Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін оңтайландыру мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 21 декабря, печатный экземпляр отправим 25 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №5 (109) март-1 2016 г.

Дата публикации: 11.03.2016

Статья просмотрена: 3748 раз

Библиографическое описание:

Бекхожаева, А. К. Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін оңтайландыру мәселелері / А. К. Бекхожаева, Ажар Базыл. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 5.5 (109.5). — С. 37-42. — URL: https://moluch.ru/archive/109/26857/ (дата обращения: 09.12.2024).



В статье предложена эффективная модель государственного управления в Казахстане.

Ключевые слова: государственное управление, государственный аппарат, государственная служба.

2007 жылдан бері Қазақстанда нәтижеге бағдарланған қаржыландыру жүйесі негізінде мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі енгізілуде. Оны пайдалану мемлекеттік бюджетті мақсатты пайдалану және жоспарлауда мемлекеттік органдар қызметінің сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Алайда, қол жеткізілген табыстарға қарамастан, келесі ресми мәліметтерде көрсетілген кемшіліктер бар. 2014 жыл барысында екі рет республикалық қаржы параметрі анықталды және 25 рет түзетулер жүзеге асырылды[1].

Осы заманғы тиімді мемлекеттік қызметті және мемлекеттік басқару құрылымын құру ел Президентінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясында, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында шешуші міндет ретінде айқындалғаны белгілі. Соған сәйкес, 2011 жылы Елбасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін
жаңғырту тұжырымдамасы» қабылданды.

Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында:

- мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың бірыңғай саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ету;

- мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігін және тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету;

- мемлекеттік органдардың қызметін халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер ұсынуға бағдарлау;

- мемлекеттік аппарат қызметінің айқындылғы мен ашықтығын қамтамасыз ету қажет.

Қызмет көрсету сапасын арттыру үшін заңнамалық негіз жасалды. Қызметтердің тізілімі мен осы тізілімге енгізілген қызмет көрсету стандарттары бекітілді, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қызмет көрсету басталды. Жұртшылықпен кері байланыс орнату үшін көрсетілетін қызмет сапасын бағалау бойынша тұрғындар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізу басталды.

Әкімшілік кедергілерді азайту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік органдардың рұқсат беру жүйесі мен бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдады.

Мемлекеттік органдардың бақылау қызметтерін ретке келтіру үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде тексерудің кезеңділігін белгілеуге мүмкіндік беретін тетік заңды түрде енгізілді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасын іске асыру Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру саласында қоғамның қажеттіліктерін, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қанағаттандыру деңгейін арттыруға бағытталған бірыңғай, сындарлы саясат жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы Тұжырымдамада тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанда жүргізілген мемлекеттік басқару реформаларының қорытындылары талданды, ағымдағы ахуалды талдау нәтижесінде түйінді проблемалар айқындалды, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі белгіленген.

Соңғы уақытта Қазақстан тұтынушыға бағдарланған (Америка Құрама Штаты, Ұлыбритания, Нидерланды, Канада, Үндістан, Австралия және т.б) жаңа мемлекеттік басқаруды енгізуге өтуде, ол бойынша мемлекеттік органдардың негізгі мақсаты – құқықтар мен мүдделерді қамтамасыз ету, сондай-ақ халыққа және нарық субъектілеріне жағдай жасау.
Тиісінше, негізгі трендті ұстану біздің еліміздің ұлттық экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, сондай-ақ жаңа мемлекеттік басқару қағидаттарын енгізген елдердің мәселелерін ескере отырып қажет болады.

Қазақстанда мемлекеттік сектор қызметінің стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу бағытталуын сақтай отырып, мемлекеттік қызметті тікелей алушылар ретінде азаматтардың қажеттілігіне бағдарлануының негізі қағидатын енгізу ұсынылады.

