Бастауыш мектеп оқушыларының сабақтағы зерттеушілік қабілеттерін дамыту | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Мухаметжанова, А. О. Бастауыш мектеп оқушыларының сабақтағы зерттеушілік қабілеттерін дамыту / А. О. Мухаметжанова, Б. К. Шаушекова, Р. Н. Жапанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 1 (105). — С. 947-949. — URL: https://moluch.ru/archive/105/24296/ (дата обращения: 20.04.2024).



 

В статье рассмотрена деятельность учителя, направленная на формирование исследовательской деятельности учащихся.

Ключевые слова:поисково-исследовательская деятельность, компетентностный подход, формирование, исследовательская компетентность, исследовательская деятельностиь, целеполагания, планирования, рефлексия, самооценка, учебно-познавательнаядеятельность

 

Заманауи әлемге белсенді, тез бейімделгіш, жан-жақты, шығармашыл және бастамашыл адамдар қажет. Заманауи маман байқампаз, талдау жасап, өз пікірін білдіре алатын, шешім қабылдауға қабілетті адам болуы керек. Білім беру мазмұнын өзгертуге себеп болған талаптар оқу үрдісіне оқушылардың, соның ішінде, бастауыш сынып оқушыларының іздену-зерттеушілік оқу әрекетін дамытуға негізделген түрлі әдіс-тәсілдер мен технологияларды енгізуге мұрындық болды.

Бастауыш мектепті базалық білім берудің маңызды сатысы десек, дәл сол кезеңде бала бойында зерттеушілік мәдениеттің негізі қаланатындығын ұмытпаған жөн. Міне, осы себепті жас жеткіншек бойында танымдық қызығушылықты оятып, зерттеушілік білік пен машықтыққа баулу, ізденімпаздыққа дайындау мұғалім үшін ең маңызды міндеттердің бірі болмақ.

Бастауыш мектеп сатысынан-ақ зерттеушілік бағыттағы тапсырмалар ретінде зерттеу элементтерін қолдануға болады. Бұл заманауи білім беру үдерісінің маңызды міндеті — бастауыш мектептен бастап іздеу-зерттеу қызметіне баулу мәселесін шешпек.

Қазақстан қоғамының постиндустриялизмге көшуі, нарықтық қатынастардың өзгеруі өз айналасын үнемі зерттейтін, осылайша өзгеріске икемді, ізденімпаз, сыншыл ойлай білетін талапты, кәсіби-құзыретті, А.Б. Толстыхтың айтуынша, «кез келген белгісіздік жағдайында өз-өзін ұстай білетін» байсалды мамандарды талап етуде. [1]

Ғылымның маңызының артуы және мектептік білім міндеттерінің өзгеруі балалардың білімді өздігінен және шығармашыл тұрғыда игеруіне мүмкіндік беретін жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға әкелді. Бұл процесс бірден зерттеушілік икемділік ұғымының даму теориясына қатысты зерттеулерді жандандырды. Бірқатар педагогтер мен ғалымдардың пікірінше, оқу процесі арнайы жағдайларда өтетін танымдық процестердің бір түрі болып табылатындықтан, бұл процеске жалпы ғылыми таным заңдылықтарын қолдануға болады. Білім беруге осы тұрғыдан қарау оқушылардың бойында зерттеушілік білік пен икемділікті қалыптастырады деп есептеледі.

Зерттеушілік икемділіктің дамуына оқушылардың зерттеу мәдениетін қатыстыратын зерттеушілік принципі ықпал етеді. Бұл дегеніміз оқушылардың оқу процесінде өздері үйреніп жатқан ғылым түрлерін зерттеудің жаңа әдістерімен танысатындығын білдіреді. Зерттеудің ең қолжетімді әдіснамасын меңгерген оқушылар табиғат пен қоғамды зерттей отырып, өздігінен жаңа білімді игере алады.

Педагогика ғылымында бұған дейін оқу біліктері мен икемдерінің толық классификациясы жасалғандығын айта кеткен жөн. Ю. К. Бабанский оларды оқу іс-әрекетінің құрылымдық элементі принципі тұрғысынан жіктеген, соның ішінде оқу-ұйымдастырушылық, яғни, оқу-ақпараттық және оқу-интеллектуалдық түрлерін бөліп көрсеткен. Зерттеушілік икемділік осы үш топтаманың әрқайсысының құрылымдық бөлігі болып табылады. [2]

