеді. Дефинициялардың мейлінше ықшам, бірақ мазмұндыларының бірі – БҰҰ-ның ІХ конгресі ұсынған, сыбайлас жемқорлықты «жеке мақсатта пайда табу үшін мемлекеттік билікті асыра пайдалану» ретінде сипаттайтын анықтама. [43.9 б].

Кейбір анықтамаларда, мәселен, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі БҰҰ хатшылығы дайындаған ережеде берілген анықтамада жемқорлық қылмыстық істердің жіктелген төмендегідей 3 тобының жиынтығы ретінде түсіндіріледі: лауазымды адамдардың мемлекет меншігін ұрлауы, жымқыруы және иеленуі; жеке басының пайдасы үшін қызмет бабын асыра пайдалануы; қоғамдық парыз бен жеке есеп арасындағы мүдделер қақтығысы.

Сыбайлас жемқорлық туралы Азаматтық-құқықтық жауапкершілік конвенцияның 2-бабындағы (1999ж.) анықтамаға сәйкес, «сыбайлас жемқорлықты – пара, жөнсіз артықшылық немесе соның мүмкіндігіне ие болған адамнан талап етілетін, оның негізгі міндеттерін немесе мінез-құлқын бұзуға әкеп соқтыратын тікелей немесе жанама талап; пара немесе кез келген басқа да тиесілі емес артықшылық пен соның мүмкіндігін ұсыну және оның қабылдануы» [37.58б].

БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес жөніндегі анықтамалық құжатында сыбайлас жемқорлық «жеке мақсатта пайда табу үшін мемлекеттік билікті асыра пайдалану» ретінде сипатталады. Бұл ұғым парақорлықты (лауазым иесін борыш тұрғысындағы жолдан тайдыру үшін сыйлық беруді), непотизмді (тамыр-таныстық жөнімен кіріс кіргізуді немесе пайдалы лауазымдардағы туысқандарды немесе «өз адамдарын» орналастыруы) және көпшілікке ортақ меншікті жеке мақсатта қолдануды қамтиды. [53.79б]

Сыбайлас жемқорлықтың анықтамасына қатысты көзқарас пікірлердің алуан түрлілігі бұл құбылыстың күрделілігін білдіреді және же оны терең де жан-жақты зерттеуді тадап етеді, біріншіден, сыбайлас жемқорлықты түсінудің теоретикалық деңгейін тереңдету (дәл, айқын анықтама беру, сыбайлас жемқорлықпен оның дамуына мүмкіндік жасайтын себептерді тексеру), екіншіден, сыбайлас жемқорлықтың қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси өміріне ықпалын анықтау және бұл құбылыспен күресу бағытындағы нақтылы шаралар жүйесін құру.

Ғылыми әдебиеттердегі анықтамаларда: «Сыбайлас жемқорлық деп – қоғамдық және саяси қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың сатқандығын, оларды сатып алуды, саяси, экономикалық, әскери және тағы басқа салалардағы қызметкерлердің қолындағы билігінің мүмкіндіктерін және қызмет бабын жеке басын байыту мақсатында пайдалануын айтады». Сонымен, жоғарыда келтірілген анықтамаларға талдау жасай келе, мынадай қорытындыларды жасауға болады: сыбайлас жемқорлық құбылысының өзіне тән белгілерінің болуы; сыбайлас жемқорлық – ең алдымен бұл қоғам дамуына кері әсерін тигізетін әлеуметтік құбылыс; халықаралық құжаттарда жемқорлық ұғынының нақты анықтамасының жоқтығы; әрбір мемлекет қазіргі құқықтық дәстүрлер негізінде өздерінің жемқорлыққа қарсы құралдар жиынтығын анықтауы; жемқорлық ұғымының қазіргі қоғамдағы жемқорлықтың құқықтық анықтамасына негізделмегендігі.

Осылардың барлығын қорыта келе, сыбайлас жемқорлық – бұл екі жақ арасындағы өзара келісім «мәмілесі» деп тұжырымдауға болады. Оның бірі – өз лауазымын заңға қарсы пайдаланатын мемлекеттік немесе жеке қызметте жұмыс жасайтын тұлға болса, екіншісі – мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз жеке басының пайдасы, яғни, материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген жауапкершіліктен таютағы үшін пайдаланатын тұлға.

Әдебиет:

  1. Рогов И.И., Құспанов Н.Б., Исенова С.Е.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің негіздері, Оқу құралы, «Транспаренси Қазақстан», Алматы 2004.
  2. Алауханов ЕСБЕРГЕН Оразұлы Криминология (Қылмыстану), Оқу құралы, «Қазығурт» баспасы -Алматы 2006
  3. «Ақ жол Қазақстан» газеті, №56 (73), 29 тамыз 2008ж.
  4. «Егемен Қазақстан» газеті №489, 10 желтоқсан 2008ж.
  5. Рарог А.И. Вина в преступлениях, посягающих на два объекта: задача и средства уголовно-правовой охраны общественных отношений. Сборник ученных трудов ВЮЗИ. Москва, 1983. 48-596.
  6. О проблемах вымогательства. Бюллетень Верховного Суда Республики Казахстан. - 1994.
  7. Кудрявцев В.Н. Правовое поведение: норма и патология. Москва, 1982.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, немес, москва, пар.


Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол. EOR, MEOR, мена, немес, теза.

мена, Кино, бар, дар, немес.

...арттыру дегеніміз химиялық агенттерді (пар, полимер, сілті, беттік активті агенттер, CO2, микроорганизмдер) қабатқа айдап, оларды мұнай, су, жыныс шекара беттерінде

Основные термины (генерируются автоматически): EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi

мена, Секта, бар, немес, христианин. Похожие статьи. Религиозные секты современной России | Статья в журнале...

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): немес, салат. Похожие статьи. Ламинария — идеальный природный лекарь.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Имя существительное в дательном падеже в значении объекта (досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Общая характеристика договора купли-продажи | Статья в журнале...

Договор купли-продажи является одной из первых форм экономического общения, между людьми, после обмена.

Алексеев С. С. Гражданское право: учебник, 4-е изд., перераб. и доп. — Москва: Проспект; Екатеринбург: Институт частного права, 2015.

Велокультура в крупных мегаполисах России и зарубежья

Для привлечения жителей столиц и туристов в Москве и Санкт-Петербурге ежегодно устраиваются костюмированные общегородские велопробеги. Таким образом собираются средства на продвижение велоструктуры в эти города.

Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол. EOR, MEOR, мена, немес, теза.

мена, Кино, бар, дар, немес.

...арттыру дегеніміз химиялық агенттерді (пар, полимер, сілті, беттік активті агенттер, CO2, микроорганизмдер) қабатқа айдап, оларды мұнай, су, жыныс шекара беттерінде

Основные термины (генерируются автоматически): EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi

мена, Секта, бар, немес, христианин. Похожие статьи. Религиозные секты современной России | Статья в журнале...

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): немес, салат. Похожие статьи. Ламинария — идеальный природный лекарь.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Имя существительное в дательном падеже в значении объекта (досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Общая характеристика договора купли-продажи | Статья в журнале...

Договор купли-продажи является одной из первых форм экономического общения, между людьми, после обмена.

Алексеев С. С. Гражданское право: учебник, 4-е изд., перераб. и доп. — Москва: Проспект; Екатеринбург: Институт частного права, 2015.

Велокультура в крупных мегаполисах России и зарубежья

Для привлечения жителей столиц и туристов в Москве и Санкт-Петербурге ежегодно устраиваются костюмированные общегородские велопробеги. Таким образом собираются средства на продвижение велоструктуры в эти города.

Задать вопрос