Азаматтар мен бизнестің барынша жоғары қанағаттандыру кезінде мемлекеттің бәсеке қабілеттілігін арттыру және мемлекеттік қызметтің патриоттық құрамдас бөлігін сақтау қажет.

Мемлекеттік қызметтердің толық тізбесін қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар функцияларын түгендеу және талдау жүзеге асырылатын болады.

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінде ескерілмеген негізінен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар көрсететін қызметтерді анықтау үшін мемлекеттік қызметтерді түгендеу заңнамалық актілердің тұрақты мониторингі арқылы жүргізілетін болады.

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, шешімдер қабылдау және мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілік көрсеткіштерінің мәнін түзету кезінде алынған ақпаратты пайдалану үшін мемлекеттік қызметті тұтынушылармен кері байланыс жүйесін құру жұмысы жалғасатын болады.

«Электронды үкіметті» дамыту жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі іс-шаралармен үйлестіру және келісу электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтің санын ұлағайтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде оларды көрсету мерзімдерін қысқартуға, қажетті құжаттардың тізбесін жеңілдетуге ықпал етеді.

Осымен бір мезгілде ақпараттық жүйелерді біріктіру және жетілдіру үдерістерінің жүйелілік үйлестірілуі қамтамасыз етілетді және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру деңгейі мен ақпараттық жүйелерді енгізу нәтижесіндегі қызметтер сапасын айқындауға мүмкіндік беретін енгізілетін ақпараттық жүйелерді бағалаудың пәрменді тетігі енгізілетін болады. Бұл тетік «электронды үкіметті» енгізу жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі іс-шаралармен үйлестіруге және келісуге мүмкіндік береді.

Осы кезеңде негізгі міндет қажетті ақпаратты берумен байланысты азаматтар мен бизнеске әкімшілік жүктемені азайту, азаматтардың мемлекеттік билік органдарына өтініштерінің санын төмендету және «бір терезе» қағидатын негізге ала отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде мемлекеттік билік органдарының өзара іс-қимылының жеделдігін арттыру есебінен күту уақытын қысқарту болып табылады [2].

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жетілдіру бойынша кешенді шараларды әзірлеу және іске асыру, біріншіден, тұтынушылардың пікірі мен мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылатын болады, бұл халықтың қанағаттанушылығын арттыруға және әлеуметтік ширығуды төмендетуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, негізгі күш мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық нысанын қолдану, құжаттардың саны мен мемлкеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімдерін, сондай-ақ мемлекеттік органдарға жеке барудың сапардың санын қысқарту есебінен халықтың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы деңгейін арттыруға бағытталады.

Тұтастай көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалаудың тиімді жүйесін құруды екі бағытта жүзеге асыру қажет. Біріншіден, қызметтер көрсетуге қатысатын әрбір қызметкердің жұмысын бағалаумен байланысты мемлекеттік орган көрсететін қызметтің сапасын бағалаудың пәрменді тетіктерін әзірлеу. Екіншіден, қызметтер көрсетуге жауапты әрбір мемлекеттік органда ішкі бақылау қызметін құру және дамытуды қамтамасыз ету.

Басқаша сөзбен айтқанда, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі мемлекеттік қызметтердің тұтынушысы ретінде халыққа бағдарлауын болжайды.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастыру мемлекеттік қызметте адами капиталды басқарудың қолданыстағы тетіктерін жаңғырту және жаңаларын құруға бағытталатын болады.

Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін және мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін жетілдіру кадрлардың сапала жаңа деңгейге үздіксіз кәсіби өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасын бағалау мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың пәрменді құралы болады және жұмыс нәтижелері негізінде барынша кәсіби және құзыретті қызметкерлерді ынталандыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметшілер тәртібінің этикалық нормалары әрбір мемлекеттік орган қызметінің ерекшелігін ескеруге және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға әкелетін жағдайлардың туындауын алдын алуға мүмкіндік бере отырып, анық және нақтыланған болады.