И. Зимняя құзыреттіліктің келесі негізгі түрлерін анықтайды: адамға тұлға ретінде, яғни, іс-әрекет жасаушы субъект ретінде қарауға қатысты құзыреттілік; адам мен қоғамның өзара қарым-қатынасына қатысты құзыреттілік; адамның жеке іс-әрекетіне қатысты құзыреттілік. [3]

Осылардың ішінде бізді оқу-танымдық құзыреттілік, яғни, А. В. Хуторский анықтап берген, оқушының өзіндік танымдық оқу әрекеті аясындағы танылуға тиісті объектілерге қатысты логикалық, әдіснамалық, жалпы білім алу элементтерін қамтитын құзыреттілік жиынтығы қызықтыруда. Бұған мақсат қоя білуді ұйымдастыру, соған байланысты жоспар жасай білу, сараптау, рефлексия, түйін шығару, оқу-танымдық іс-әрекетті бағалау білім мен біліктері кіреді. Бұл ғылыми әдіснамаларды меңгерген оқушы игеруі тиіс пәндерге қатысты креативті әрі нәтижелі жұмыс жасау біліктілігін яғни, шынайы ортадан мағлұмат ала білуді, сондай-ақ стандартты емес жағдайларда қалай әрекет ету және проблеманы шешудің болжау, яғни, эвристикалық әдістерін меңгереді. [4]

Құзыреттілік — адамның белгілі бір құзыретке ие екендігін көрсететін, оның сол нәрсеге немесе әрекетке деген тұлғалық, өзіндік қатынасын білдіретін оның бойында қалыптасқан қасиет болып табылады.

Құзыретті адам — ол белгілі бір салада өзіндік пікір білдіріп, сол салада тиімді әрекет ете білуге мүмкіндік беретін білім мен білікке ие тұлға.

И. И. Кузина білім беру мекемесіндегі зерттеушілік құзыреттілікті жеке түрде қарастырған. Оның пайымдауынша, зерттеушілік құзыреттілік маңызды ғылыми мәселелерді микро және макродеңгейде қалыптастыратын, әртүрлі тәсілдермен алынатын, білім берудің теориясы мен практикасының ілгерілеуі үшін маңызды қабілеттерді дамыту процесі болып табылады. [5]

Ал А.Савенков құзыреттілікті ішінара 4 даму деңгейінен құралған, өзіндік интеграцияланған моделі бар үрдіс ретінде қарастырады. Олар: білу және ұйымдастыру; білімді қолдану білігі мен бейімі; тұлғаның интеллектуалды-шығармашылық мүмкіндігі; позитивті көзқарасқа бағыттылығы, әлемге деген эмоционалды-адамгершіліктік қарым-қатынасы. [6]

Осылайша, құзыреттілік білім берудің нәтижесі ретінде белгілі құзыреттердің жиынтығын білдіреді. Зерттеушілік құзыреттілік тек зерттеушілікке қажетті құзыреттерді ғана емес, ақпараттық және коммуникациялық құзыреттерді де қамтуы керек.

Зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыру аспектісінде жалған ғылымдық білімдер мәселесі аса маңызды проблема болып отыр. Сол себепті қазіргі таңда оқушылардың бойында зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыру процесінде оның компоненті ретінде сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың маңызы зор.

Сыни тұрғыдан ойлау зерттеушілік құзыреттіліктің құрылымдық бөлігі. Сондықтан қазіргі замандағы жалған ғылыми мәліметтерге толы ақпарат нарығында ол өскелең ұрпақтың ақпараттық қорғаны қызметін атқарады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде зерттеушілік қабілеттің төмендегі құрылымдық компоненттерін бөліп көрсета аламыз. Олар: мотивациялық, ақпараттық, коммуникативтік, рефлексивтік және тұлғалық.

Зерттеушілік қабілеттер оқушылар бойында өз жұмысын өзі ұйымдастыра білу, өздігінен жұмыс жасай білу, өздігінен үйрену, реттеу, өз-өзін билеу және өз-өзін дамыту қабілеттерінің болуын нұсқайды.

Зерттеу тапсырмасын орындау нәтижесінде оқушының мәдени ой-өрісі кеңейіп, өзін-өзі тануы жүзеге асады. Оқушы өзі таңдаған пән алаңында зерттеу қызметін іске асырып, өз іс-әрекетінің нәтижесін талдау қажеттілігін түсінеді. Ал әрбір жеткен нәтижені қорытындылап-түйіндеу зерттеудің жаңа кезеңін тудырады, бұл жаңа ойлар мен шығармашылық жоспарлардың пайда болуына ықпал етеді. Міне, өзін-өзі танудың осы бір деңгейі оқушыға өзге ұжым мүшелері алдында бұрынғыға қарағанда функционалды, яғни, маңыздырақ «әріптес» рөліне енуіне мүмкіндік береді. Ал бұл өз алдына оқушының өз іс-әрекетін қорытындылап, қоршаған ортаға деген өзіндік қарым-қатынасының пайда болуына ықпал етеді.