Мемлекеттік қызмет құрылымында үш корпус белгіленгені белгілі:

1) мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысатын және мемлекеттік дамудың стратегиялық бағыттарын айқындайтын саяси мемлекеттік қызметшілердің корпусы;

2) мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін және саяси шешімдерді қабылдау мен олардың тікелей орындалуы арасында байланыстыратын буын болып табылатын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің «А» басқару корпусы;

3) мемлекеттік саясатты іске асыратын және орындау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің «Б» атқарушы корпусы.

Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының жаңа тізілімі мен корпустарын, кадрлық резервті қалыптастыру тетіктері мен ротация, оның ішінде саяси мемлекеттік қызметшілерге ротация жүргізу тетіктерін қалыптастыру тиісті нормативтік құқықтық актілерде анықталатын болады.

Мемлекеттік қызметке орналасудың қолданыстағы конкурстық тәртібі едәуі жаңғыртылатын болады.

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін жетілдіру үшін қайта даярлаудың және біліктілікті арттырудың бірыңғай сатылас жүйесі құрылатын болады, нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқарудың қазіргі заманға білім технологиялары мен қағидатына негізделетін оқыту бағдарламаларының мазмұнды бөлімі сапалы жаңғыртылатын болады.

Жаңа моделде түпкілікті нәтижеге бағдарланатын және уәждеу және/немесе бліктілікті арттыруға негіз болатын мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасын бағалау енгізіледі.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде сондай-ақ аттестаттау тетіктері, уәждеу жүйесі және мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлқы жетілдіріледі, мансаптық жоспарлау жүйесі қалыптастырылатын болады.

Мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай сатылас жүйе құру және жаңа кадрлық саясатты тиімді жүргізу үшін мемлекеттік органдардың кадрлық қызметтері мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органдарға әдіснамалық бағынатын болады.

Тұтастай, жоғарыда аталған бағыттарды іске асыру Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының мемлекеттік қызметті кәсібилендіру бөлігінде аталған нысаналы индикаторларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері және іске асырудың шешуші тетіктері Қазақстан Республикасы Президентінің жеке актісімен, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілермен бекітілетін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделі тұжырымдамасында айқындалатын болады.

Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлердің мәртебесі реттеледі, жолдау тәртібі жүйелендіріледі, тізбесі қайта қаралады және нормативтері әзірленетін болады.

Мемлекеттік аппараттың тиімді құрылымын қалыптастыру және
әкiмшiлiк реформаларды басқаруды жақсарту үшін мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың нақты өкілеттіктері мен жауапкершілігін белгілеуге ерекше назар аудару қажет.

Осы жұмыстың негізгі мақсаты экономиканың секторларын дамытудағы мемлекеттің рөлін анықтау және жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың дәйектілігін қамтамасыз ету болып табылады [3, 4].

Өкілеттіліктерді бөлу мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) функцияларды оңтайландыру, оның ішінде:

- мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері арасындағы, орталық мемлекеттік органдардың арасындағы, орталық және жергілікті органдар арасындағы мемлекеттік басқару жүйесінің қайталанатын функцияларын алып тастау;

- артық функцияларды, мемлекеттік органдар негізсіз орындайтын функцияларды, ағымдағы экономикалық жағдайларға сәйкес келмейтін функцияларды алып тастау;

- жеткіліксіз функцияларды, ағымдағы экономикалық жағдайға бағдарланған функцияларды қосу;

- функцияларды бөлуде ұтымды ету: мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту және үйлестіруді жеңілдету үшін ұқсас функцияларды біріктіру, сондай-ақ функцияларды бөлу кезінде мүдделер қайшылағын болдырмау;

- стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мен орталық және мемлекеттік органдардың миссияларын іске асыру үшін қажетті мемлекеттік функцияларды оңтайлы жинауды әзірлеу;

2) мемлекеттік органдардың оңтайлы құрылымы мен санын айқындау.

Бұл мәселе шешудің негізгі құралы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен жоспарларды есепке ала отырып, тұрақты және нақты әдіснамалық негізде функционалдық шолулар жүргізу болып табылады, ол жүргізілетін жұмысқа жүйелілік береді.

Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды шешу үшін функционалдық талдау жүргізудің әдіснамасы жетілдірілетін болды. Өкілеттілікті бөлу орталық мемлекеттік органдарда ғана емес, жергілікті атқарушы органдарда да жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте, Елдi аумақтық-кеңiстiктiк дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдарды нығайтуды және өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, олардың санын айқындау мәселелері қаралатын болады.

Өкілеттіліктердің аражігін ажырату қорытындылары бойынша әрбір нақты мемлекеттік органда өкілеттіктің оңтайлы көлемі, аппараттың оңтайлы саны, басқарушылық және атқарушылық буындар айқындалады, тиісті әкімшілік шешімдерді қабылдаудың рәсімдері оңтайландырылады, орталық және жергілікті басқару деңгейлеріндегі атқарушы билік органдарының тиімді құрылымы жасалатын болады.

Жұмысты ұйымдастырудың тиімділігін арттыру, функционалдық және құрылымдық оңтайландыру, экономиканың қандай да бір саласын дамытуда маңыздылығын белгілеу бойынша баяндалған тәсілдер қызметі егжей-тегжейлі талданатын билік органына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қатысты қолданылуы тиіс.

Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау үдерісін үйлестіру және жүргізілетін саясаттың келісілгендігі тиімді және нәтижелі мемлекеттік аппарат құруда шешуші рөл атқарады.

Әкімшілік реформаны жүргізуді реформалаудың барлық қатысушыларын үйлестіруді, қол жеткізілген нәтижелер мен мемлекеттік қызметті тікелей алушы ретінде халықтың мүдделігіне үнемі мониторинг жүргізуді жүзеге асырмайынша тиімді басқару мүмкін емес.

Үйлестірудің, ақпаратқа қол жетімділіктің және реформалау үдерісінің қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылдың қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін үйлестіру функциясын реформалау үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың өкілеттіктерінің аражігін нақты ажыратып, жеткілікті өкілеттігі бар мемлекеттік органға бекітіп беру қажет [5].

Әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жанында реформалаудың әрбір бағыты бойынша бірыңғай саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты жұмыс тобы құрылатын болады, олар:

- әрбір мемлекеттік органның міндеттері мен функцияларын нақты қалыптастырады, олардың қайталануы мен әкімшілік реформаланы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың уәкілеттілігін барынша тиімді бөлетін болады;

- әкімшілік реформа барысын мониторингтеу және бағалау, өзі қойған мақсатқа қол жеткізу, сондай-ақ елдегі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға және халықтың қажеттілігіне байланысты әкімшілік реформаның курс бағытын түзету тетігін енгізеді.

Әкімшілік реформаларды іске асыруды басқару сапасының жақсаруы көп жағдайда оны іске асыру барысы туралы объективті ақпараттың болуына ғана байланысты емес, сондай-ақ әкімшілік реформаның мақсаттары мен міндеттерін азаматтар мен бизнестің түсінуіне және қолдауына, олардың реформаның нәтижелеріне деген мүдделігіне байланысты болады.

Ол үшін әкімшілік реформаны іске асыру, азаматтардың, бизнестің және үкіметтік емес ұйымдардың реформаның негізгі мақсаттары мен нәтижелеріне жария талқылау жүргізу, әкімшілік реформаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері және барысы туралы қоғамды толық, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында хабардар ету жолымен іске асыру барысында мүдделігін арттыру мәселелері бойынша жұртшылықпен өзара іс-қимылы жасауын қамтамасыз етілуі тиіс. Тұтастай мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саясаты біртұтас, түсінікті, дәйекті, нақты қағидаттар мен өлшемдерге негізделеді және бұлжытпай сақталатын болады, ал мониторинг пен бағалаудың құрылатын жүйесі мемлекетке және азаматтарға мемлекеттік басқарудың жүргізіліп отырған реформаларының барысы мен нәтижелер туралы толық бейнесін сипаттайды.