Зерттеушілік тапсырмаларды сабақтың кез келген кезеңінде, сондай-ақ үй тапсырмасы ретінде де беруге болады. Мысалы, негізгі білімді қайта жандандыру кезеңінде ұқсастық және сәйкестіктерді табуға арналған, құрамдастырушылық әрекетке ықпал ететін тапсырмаларды қолдануға болады. Ал жаңа мәліметтерді үйрету кезінде проблемалық жағдаяттар ұсынылады, оқушы оны өздігінен шешуі тиіс, бұл үшін алгоритмдік блоктар және сызбалар қоса беріледі. Ал бекіту кезеңінде логикалық тапсырмалар, мұнда белсенді түрде нұсқаларды қарау, таңдау есептері, уақыт, кеңістік және функциялық қатынастарға қатысты есептер, сиқырлы шаршыларды, үшбұрыштарды шешу және лабиринттерден шығу, жиынтықтарды шешу, тұжырымдардың шынайылығын және жалаңдығын анықтау, таблицаларды толтыру, сызықтық және бағандық диаграммалармен жұмыс және т.б. тапсырмалар қолданылады.

Зерттеушілік іс-әрекеттің оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықты орнатудағы маңызы да өте зор. Бұл үшін мұғалім оқу материалдарын жіті таңдап, оның мазмұнын талдаудан өткізуі керек. Осының негізінде ол оқушының өздігінен жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, танымдық қызығушылығын арттыратын тапсырмаларды жасауға қажетті сұрақтарды анықтай алады.

Зерттеушілік қабілеттерді дамыту оқушыға төмендегі мүмкіндіктерді береді:

                    оқушы зерттеу әдістерін игереді, кейін осы әдістерді ол кез келген басқа пән материалдарын игеру кезінде де қолдана алады;

                    алынған білім мен біліктерді өзінің жеке мүддесі үшін қолдана алады, бұл оқушының әрі қарай өзін тануына, тұлға ретінде анықталуына мүмкіндік береді;

                    ғылым түрлеріне, мектеп пәндеріне және жалпы танымдық процеске деген қызығушылығын дамытады.

Оқу-зерттеу әрекеті оқушы бойында төмендегі білім мен біліктерді дамытады:

                    жаңа фактілер мен заңдылықтарды ешкімнің көмегінсіз, өздігінен түсіндіре және дәлелдей білуді;

                    бұрын зерттелген құбылыстар мен заңдылықтарды жіктеуді, салыстыру, талдау және жинақтауды білуді;

                    эксперименттер жасап, гипотезалар ұсына алады және оларды дәлелдей білуді үйренеді;

                    себеп-салдарлық байланыстар мен қатынастарды орната білуді;

                    фактіні, құбылыстар мен заңдылықтарды басқа қырынан, басқаша тұрғыдан қарастыра білуді;

                    зерттеудің ғылыми әдістерін (теориялық анализ және синтез, эксперимент жасау, модельдеу және т.б.) қолдануды;

                    шешімнің бірнеше нұсқасын ұсыну және ең қолайлысын таңдау, қорытындыны дәлелдеу;

                    өзінің және жолдастарының зерттеу жұмысын бағалау және рецензиялау.

Осылайша, құзыретті білім берудегі мұғалімнің басты міндеті деп оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қызметке белсенді қатысуын қамтамасыз ететін білім-біліктерін тудыруды, бастауыш сыныптан бастап, зерттеушілік қабілеттері мен икемдіктерін қалыптастыру және дамыту қызметтерін айта аламыз.

 

Әдебиеттер:

 

  1.                Толстой А.В. Болатын мәдениет: Identity Философия // мәселелері гримасы. — № 2 — 1997.
  2.                Бабанский Ю.К. Оқу ісін ұтымды ұйымдастыру. — М: Білім, 1981. — 216 б.
  3.                Зимнаяя И. Білім нәтижелерінің жаңа парадигмасы негізгі құзыреттер // Бүгінгі жоғары білім. — 2003. — № 5. 3-10 б.
  4.                Хуторской Л. В. Определение общепредметного содержания и ключевых компетенций как характеристика нового подхода к конструированию образовательных стандартов // Политика в образовании // URL://http://www.eidos.techno.ru/news/compet.htm, 2002.
  5.                Кузина Н. И. Развитие профессиональной компетентности педагога в условиях инновационной деятельности // Тенденции, проблемы и перепекшим образования в условиях модернизации; материалы межрегиональной научн.-оракт, конф. Тюмень қ. 30-31.05.2003. — Тюмень: ТОГИРРО, 2003. — 62 б.
  6.                Савенков А. Аспекты компетентности // Директор школы. — 2004.- № 6. 40-48 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, URL, оса, Тюмень.