Осылайша, Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, - атты Жолдауында: мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамытуды маңызды мәселе ретінде атап өтті. Біздің мақсатымыз – мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс,-деп атап өтті, яғни:

- біріншіден, бізге мемлекеттік жоспарлау және болжау жүйесін одан әрі жетілдіре түсу керек. Қойылатын мақсат – жоспарлар мен бағдарламалар әзірлеуде мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту, еліміз басшылыққа алатын стратегиялық құжаттарды қайта қарау. Елімізде мемлекеттік аудиттің ең озық әлемдік тәжірибесі негізінде кешенді жүйе құру қажет. Экономикалық стратегияларымыз жүзеге асуы үшін мемлекет дағдарыстық жағдайларды күні бұрын тиімді түрде біліп, оларға қарсы шара қолдануы тиіс. Бұл үшін бізге дағдарысқа қарсы әрекет етудің көпдеңгейлі жүйесін құру қажет;

- екіншіден, біз басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізуіміз керек. Орталықсыздандыру идеясының мәні – шешім қабылдау үшін құқықтар мен қажетті ресурстарды орталықтан өңірлік билік органдарына беру. Жергілікті жерлердегі билік органдарының өкілеттіктері қаржылық және кадрлық ресурстармен нығайтылатын болады. Қоғам және азаматтар мемлекеттік шешімдер қабылдау процесі мен олардың жүзеге асырылуына тікелей қатыстырылуы қажет. Жергілікті басқару органдары арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетімен және жауапкершілікпен шешуіне нақты мүмкіндік беру керек. Бекітілген жергілікті басқаруды дамыту тұжырымдамасы ауылдық, селолық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтеді. Қазір селолық әкімдіктерге қосымша өкілеттіктер беру және олардың ауылдағы ахуалға ықпалын күшейту.

Мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарын жүзеге асыруға жауапты кәсіпқой басқарушылардың мүлдем жаңа санаты – «А» корпусы құрылды.

«А» корпусына бірінші кезекте жауапты хатшылар мен облыс әкімдерінің аппарат басшылары, комитет төрағалары, қалалар мен аудандар әкімдері кіреді. Бұдан былай мемлекеттік қызметші лауазымдық сатымен кезең-кезеңмен, билік иерархиясының бір сатысынан келесісіне өзінің машығын жетілдіре және кәсіби деңгейін арттыра отырып көтерілетін болады. Белгіленген көрсеткіштерді асыра орындағандар мен өзінің тиімділігін көрсеткендерге және жоғары нәтижеге қол жеткізгендерге ғана ерекшелік жасалуы керек.

Ерекше назарды мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруға аудару қажет. Міндет – мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты-өктем көзқарастардан арылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсетуге көшу.

Мемлекеттік органдарды оларға тән емес функцияларды орындаудан босатып, мемлекеттік институттардың дербестігін сапалық тұрғыдан кеңейтуге тиіспіз. Үкімет оның орындалуын 2014 жылдан бастап жергілікті бюджет қалыптастырудың жаңа тетігін енгізумен ұштастыруы керек,- деп өз сөзін аяқтады.

Елбасы қойған міндеттерге қол жеткізу үшін төмендегі бағыттардағы кешенді әрі нақты іс-шаралар шешімін табуға тиіс деп есептейміз:

Біріншіден, мемлекеттік қызметке кадрларды конкурстық іріктеу жүйесіне халықтың сенімділік деңгейін арттыру;

Екіншіден, мемлекеттік қызметкерлердің меритократия қағидаларының сақталуына деген сенім деңгейін арттыру;

Үшіншіден, мемлекеттік органдардың құрылымын жетілдіру. Басқарушылық шешімдерді қабылдағанда мемлекеттік органдардың әрекетінде кешенділік болуын қамтамасыз ету қажет. Министрліктерге саясат қалыптастыру мен оны жүзеге асыруға бақылау жасау, саяси шешімдер қабылдау, ережелер шығарушылық әрекеті, комитеттер жұмысын үйлестіру функциялары жүктелген. Өз кезегінде министрліктердің комитеттері саясатты іске асырумен және бақылаушылық пен қадағалаушылық функцияларын дербес жүзеге асырумен айналысуы тиіс;

Төртіншіден, мемлекеттік қызметкерлердің жалақыларын еңбектің нақты нәтижелерімен ұштастыра отырып өсіру;

Бесіншіден, мемлекеттік қызметкерлерді дайындау, қайта дайындау және оқыту жүйесін жетілдіру;

Алтыншыдан, мемлекеттік органдардың персоналын басқаруда кадр қызметтерінің рөлін арттыру және «е-кызмет» жүйесінің жұмысын жетілдіру келесілерді қамтуы тиіс:

- мемлекеттік органдардың кадр құрамының бірыңғай базасын құру;

- «Онлайн» режимінде мемлекеттік органдардың кадр құрамының мониторингі;

- кадр қызметтерінің ақпараттарды алу және оны өңдеуге жұмсалатын уақыт және еңбек шығындарын азайту;

- мемлекеттік органдардың персоналды басқаруын бағалау жүйесін автоматтандыру.

Жетіншіден, этикалық нормаларды және сыбайластыққа қарсы заңнаманы, сонымен қатар олардың сақталуын бақылау жүйесін жетілдіру.Жоғарыда сөз болған шаралардың бәрі және әкімшілік реформасының логикасы сыбайластықпен күреске бағытталған. Олардан бөлек арнайы шаралар да іске асырылуы тиіс деп есептейміз:

- этика кодексін құрастыру және «сыбайластық» ұғымын нақтылау;

- этика және «мүдделер қақтығысы» мәселелері бойынша заңнамалық базаны жетілдіру; «Мемлекеттік қызмет жүйесінде «мүдделер қақтығысы» ұғымын заңнамалық деңгейде айқындау қажет, мұнда мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері, қоғам мен мемлекет мүдделері арасында қайшылықтар туындауы мүмкін. Бұл ретте мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу тәртібін регламенттеу қажет, оның ішінде мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметтен босағаннан кейін белгілі бір кезең ішінде оның қызметтік міндеттерін атқаруы кезеңінде тікелей бақылауында немесе оның құзыретіне сәйкес тікелей байланысты болған коммерциялық ұйымдарға жұмысқа ауысуына тыйым салуды белгілеу қажет»;

- сыбайлыстыққа қарсы заңнаманы жетілдіру;

- тәртіп кеңестерінің қызметін жетілдіру;

- мемлекеттiк органдар қызметiн қоғамдық бақылаудың тиiмдi тетiгi ретiнде азаматтардың мемлекеттiк мекемелерге шағымын қарау үшiн тағайындалатын омбудсмендер институтын енгiзу.

- жоғары лауазымды шенеунiктердiң активтерi мен табыстары туралы ақпарат жариялау тәжірибесін енгiзу.

- шенеунiктiң бақылауындағы құқықтық өкiлеттiктi ауыстыру мақсатымен кадрлардың белгiлi бiр санаттарының мерзiмдi алмастырылуын қамтамасыз ету.

Пайданалынған әдебиеттер:

1 Открытость и эффективность работы государственных органов: аналитический отчет по исследованию / Агентство РК по делам гос. службы. - Алматы: ИЦ «Сандж», 2011. - 179 с.

2 «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығы.

3 Иватова Л.М. Политические технологии как способ осуществления политической модернизации Казахстанского общество // Актуальные проблемы модернизации Республики Казахстан: экономика, политика, идиология/ Иватова Л.М. -Алматы,2014.-С.7-13.