Ключевые слова

рефлексия, іздеу-зерттеушілік қызмет, құзыреттілік тұрғыдан білім беру, қалыптастыру, зерттеушілік құзыреттілік, зерттеушілік іс-әрекет, жоспарлау, өз-өзіне баға беру, оқу-танымдық іс-әрекет

Похожие статьи

Управление транспортными потоками на улично-дорожной сети...

Существующая в Тюмени система АСУДД относится к системам первого и второго поколения, в которых осуществляется управление светофорными объектами, не учитывая реально существующую ситуацию на дорогах [7].

оса, мена.

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

В группе больных с АГ с СД 2-го типа также отмечается достоверно значимые изменения ТИМ ОСА по сравнению с данными здоровых лиц (р<0,01).

Задачи и характеристика организации деятельности...

Задачи и характеристика организации деятельности многофункционального центра (на примере г. Тюмень).

В г. Тюмень создано государственное автономное учреждение Тюменской области

Официальный портал органов государственной власти Тюменской области, URL...

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по сравнению с конкурентами.

Краткий обзор систем обнаружения утечек российских...

В настоящее время всё большее распространение получают автоматические системы обнаружения утечек (СОУ) из трубопроводов, позволяющие оперативно обнаружить факт утечки и установить место её образования.

оса, бола, мена.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

История кооперации в России | Статья в журнале «Молодой ученый»

В статье рассмотрена краткая история кооперации России. Ключевые слова: кооперация, кредитная кооперация, сельская кредитная кооперация. Как особая форма потребительской кооперации...

«No-till», а спасет ли он пашню Западной Сибири? | Молодой ученый

С. 38–40. Рзаева В. В. Системы основной обработки почвы в земледелии Северного Зауралья: дисс. д-ра с.-х. наук. Тюмень. 2014. 529 с. Рзаева В. В. Сорные растения в пшеничном агрофитоценозе при основной обработке почвы в Северном Зауралье /В. В...

Пантелеев Сергей Михайлович — Информация об авторе

Пантелеев Сергей Михайлович. доктор медицинских наук, профессор. Тюменский государственный медицинский университет. Тематические журналы

Похожие статьи

Управление транспортными потоками на улично-дорожной сети...

Существующая в Тюмени система АСУДД относится к системам первого и второго поколения, в которых осуществляется управление светофорными объектами, не учитывая реально существующую ситуацию на дорогах [7].

оса, мена.

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

В группе больных с АГ с СД 2-го типа также отмечается достоверно значимые изменения ТИМ ОСА по сравнению с данными здоровых лиц (р<0,01).

Задачи и характеристика организации деятельности...

Задачи и характеристика организации деятельности многофункционального центра (на примере г. Тюмень).

В г. Тюмень создано государственное автономное учреждение Тюменской области

Официальный портал органов государственной власти Тюменской области, URL...

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по сравнению с конкурентами.

Краткий обзор систем обнаружения утечек российских...

В настоящее время всё большее распространение получают автоматические системы обнаружения утечек (СОУ) из трубопроводов, позволяющие оперативно обнаружить факт утечки и установить место её образования.

оса, бола, мена.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

История кооперации в России | Статья в журнале «Молодой ученый»

В статье рассмотрена краткая история кооперации России. Ключевые слова: кооперация, кредитная кооперация, сельская кредитная кооперация. Как особая форма потребительской кооперации...

«No-till», а спасет ли он пашню Западной Сибири? | Молодой ученый

С. 38–40. Рзаева В. В. Системы основной обработки почвы в земледелии Северного Зауралья: дисс. д-ра с.-х. наук. Тюмень. 2014. 529 с. Рзаева В. В. Сорные растения в пшеничном агрофитоценозе при основной обработке почвы в Северном Зауралье /В. В...

Пантелеев Сергей Михайлович — Информация об авторе

Пантелеев Сергей Михайлович. доктор медицинских наук, профессор. Тюменский государственный медицинский университет. Тематические журналы

Задать вопрос