4 Узакбаева А., Абдимомынова А.Ш.Региональное антикризисное управление: теоретический аспект. Молодой ученый. 2015. № 7. С. 505-508.

5 Келимбетов К. Административная реформа-веление времени // Казахстанская правда.-2012.-26 января.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, аппарат, бар, государственное управление, Казахстан, корпус.


Похожие статьи

Қазақстандық нарықта кайдзен технологиясын енгізудің өзектілігі

Бұл мақалада автор Қазақстанда жапондық кайдзен технологиясының енгізу және қолдану мәселелеріне қатысты зерттеу жүргізді.

Зайырлы мемлекет және заманауи дін функциясы

Мақалада Қазақстандық зайырлы мемлекет пен діннің ара қатынасына көзқарас әр қилы екені және бұл салада реттеу қызметі өте әлсіз қалыптасқандығы қарастырылады.

Қазақстанның Оңтүстігіндегі өзбек тұрғындарының білім алуға тартылуы және исламдық әдебиеттің дамуы (ХІХ ғасыр соңы- ХХ ғасыр басы)

Дүкенбай Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі

Мақалада қазақтың көрнекті жазушысы Д.Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі мен жазу ерекшелігі туралы айтылған.

Белгілі бір мекеменің есептеу желісіне арналған ақпаратты қорғау жүйесінің нұсқасын таңдаудағы көпкритерийлі модель

«Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері (2019–2020 жылдар)

Түркия мемлекеті оқулықтарындағы КСРО тарихы

Мақалада Туркия Республикасының білім беру мекемелерінде Кеңес мемлекетінің 1923–1960 жж. тарихының оқытылуы мәселесі қаралады.

Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы антропогендік өзгерістер

Берілген мақалада автор Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы жылдық ағынның гидрологиялық өзгерістерін қарастырады.

Оқытудағы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушыларда зейінді шоғырландыру

Бұл мақалада Lesson Study бойынша жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі баяндалады.

Іс-әрекеттегі зерттеу: Оқушылардың шығарма мазмұнын терең түсінуіне мәтінді ықшамдатудың пайдасы қандай?

Похожие статьи

Қазақстандық нарықта кайдзен технологиясын енгізудің өзектілігі

Бұл мақалада автор Қазақстанда жапондық кайдзен технологиясының енгізу және қолдану мәселелеріне қатысты зерттеу жүргізді.

Зайырлы мемлекет және заманауи дін функциясы

Мақалада Қазақстандық зайырлы мемлекет пен діннің ара қатынасына көзқарас әр қилы екені және бұл салада реттеу қызметі өте әлсіз қалыптасқандығы қарастырылады.

Қазақстанның Оңтүстігіндегі өзбек тұрғындарының білім алуға тартылуы және исламдық әдебиеттің дамуы (ХІХ ғасыр соңы- ХХ ғасыр басы)

Дүкенбай Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі

Мақалада қазақтың көрнекті жазушысы Д.Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі мен жазу ерекшелігі туралы айтылған.

Белгілі бір мекеменің есептеу желісіне арналған ақпаратты қорғау жүйесінің нұсқасын таңдаудағы көпкритерийлі модель

«Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері (2019–2020 жылдар)

Түркия мемлекеті оқулықтарындағы КСРО тарихы

Мақалада Туркия Республикасының білім беру мекемелерінде Кеңес мемлекетінің 1923–1960 жж. тарихының оқытылуы мәселесі қаралады.

Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы антропогендік өзгерістер

Берілген мақалада автор Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы жылдық ағынның гидрологиялық өзгерістерін қарастырады.

Оқытудағы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушыларда зейінді шоғырландыру

Бұл мақалада Lesson Study бойынша жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі баяндалады.

Іс-әрекеттегі зерттеу: Оқушылардың шығарма мазмұнын терең түсінуіне мәтінді ықшамдатудың пайдасы қандай?

Задать вопрос